Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • w13 1.6. 3—4 бет.
  • Алалаушылық — дүниежүзілік проблема

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Алалаушылық — дүниежүзілік проблема
  • 2013 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
  • Тақырыпшалар
  • Ұқсас мәлімет
  • ШЫНШЫЛДЫҚПЕН ТЕКСЕРУ
  • Алалаушылық болмайтын заман келе ме?
    2013 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
  • Алалау дертінен аман-саусыз ба?
    Ояныңдар! 2020
  • Ехоба мен Исаның бірлікте екеніндей, барлығымыз да бірлікте болайық
    Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (зерттеуге арналған). 2018
  • Алалаушылықты жеңген Құдай білімі
    “Мәсіхшілік өміріміз бен қызметіміз” жұмыс дәптері (2016)
Көбірек мәлімет
2013 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
w13 1.6. 3—4 бет.

НЕГІЗГІ ТАҚЫРЫП: АЛАЛАУШЫЛЫҚ БОЛМАЙТЫН ЗАМАН КЕЛЕ МЕ?

Алалаушылық — дүниежүзілік проблема

АМЕРИКАДА туып-өскен Жонатан есімді корей кісі кішкентай кезінде алалаушылықтың құрбаны болады. Есейген соң ол адамдар бір-бірінің бет әлпеті мен нәсіліне қарап алаламайтын ортаны іздеп, солтүстік Аляскадағы (АҚШ) бір қалаға көшеді де, сонда дәрігер болып жұмыс істейді. Ол жерде Жонатанға емделуге келетін көп адамның бет әлпеті онікіне ұқсас еді. Жонатан солтүстік поляр шеңберінің суығына қарамай, сол жерге көшуімен алалаушылықтың әлдеқайда ызғарлы суығынан қашып құтыла аламын деп үміттенген еді.

Алайда 25 жасар әйелге медициналық көмек көрсеткенде болған жағдай оның бар үмітін сөндірді. Ес-түссіз күйден оянған әлгі әйел Жонаттанның түріне қарап, корей ұлтына деген жүрегінде терең ұялаған жеккөрінішін білдіріп, оны дөрекі сөздермен келеке етеді. Осы жағдай Жонатанға алалаушылықтан қашып құтылу үшін басқа жерге көшіп, адамдардың арасына сіңісіп кетуге күш салғанынан түк шықпағанын көрсетті.

Жонаттанның бастан өткергені ащы шындықты айқын етеді. Алалаушылық дүниенің төрт бұрышында кездеседі. Адам баласы бар жердің бәрінде алалаушылық та бар көрінеді.

Көп адам басқаларды алалайтындарды айыптайды, сөйтсе де алалаушылық жер бетінде кең етек жайған. Мұнда бір қарама-қайшылық бар: қалайша көпшілік ұнатпайтын жайт соншалықты кең таралған болуы мүмкін? Бұған себеп — алалаушылықты жаны жақтырмайтын адамдардың көбісі бойларында бұл жағымсыз қасиеттің барын мойындай бермейтіндігі. Ал сіз өзіңізді осындай адамдардың қатарына жатқызасыз ба?

АЛАЛАУШЫЛЫҚ ДЕГЕН НЕ?

Ғалымдар үшін алалаушылық деген сөздің анықтамасын беру даулы мәселе болып отыр. Біреулері бұл “қандай да бір адамның белгілі бір топтан шыққанына бола оған деген теріс көзқарасты не сезімді білдіреді” десе, өзгелері алалаушылық деп “белгілі бір топтың мүшелері туралы толық білмей жатып туындайтын көзқарасты” айтады. Қалай болған күнде де, алалаушылық адамның нәсіліне, денесінің салмағына, жынысына, тіліне, дініне не оның кез келген өзгешелігіне бола пайда болуы мүмкін.

ШЫНШЫЛДЫҚПЕН ТЕКСЕРУ

Жүрегімізде алалаушылықтың ұялағанын анықтау — қиын мәселе. Киелі кітапта мұның себебі былай деп түсіндірілген: “Адамның жүрегі бәрінен бетер алдамшы” (Еремия 17:9). Демек, біз барлық ұлттың адамдарына бірдей қараймыз деп өз-өзімізді алдауымыз мүмкін. Я болмаса белгілі бір ұлт өкілдеріне неліктен жақтырмай қарайтынымыздың келелі себебін келтіріп, өзімізді ақтауымыз мүмкін.

Осындай жағдайға кезіксеңіз, ойыңызға бірден не келер еді?

Жүрегімізде жасырын жатқан алалаушылықты аңғарудың қиын екенін түсіну үшін, келесі бір жағдайды елестетіп көрейік: сіз қараңғы түсіп қалған уақытта көшеде жалғыз келе жатырсыз. Алдыңыздан екі жігіт шықты. Біреуі қолына бір нәрсе ұстап алғанға ұқсайды.

Сізге бұл екі жігіт зақым келтіргелі жатыр деген ой келе ме? Әрине, бұрын бастан өткергендеріңіз сізді сақ болуға талпындыруы мүмкін, бірақ сол жағдайлар дәл осы екі жігітті қауіпті деп санауыңызға негіз бере ме? Ал енді мына бір маңызды сұраққа жауап беріп көріңізші: Оларды қай ұлттың не нәсілдің адамдары деп ойладыңыз? Бұл сұраққа берген жауабыңыз бойыңызда алалаушылықтың қандай да бір түйірі бар екенін айқын етуі мүмкін.

Өзімізге шыншылдықпен қарайтын болсақ, барлығымыз да жүрегіміздің түкпірінде қандай да бір шамада алалаушылықтың бар екенін мойындауымыз керек. Киелі кітапта алалаушылықтың кең тараған түрі туралы былай деп жазылған: “Пенде назарын адамның бет-жүзіне аударады” (Патшалықтар 1-жазба 16:7). Иә, барлығымыз да салдары жиі сорақы болатын мұндай алалаушылыққа бейімбіз. Бірақ бұл алалаушылықтан арыла алмаймыз дегенді білдіре ме? Жержүзінде ешкім алалаушылық танытпайтын кез келеді деп күтуге бола ма?

АЛАЛАУШЫЛЫҚ — БҮКІЛӘЛЕМДІК МӘСЕЛЕ

Канада: “[Мемлекетте] түрлі ұлттың адамдары болғанына және олардың құқықтарын қорғау үшін заңды әрі саяси шаралар көптеп жасалып жатқанына қарамастан, нәсілшілдік адамның өз құқықтарын қолдануға үлкен кедергі жасауда”. (Канададағы халықаралық амнистия жиналысы, 2012 жыл.)

Еуропа: “Еуропалықтардың 48 пайызы мемлекеттерінде кемсітушілікке тосқауыл қою үшін өте аз шара жасалған деп есептейді”. (Төзбеушілік, алалаушылық және бөліп-жарушылық жайлы 2011 жылғы еуропалық есеп.)

Африка: “Әйелдерді кемсіту мен оларға көрсетіліп жатқан қатыгездік көп елдерде әлі күнге дейін кеңінен етек алған”. (Халықаралық амнистия есебі, 2012 жыл.)

Непал: “Далиттер (ең төмен кастаның адамдары) сол аймақта кең таралған кемсітушіліктен зардап шегуде. Олар әсіресе экономикалық, әлеуметтік және мәдени салаларда қиындық көруде”. (Адам құқығы жайлы дүниежүзілік есеп, 2012 жыл.)

Шығыс Еуропа: “Шетелдерде болсын не тұратын жерлерінде болсын, алалаушылықтың құрбаны болып табылатын Шығыс Еуропадағы сығандардың бұл проблемаларын ешбір саясаткер шешуді қолға алғысы келмейді.” (“Экономист”, 4 қыркүйек, 2010 жыл.)

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу