Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • g20 № 3 8—9 бет.
  • Өзгеге сүйсіне біліңіз

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Өзгеге сүйсіне біліңіз
  • Ояныңдар! 2020
  • Тақырыпшалар
  • Ұқсас мәлімет
  • Шындық
  • Киелі кітап қағидасы
  • Ойда болсын
  • Алалау дертінен аман-саусыз ба?
    Ояныңдар! 2020
  • Алалаушылық болмайтын заман келе ме?
    2013 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
  • Ехоба мен Исаның бірлікте екеніндей, барлығымыз да бірлікте болайық
    Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (зерттеуге арналған). 2018
  • Алалаушылық — дүниежүзілік проблема
    2013 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
Көбірек мәлімет
Ояныңдар! 2020
g20 № 3 8—9 бет.
Коллаж: 1. Ерлі-зайыпты жолдарын кесіп өткен соқыр әйелге ашулы. 2. Кейін концертте осы ерлі-зайыпты сол зағип әйелдің виолончельде қалай ойнайтынын көріп таңғалуда.

Өзгеге сүйсіне біліңіз

Шындық

Адам өзін ғана ойласа, өзгелерді оп-оңай алалай бастайды. Өзімшіл адам өзін басқалардан артық санайды, оған қандай да бір жағынан ұқсамайтын адамдарға менсінбей қарайды. Кез келгеніміз өзімшіл болып кетуіміз мүмкін. Бұл жайында “Британ энциклопедиясы” былай дейді: “Барлық дерлік топтың (мәдениеттің) адамдары өз салт-дәстүрін, ұлттық тағамдары мен киімдерін, әдет-ғұрыптары мен наным-сенімдерін, құндылықтары мен тағы басқа нәрселерін бәрінікінен артық деп санайды”. Мұндай көзқарастан қалай аулақ бола аламыз?

Киелі кітап қағидасы

“Кішіпейілділікпен басқаларды өздеріңнен жоғары қойыңдар”(ФІЛІПІЛІКТЕРГЕ 2:3).

Қағиданың мәні. Менмендіктен қашық болу үшін, оған қарама-қайшы қасиетке асық болуымыз қажет. Бұл — кішіпейілділік. Кішіпейіл болсақ, өзгелердің бізден мықты тұстарын мойындап, оған сүйсіне білеміз. Шындығына келгенде, жақсы қасиет-қабілеттердің бәрі тек бір ғана ұлттың бойында бола алмайды.

Коммунистік елдердің бірінде туып-өскен Штефан деген кісінің оқиғасына көңіл бұрайық. Ол коммунистік елге жатпайтын елдің адамдарын алалайтын болған. Штефан алалаушылықтан қалай құтылғанын былай деп айтып берді: “Бәрін біліп туған ешкім жоқ. Сондықтан бәріміз бір-бірімізден үйрене аламыз. Бұл үшін өзгенің сенен мықты жақтарын мойындай білген жөн”.

Ойда болсын

Өзіңізге шын баға беріңіз, өзіңіз де қателесетініңізді ұмытпаңыз. Кейбір әлсіз жерлеріңізде басқалар әлді екенін мойындаңыз. Біреудің қателігін көріп қалып, “бұлардың бәрі сондай!” деп тұжырымдауға асықпаңыз.

Біреулер жайында бірден жаман ойламауға мына сұрақтар көмектеседі:

Сіздің кейбір әлсіз жерлеріңізде басқалар әлді екенін мойындаңыз

  • Оның маған ұнамайтын бір мінезі шынымен жаман ба, әлде жай ғана өзгеше ме?

  • Табам десе, ол да менің бойымнан мін таба ала ма?

  • Ол қай жағынан менен мықтырақ?

Осы сұрақтарға шын жауап беріңіз. Сонда алалаудан арыласыз және сол адамның көркем мінезін де көре аласыз.

Өмірден: Нелсон (АҚШ)

“Мен өз ұлтымнан шыққан адамдардың арасында туып өстім. Ал 19 жасымда үлкен қалаға көшіп, зауытқа жұмысқа тұрдым. Ол жерде түрлі нәсілден, ұлттан, мәдениеттен шыққан адамдармен бірге тұрып, бірге жұмыс істедім.

Әріптестерімнің арасынан достар тауып, жақын араласқанда бір нәрсені түсіндім: адамның түсіне, тілі мен ұлтына қарап, оның еңбекқорлығын, адалдығы мен жан сарайының тереңдігін дөп басып айта алмайды екенсің.

Кейін ұлты да, туған елі де басқа бір қызбен көңіліміз жарасып, отау құрдық. Ешқашан жемеген тамақ жеп, естімеген әндер естіп, қуанып жүрген жайым бар. Өмір маған әр адамның жақсы да, жаман да жағы бар екенін ұқтырды. Шынымды айтайын, ұлты да, мәдениеті де басқа адамдармен араласқан маған жақты. Олардан үйренерім де, тамсанарым да көп екен”.

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу