Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • od 8-тар., 71—86 бет.
  • Ізгі хабардың жариялаушылары

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Ізгі хабардың жариялаушылары
  • Ехобаның еркін орындау үшін ұйымдасқанбыз
  • Тақырыпшалар
  • Ұқсас мәлімет
  • ЖАҢА ЖАРИЯЛАУШЫЛАР
  • ТАЛАПТАРҒА САЙ КЕЛУ
  • БАЛАЛАРҒА ЖӘРДЕМ БЕРУ
  • БАҒЫШТАЛУ МЕН ШОМЫЛДЫРУ РӘСІМІ
  • ҚЫЗМЕТТЕГІ ЖЕТІСТІКТЕР ЖАЙЛЫ ЕСЕП
  • УАҒЫЗДАУ ҚЫЗМЕТІ ЖӨНІНДЕГІ ЖЕКЕ ЕСЕПТЕР
  • “ЖАРИЯЛАУШЫНЫҢ ЕСЕП КАРТОЧКАСЫ”
  • УАҒЫЗДАУ ҚЫЗМЕТІ ЖӨНІНДЕ НЕГЕ ЕСЕП ТАПСЫРАМЫЗ?
  • АЛҒА ҚОЯР ЖЕКЕ МАҚСАТТАР
  • Сауалдар жәшігі
    Біздің қасиетті қызметіміз. 2013
  • Жақсылық жасауға ынталы болыңдар!
    Біздің патшалық қызметіміз. 2003
  • Киелі кітап зерттеп жүрген адамдарға жариялаушы болуға көмектес
    Біздің патшалық қызметіміз. 2008
  • Қосымша
    Ехобаның еркін орындау үшін ұйымдасқанбыз
Көбірек мәлімет
Ехобаның еркін орындау үшін ұйымдасқанбыз
od 8-тар., 71—86 бет.

8-ТАРАУ

Ізгі хабардың жариялаушылары

ЕХОБА бізге өзінің ұлы Иса Мәсіхті кемелді үлгі етіп берген (Пет. 1-х. 2:21). Исаның ізбасары болған кез келген адам Құдайдың қызметшісі ретінде ізгі хабарды жариялайды. Мұның сергітерлік іс екені жайлы Иса былай деген: “Бейнет шеккендер мен еңселерін ауыр жүк басқандар, барлығың да маған келіңдер, мен жандарыңды сергітемін. Мойынтұрығымды алып, менен үйреніңдер, өйткені мен жұмсақ әрі кішіпейілмін. Сонда жандарың сергиді” (Мат. 11:28, 29). Бұл шақыруға құлақ асқан әркім Исаның уәдесінің растығына көз жеткізіп жатыр.

2 Бас қызметші ретінде Иса кейбір адамдарды өзінің ізбасары болуға шақырған (Мат. 9:9; Жох. 1:43). Оларға уағыздауды үйретіп, өзі істеп жүрген істі атқаруға жіберген (Мат. 10:1—11:1; 20:28; Лұқа 4:43). Кейін Иса басқа да 70 шәкіртіне Құдай Патшалығы жайлы ізгі хабарды жариялауды тапсырған (Лұқа 10:1, 8—11). Сол шәкірттерін уағызға жіберіп жатып: “Кімде-кім сендерді тыңдаса, мені де тыңдағаны. Кім сендерді тыңдаудан бас тартса, оның мені де тыңдаудан бас тартқаны. Ал кім менен бас тартса, оның мені жібергеннен де бас тартқаны”,— деді (Лұқа 10:16). Осы сөздерімен Иса шәкірттеріне өте маңызды іс жүктелгенін көрсетті. Олар Исаның және Құдай Тағаланың өкілі болмақ еді! Қазіргі таңда да “менің ізбасарым бол” деген шақыруды қабыл алған әркім осындай мәртебеге ие (Лұқа 18:22; Қор. 2-х. 2:17). Құдай мұндай адамдарға Патшалық жайлы ізгі хабарды уағыздау мен шәкірт дайындауды тапсырған (Мат. 24:14; 28:19, 20).

3 Исаның шақыруын қабыл алып, соңынан ергеніміздің арқасында біз Ехобаны және Иса Мәсіхті танып-білдік (Жох. 17:3). Ехобаның жолдарын білдік. Құдайдың көмегімен ой-санамызды жаңарттық, жаңа болмысқа ие болып, өмір салтымызды оның әділ талаптарына сай өзгерттік (Рим. 12:1, 2; Ефес. 4:22—24; Қол. 3:9, 10). Жүрекжарды ризашылығымыз өмірімізді оған бағыштап, оның белгісі ретінде шомылдыру рәсімінен өтуге талпындырды. Шомылдыру рәсімінен өткен соң, біз Құдай қызметшілерінің қатарына қосылдық.

4 Еш жамандық жасамайтын және жүрегі таза адамдар ғана Ехобаға қызмет ете алатынын әрқашан есте ұстаңыз (Зәб. 24:3, 4; Ишая 52:11; Қор. 2-х. 6:14—7:1). Біз Иса Мәсіхке сеніп, таза ар-ожданға ие болдық (Евр. 10:19—23, 35, 36; Аян 7:9, 10, 14). Елші Пауыл “не істесек те, бәрін Құдайды дәріптеу үшін істеп”, ешкімді сүріндірмеу керектігін айтқан. Ал елші Петір сенбейтіндерді шындыққа әкелу үшін үлгілі жүріс-тұрыстың өте маңызды екенін көрсеткен (Қор. 1-х. 10:31, 33; Пет. 1-х. 3:1). Сіз әлдекімге ізгі хабардың жариялаушысы болуға қалай көмектесе аласыз?

ЖАҢА ЖАРИЯЛАУШЫЛАР

5 Адам Киелі кітапты зерттеу сабағын бастағаннан-ақ, оны оқып-білгені жайлы өзгелермен бөлісуге талпындырыңыз. Мысалы, ол туған-туыстарына, достарына, әріптестері мен басқа да адамдарға бейресми куәлік бере алады. Бұл — зерттеушілерді Иса Мәсіхтің ізбасары болып, қуанышты хабарды жариялауды үйретуде маңызды қадам (Мат. 9:9; Лұқа 6:40). Зерттеуші рухани өсіп, бейресми куәлік етуді үйренсе, бір күні уағызға шығуға ықылас білдірері сөзсіз.

ТАЛАПТАРҒА САЙ КЕЛУ

6 Зерттеушіні алғаш рет үйме-үй жүріп уағыздауға шақырмас бұрын, оның белгілі бір талаптарға сай келетініне сенімді болуыңыз керек. Бізбен бірге қызметке шыққан адам көпшілікке өзін Ехоба куәгерімін деп көрсетеді. Сондықтан оның өмір салтынан Ехобаның әділ талаптарына сай екені және шомылдыру рәсімінен өтпеген жариялаушы бола алатыны анық көрініп тұру керек.

7 Зерттеу сабағын өтіп, Киелі кітап принциптерін талқылап жүргендіктен, зерттеушінің жағдайы сізге жақсы таныс шығар. Алған білімін өмірінде қолданып жүргенін де байқаған боларсыз. Бірақ оның өмірінің кейбір тұстары жайлы ақсақалдар екеуіңізбен бірге талқылағанды жөн көреді.

8 Бұл талқылауды өткізу үшін ақсақалдар кеңесінің үйлестірушісі екі ақсақалдың (олардың біреуі қызмет комитетінің мүшесі) сізбен және зерттеушіңізбен кездесуін ұйымдастырады. Ақсақалдар өте аз қауымдарда бұл талқылауды ақсақал мен қабілетті қызмет көмекшісі жүргізсе болады. Таңдалған бауырластар мұны кейінге қалдырмай істеу керек. Егер олар зерттеушінің ықыласы жайлы қауым кездесуінде білсе, мүмкіндігінше қауым кездесуінен кейін сізбен және зерттеушіңізбен бірге сөйлеседі. Талқылау кезінде әркім өзін еркін ұстағаны жақсы. Зерттеуші шомылдыру рәсімінен өтпеген жариялаушы болып мақұлданбас бұрын, келесі жайттар анықталуы тиіс:

  1. 1) Ол Киелі кітаптың рухтың жетелеуімен жазылған Құдай Сөзі екеніне сенеді (Тім. 2-х. 3:16).

  2. 2) Ол Киелі кітаптың негізгі ілімдерін біледі, әрі оларға сенеді. Сұрақтар қойғанда, ол жеке ойына не жалған діннің ілімдеріне емес, Киелі кітапқа сай жауап береді (Мат. 7:21—23; Тім. 2-х. 2:15).

  3. 3) Ол жағдайы келсе, қауым кездесулеріне барып, Құдай халқымен араласу жайлы Киелі кітаптағы өсиетке құлақ асады (Зәб. 122:1; Евр. 10:24, 25).

  4. 4) Ол неке адалдығын бұзу, полигамия мен гомосексуализм сияқты жыныстық өнегесіздікке қатысты Киелі кітаптың көзқарасын біледі, әрі соған сай өмір сүреді. Егер зерттеуші туысы емес қарсы жынысты адаммен бірге тұрып жатса, олар заңды некеге тұру қажет (Мат. 19:9; Қор. 1-х. 6:9, 10; Тім. 1-х. 3:2, 12; Евр. 13:4).

  5. 5) Ол Киелі кітапта тыйым салынатын маскүнемдіктен аулақ және тәуелділік тудыратын әрі ой-санаға әсер ететін кез келген табиғи не синтетикалық заттарды медициналық мақсаттан тыс қолданбайды (Қор. 2-х. 7:1; Ефес. 5:18; Пет. 1-х. 4:3, 4).

  6. 6) Ол жаман ортадан аулақ болудың маңыздылығын түсінеді (Қор. 1-х. 15:33).

  7. 7) Ол бір кездері мүшесі болған барлық жалған дін ұйымдарымен байланысын біржолата үзген. Олардың діни қызметтеріне бармайды және іс-шараларын қолдамайды да, қатыспайды да (Қор. 2-х. 6:14—18; Аян 18:4).

  8. 8) Ол ешқандай саяси істерге араласпайды (Жох. 6:15; 15:19; Жақ. 1:27).

  9. 9) Ол Ишая 2:4-тегі сөздерге сенеді, әрі соған сай, ұлтаралық қақтығыстарда бейтараптық сақтайды.

  10. 10) Ол шынымен Ехоба куәгері болғысы келеді (Зәб. 110:3).

9 Егер ақсақалдар зерттеушінің жоғарыдағы жайттардың біріне қатысты түсінігіне күмәнданса, олар келтірілген жазба орындарының көмегімен қосымша сұрақтар қоюы тиіс. Зерттеушінің мынаны жете түсінгені маңызды: Ехоба куәгерлерімен бірге уағыздағысы келетін адам Жазбалардағы талаптарға сай өмір кешу керек. Ақсақалдар зерттеушінің жауаптарына қарап, ол өзінен не талап етілетінін түсіне ме және уағыз ісіне қатысуға ақылға қонымды деңгейде лайықты ма — соны анықтайды.

10 Ақсақалдар зерттеушіні талаптарға сай келетінін я келмейтінін көп күттірмей хабардар етулері тиіс. Бұл көбінесе талқылаудың соңында айтылады. Егер талаптарға сай келсе, ақсақалдар оны жылы лебізбен жариялаушы ретінде қабылдайды (Рим. 15:7). Оны мүмкіндігінше тез арада уағызға шығуға әрі айдың соңында уағыздау қызметі жөнінде есеп тапсыруға талпындыру қажет. Ақсақалдар оған мына жайтты түсіндіреді: қандай да бір зерттеуші шомылдыру рәсімінен өтпеген жариялаушы болып, алғаш рет қызметі жөніндегі есебін тапсырғанда, оның атына “Жариялаушының есеп карточкасы” ашылып, қауым құжаттарының арасында сақталады. Ақсақалдардың жариялаушыдан мұндай дербес деректерді жинауының себебі бар, осылай ұйымымыз дүниежүзі бойынша Ехоба куәгерлерінің діни іс-шараларын жүргізе алады және жариялаушы рухани іс-шараларға қатысып, рухани көмек ала алады. Бұған қоса, ақсақалдар жаңа жариялаушыларға келесі жайтты ескертеді: дербес деректердің бәрі Ехоба куәгерлерінің дүниежүзілік деректерді қорғау саясатына сай өңделеді, бұны jw.org сайтынан табуға болады.

11 Жаңа жариялаушымен жақынырақ танысып, оның жасап жатқан жетістігіне жеке қызығушылық танытсақ, бұл оған жақсы жағынан әсер етуі мүмкін. Сонда ол жүйелі түрде есеп тапсыруға әрі Ехобаға көбірек қызмет етуге талпынады (Філіп. 2:4; Евр. 13:2).

12 Егер ақсақалдар зерттеушіні уағыздауға лайықты деп шешсе, оған “Ехобаның еркін орындау үшін ұйымдасқанбыз” кітабының бір данасын береді. Уағыздау қызметі жөніндегі алғаш есебін тапсырған соң, оның шомылдыру рәсімінен өтпеген жариялаушы болғанын қауымда қысқаша хабарлайды.

БАЛАЛАРҒА ЖӘРДЕМ БЕРУ

13 Балалар да ізгі хабардың жариялаушысы бола алады. Иса балаларды қуана қарсы алып, батасын берген (Мат. 19:13—15; 21:15, 16). Оларға негізінен ата-анасы жауапты болғанмен, Патшалықты уағыздау ісіне шын жүректен қатысқысы келетін балаларға қауымдағы басқа да бауырластар көмектесе алады. Егер балаларыңыз болса, сіздің уағыз ісіндегі үлгіңіз оларды қызметте құлшынысты болуға талпындырады. Жүріс-тұрысы үлгілі бала өзінің нанымы жайлы шын жүректен өзгелерге айтқысы келсе, не істеу керек?

14 Мұндай кезде бала жариялаушы болуға лайық па, жоқ па — соны анықтау үшін ата-ананың бірі қауымның қызмет комитетіндегі бір ақсақалға жолыққаны орынды болады. Ақсақалдар кеңесінің үйлестірушісі екі ақсақалдың (олардың біреуі қызмет комитетінің мүшесі) сол баламен және оның сенуші ата-анасымен (немесе біреуімен) не қорғаншысымен (қамқоршысымен) кездесуін қамдайды. Егер баланың Киелі кітаптағы шындық жайлы негізгі білімі болса және уағыздауға деген ықыласы анық көрініп тұрса, бұл — жақсы өсімнің нышаны. Осы жайттарды және үлкендерге қатысты басқа талаптарды баламен қарастырған соң, екі ақсақал бала шомылдыру рәсімінен өтпеген жариялаушы бола ала ма, жоқ па — соны анықтай алады (Лұқа 6:45; Рим. 10:10). Жас баламен сөйлескенде, әдетте үлкендермен талқылайтын кейбір мәселелерді немесе балаларға мүлдем қатысы жоқ жайттарды талқылау қажет емес.

15 Талқылау барысында ақсақалдар баланы рухани жетістіктері үшін мақтап, шомылдыру рәсімінен өтуді мақсат етуге талпындыруы тиіс. Шындықты балаларының жүрегіне ұялату үшін аянбай тер төгіп жүрген ата-аналар да мақтауға тұрарлық. Балаларына әрі қарай да көмектесулері үшін, ақсақалдар ата-анаға 179—181 беттердегі “Мәсіхші ата-аналардың назарына” деп аталатын мәліметті көрсету керек.

БАҒЫШТАЛУ МЕН ШОМЫЛДЫРУ РӘСІМІ

16 Егер сіз Ехоба жайлы білім алып, оны жақсы көрсеңіз, Киелі кітаптағы талаптарға сай келсеңіз әрі уағыздау қызметіне қатысып жүрсеңіз, онда онымен жеке қарым-қатынасыңызды бекемдей түсуіңіз керек. Мұны қалай істей аласыз? Өміріңізді Ехобаға бағыштап, мұның белгісі ретінде шомылдыру рәсімінен өтіңіз (Мат. 28:19, 20).

17 Бағыштау деген қандай да бір қасиетті қызмет үшін әлденені не әлдекімді бөліп алуды білдіреді. Құдайға бағышталу дегеніміз — адамның дұғада өз өмірін Құдайға қызмет етуге әрі оның жолдарымен жүруге арнайтынын берік уәде етуі. Бұл дегеніміз мәңгілікке Ехобаға қалтқысыз берілгендік танытуды білдіреді (Мұс. 5-ж. 5:9). Бағышталу — жеке бастың мәселесі, әрі ол оңашада істелінеді. Мұны сіз үшін ешкім істей алмайды.

18 Бірақ Ехобаға оңашада бағышталып қойғаныңыз жеткіліксіз. Сіздің Құдайға бағышталғаныңызды өзгелер де білу қажет. Бұны Иса сияқты суда шомылдыру рәсімінен өту арқылы паш ете аласыз (Пет. 1-х. 2:21; 3:21). Егер сіз Ехобаға қызмет етемін деген шешімге келіп, шомылдыру рәсімінен өткіңіз келсе, не істеуіңіз керек? Ықыласыңыз жайлы ақсақалдар кеңесінің үйлестірушісіне айтыңыз. Құдайдың шомылдыру рәсімінен өткісі келетіндерге қоятын талаптарына сай келесіз бе, жоқ па — соған көз жеткізу үшін ақсақалдар кеңесінің үйлестірушісі бірнеше ақсақалдың сізбен сөйлесуін қамдайды. Бұл жайлы көбірек мәліметті осы басылымның 182—184 беттеріндегі “Шомылдыру рәсімінен өтпеген жариялаушының назарына” және 185—207 беттеріндегі “Шомылдыру рәсімінен өткісі келетіндерге арналған сұрақтар” деген қосымшадан таба аласыз.

ҚЫЗМЕТТЕГІ ЖЕТІСТІКТЕР ЖАЙЛЫ ЕСЕП

19 Таза ғибадаттың дүниежүзі бойынша өркендеп жатқаны жайлы есептер жылдар бойы Ехобаның халқы үшін жігердің қайнары болып келеді. Иса Мәсіх шәкірттеріне ізгі хабардың бүкіл жер бетіне уағыздалатынын айтқаннан бері, бұл істің қалай жүзеге асатыны шынайы мәсіхшілерді қатты қызықтырып келген (Мат. 28:19, 20; Мар. 13:10; Ел. іс. 1:8).

20 Исаның алғашқы ізбасарлары уағыз ісіндегі жетістіктер туралы есептерді естіп қуанған (Мар. 6:30). Елшілердің істері кітабында б. з. 33 жылы Елуінші күн мейрамында шәкірттерге киелі рух төгілгенде, онда 120 адамның болғаны мәлімденген. Содан көп ұзамай шәкірттердің саны алдымен 3000-ға, сосын 5000-ға өсті. Сондай-ақ “Ехоба құтқарылатындардың санын күннен-күнге көбейтіп, шәкірттердің қатарына қосып отырғаны” және “көптеген діни қызметкерлер де сене бастағаны” жөнінде есеп берілген (Ел. іс. 1:15; 2:5—11, 41, 47; 4:4; 6:7). Өсім жайлы жаңалықтар шәкірттерге күш-жігер бергені сөзсіз! Осындай керемет есептердің арқасында олар Құдай тапсырған істі яһуди дінбасыларының қатты қудалағанына қарамастан әрі қарай да атқара алды.

21 Шамамен б. з. 60—61 жылдары Пауыл қолостықтарға жазған хатында ізгі хабардың “бүкіл дүниеде қалай жеміс беріп, қалай таралып жатқанын” және “барлық жерде уағыздалғанын” мәлімдеген (Қол. 1:5, 6, 23). Ертедегі мәсіхшілер Құдайдың сөзіне мойынсұнған, киелі рух та оларға ауқымды уағыз ісін б. з. 70 жылы яһуди жүйесі жойылғанға дейін атқаруға күш дарытқан. Атқарылған іс жайлы есептерді естіп, сол адал мәсіхшілер қатты жігерленсе керек!

Осы дүниенің соңы келгенше, уағыз ісінің түбегейлі атқарылуы сізді қызықтыра ма?

22 Тап осылай Ехобаның бүгіндегі ұйымы Матай 24:14-тегі істің қалай жүзеге асып жатқаны жөнінде есеп жүргізеді. Ол тармақта: “Патшалық жайлы осы ізгі хабар барлық халықтар есту үшін бүкіл жер бетінде уағыздалады. Содан кейін осы заманның соңы келеді”,— делінген. Бізде, Құдайдың бағышталған қызметшілерінде, атқаратын шұғыл іс бар. Осы дүниенің соңы келгенше, уағыз ісінің түбегейлі атқарылуы әрбірімізді қызықтыру керек. Ехоба бұл істің толықтай бітуіне қам жасайды. Бұған өз үлесімізді қосып жүрсек, ол бізге сүйсіне қарап, ықыласын төгеді (Езек. 3:18—21).

УАҒЫЗДАУ ҚЫЗМЕТІ ЖӨНІНДЕГІ ЖЕКЕ ЕСЕПТЕР

23 Нақты не жөнінде есеп береміз? Ұйымымыздың “Уағыздау қызметі жөніндегі есеп” қағазында не жазатынымыз көрсетілген. Дегенмен келесі мағлұмат пайдалы болар.

24 “Әдебиеттер (Баспа және электронды)” деген тізбекте сіздің шомылдыру рәсімінен өтпеген адамдарға берген басылымдарыңыздың (баспа жүзінде не электронды болсын) жалпы саны жазылады. “Көрсетілген бейнероликтердің” тұсына ұйымымыз шығарған бейнероликтерді қанша рет көрсеткеніңіздің саны жазылады.

25 “Қайта барулар” деген жерге бағышталмаған, шомылдыру рәсімінен өтпеген адамдардың қызығушылығын арттыру мақсатымен оларға қанша рет барғаныңыздың жалпы санын жазасыз. Қайта барудың жолдары келесідей болуы мүмкін: адамға жеке жолығу, хат жазу, телефон соғу, хабарлама не электронды хат жіберу, әдебиет тастап кету. Сондай-ақ әрбір өткізілген Киелі кітапты зерттеу сабағын бір қайта бару деп есептеуге болады. Шомылдыру рәсімінен өтпеген баласымен аптасына бір рет отбасылық ғибадат кешін өткізгенде, ата-ананың бірі мұны бір қайта бару деп есептей алады.

26 Киелі кітапты зерттеу сабағы әдетте апта сайын өткізілгенмен, ай сайынғы есепке тек бір зерттеу сабағы деп жазылады. Жариялаушылар ай бойы қанша адаммен зерттеу сабағын жүргізсе, соның жалпы санын жазу керек. Киелі кітапты зерттеу сабағына бағышталмаған, шомылдыру рәсімінен өтпеген адамдармен зерттеу жүргізу кіреді. Қауымның қызмет комитетінің бір мүшесі сізге уағыздамай жүрген бауырласпен зерттеу жүргізуді тапсырса, я болмаса шомылдыру рәсімінен жаңадан өткен, бірақ “Мәңгі бақи өмірдің рақатын көріңіз!” атты кітапты аяқтамаған адамдармен зерттеу жүргізсеңіз, бұл да зерттеу сабағы болып есептеледі.

27 “Сағаттар” деген жерде көрсетілетін санның тура болғаны маңызды. Бұл жерге, негізінен, үйме-үй уағызға, қайта баруларға, зерттеу сабақтарына, я болмаса шомылдыру рәсімінен өтпеген адамдарға ресми не бейресми куәлік беруге жұмсалған уақыт кіреді. Бірге уағыздаған екі жариялаушының екеуі де қызметке жұмсаған уақытты жаза алады, бірақ біреуі ғана қайта баруды не жүргізілген зерттеу сабағын есепке жазады. Отбасылық ғибадат кешінде балаларына тәлім-тәрбие берген ата-ананың екеуі де аптасына бір-бір сағаттан жазса болады. Көпшілікке арналған баяндамамен шыққан ер бауырластар сол уақытты есебіне енгізе алады. Көпшілікке арналған баяндаманы тәржімелеген бауырлас та баяндаманың уақытын есебіне қоса алады. Ал уағыз ісіне дайындалу, уағыздауға арналған кездесуге қатысу, уағыздау кезінде жол-жөнекей жеке шаруамен айналысу сияқты маңызды істерге жұмсалған уақыт есептелмейді.

28 Әр жариялаушы куәлік берген уақытын Киелі кітап бойынша тәрбиеленген ар-ұжданына сүйене отырып анықтау керек. Кейбір жариялаушылар тұрғыны өте көп аймақтарда уағыздаса, басқалары тұрғындар аз жерде уағыздайды және мұндай жерлерде жол жүруге көп уақыт жұмсалады. Уағыз аумақтары әртүрлі болғандықтан, қызметке жұмсалған уақытқа қатысты жариялаушылардың көзқарастары да әртүрлі. Басқарушы кеңес қызметке жұмсалған уақытты қалай есептеу керектігіне қатысты өз ар-ұжданына сүйеніп ережелер орнатпайды, я болмаса ешкімді бұл мәселеде қадағалаушы етіп тағайындамайды (Мат. 6:1; 7:1; Тім. 1-х. 1:5).

29 Уағыз қызметіне жұмсалған уақыт минутпен емес, тек сағатпен тапсырылу керек. Бірақ қарттықтың, төсек тартып жатып қалудың салдарынан не басқалай жолмен мүмкіндігі шектеулі бауырластар қызметін минуттармен есептей алады. Мұндай жариялаушылар 15 минуттық аралықпен, яғни 15 минут, 30 минут, 45 минут деп есеп тапсыра алады. Егер ол бір ай ішінде тек 15 минут қана уағыздаса, сол уақытты есепке жазып тапсыруы тиіс. Ол Патшалықтың жүйелі уағыздайтын жариялаушысы болып есептеле береді. Бұл шара мүмкіндігі уақытша шектеулі болып қалған жариялаушыларға да қатысты, мысалы, бір ай бойы аурудың я жарақаттың салдарынан қозғала алмай қалған жариялаушыларға. Бұл — қызметке өте шектеулі уақыт жұмсай алатын жариялаушыларға ғана арналған шара. Бұл топқа жариялаушылардың қайсысын жатқызуға болатынын қызмет комитеті анықтайды.

“ЖАРИЯЛАУШЫНЫҢ ЕСЕП КАРТОЧКАСЫ”

30 Сіздің ай сайынғы қызмет жөніндегі есебіңіз “Жариялаушының есеп карточкасына” енгізіледі. Бұл карточкалар жергілікті қауымның иелігінде болады. Егер сіз басқа қауымға өткелі жатсаңыз, ақсақалдарды хабардар етіңіз. Хатшы сіздің карточкаңызды жаңа қауымыңызға жіберуді қамдайды. Сонда ақсақалдар сізді танып, қуанышпен қарсы ала алады және рухани көмек көрсетеді. Егер 3 айдан аз уақыт аралығында қауымыңыздан алыста жүрсеңіз, қызмет жөніндегі есепті өз қауымыңызға жібере беріңіз.

УАҒЫЗДАУ ҚЫЗМЕТІ ЖӨНІНДЕ НЕГЕ ЕСЕП ТАПСЫРАМЫЗ?

31 Кейде қызмет жөнінде есеп тапсыруды ұмытып жатасыз ба? Әрине, бәріміз ара-тұра еске салуды қажет етеміз. Бірақ есеп тапсыруға қатысты дұрыс көзқараста болсақ және мұның не себепті маңызды екенін түсінсек, қызмет жөнінде есеп тапсыру есімізде жүреді.

32 Осы орайда кейбіреулер: “Ехоба менің қызметімді онсызда жақсы біледі ғой, қауымға есеп тапсырудың не қажеті бар?”— деп сұрап жатады. Рас, Ехоба біздің не істеп жатқанымызды біледі, әрі қызметімізді жан-тәнімізбен атқарамыз ба, жоқ әлде жеңіл-желпі атқарамыз ба — соны да көреді. Дегенмен Ехоба Нұхтың кеменің ішінде неше күн болғанын және исраилдіктердің шөл даланы неше жыл кезгенін жаздырған. Құдай адал болып қалғандардың да, тілазар болғандардың да есебін жүргізген. Ол Қанахан жерінің жаулап алынуы жайында және Исраилдегі адал билердің атқарған істері туралы жаздырды. Иә, Ехоба өз қызметшілерінің істерін бүге-шігесіне дейін жаздырғанына көптеген мысалдар бар. Ехоба болған оқиғаларды рухтың жетелеуімен жаздырып, жазбалардың туралықпен жүргізілуіне қатысты көзқарасын анық көрсетті.

33 Киелі кітаптағы тарихи оқиғалардан Ехобаның халқы жазбалар мен есептерді дәлме-дәл жүргізгені көрінеді. Киелі кітаптағы көптеген оқиғаларды нақты сандарсыз толық түсіну қиынға соғар еді. Мына мысалдарды қарастырып көріңіз: Мұсаның 1-жазбасы 46:27; Мұсаның 2-жазбасы 12:37; Билер 7:7; Патшалар 2-жазба 19:35; Шежірелер 2-жазба 14:9—13; Жохан 6:10; 21:11; Елшілердің істері 2:41; 19:19.

34 Есепке Ехобаға деген ғибадатымызда атқаратын барлық істерді жазбасақ та, олар Ехобаның ұйымында игі мақсатта қолданылып жатады. I ғасырда елшілер уағыз науқанынан оралғанда, “өздерінің жасаған істері мен берген тәлімдері туралы” Исаға түгел айтып берді (Мар. 6:30). Есебіміз кейде қызметіміздің белгілі бір саласына көңіл бөлу керектігін аян етуі мүмкін. Жалпы есептердің қорытындысы қызметтің қай салаларында жетістіктер болғанын, ал қай салаларында өсімнің азайғанын, мысалы жариялаушылардың саны төмендегенін, көрсетуі мүмкін. Бәлкім, жариялаушылар жігерге зәру болар, я болмаса шешілуі қажет қиындықтар бар шығар. Жауапты бақылаушылар есептерге қарап, бір жариялаушының не бүкіл қауымның өсімін тежеп отырған қиындықтарды шешуге тырысады.

35 Есептерге қарап ұйымымыз қай жерлерге көбірек уағыздаушылар керек екенін де анықтай алады. Танаптың қай аумақтары анағұрлым жемісті? Қай жақта өсім аздау? Адамдарға шындықты білуге көмектесу үшін қандай басылымдар қажет? Ұйымымыз есептердің арқасында дүниежүзінің түкпір-түкпіріндегі уағыз ісіне қандай әдебиеттер қажет екенін көріп, сол қажеттілікті қанағаттандырудың қамын жасайды.

36 Мұндай есептер — жігердің көзі. Дүниежүзі бойынша ізгі хабарды уағыздауда бауырластарымыздың атқарып жатқан еңбегі жайлы білгенде, бойымызды қуаныш кернемей ме? Өсім жайлы есептердің көмегімен Ехобаның ұйымының қаншалықты ауқымды екенін түсінеміз. Қызметтегі оқиғалар жанымызға жылу беріп, құлшынысымызды арттырады, нәтижесінде уағыз ісін жақсырақ атқаруға талпынамыз (Ел. іс. 15:3). Уағыздау қызметі жөніндегі есеп тапсыруды ұмытпағанымыз өте маңызды, әрі бұл — барша бауырластарды ойлайтынымыздың белгісі. Осылай кішкене істе де Ехобаның ұйымының тәртібіне бағынатынымызды көрсетеміз (Лұқа 16:10; Евр. 13:17).

АЛҒА ҚОЯР ЖЕКЕ МАҚСАТТАР

37 Өзіміздің қызметімізді басқа бауырластың қызметімен салыстыруға ешқандай себеп жоқ (Ғал. 5:26; 6:4). Әркімнің жағдайы әртүрлі. Дегенмен қолжетімді мақсаттарға ұмтылғанымыз маңызды, сонда қызметте қаншалықты алға басқанымызды көре аламыз. Мұндай мақсаттарға қол жеткізгенде, атқарған еңбектен келетін қанағатты сезінеміз.

38 Ехоба “зор алапатта” қорғап қалатын адамдарды жинау ісін қарқындатып жатыр. Біз Ишаяның келесі пайғамбарлығы орындалып жатқан уақытта өмір сүрудеміз: “Азғантай адамнан мың адам, Кішкентай халықтан мықты халық шығады. Мен, Ехоба, өз уақытында мұны тездетемін” (Аян 7:9, 14; Ишая 60:22). Расында да, осындай елеулі уақытта ізгі хабардың жариялаушысы болу неткен мәртебе! (Мат. 24:14).

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу