Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • g20 № 3 10—11 бет.
  • Құшағыңызды кең жайыңыз

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Құшағыңызды кең жайыңыз
  • Ояныңдар! 2020
  • Тақырыпшалар
  • Ұқсас мәлімет
  • Шындық
  • Киелі кітап қағидасы
  • Құшағыңыз кең болса, кем болмайсыз
  • Ойда болсын
  • Алалауды алып жыққандар
    Ояныңдар! 2020
  • Жақсылық жасаңыз
    Ояныңдар! 2020
  • Жақсы дос — асыл қазына
    Мәңгі бақи өмірдің рақатын көріңіз! (интерактивті Киелі кітап сабақтары)
  • Алалаушылықты жеңген Құдай білімі
    “Мәсіхшілік өміріміз бен қызметіміз” жұмыс дәптері (2016)
Көбірек мәлімет
Ояныңдар! 2020
g20 № 3 10—11 бет.
Түрлі ұлттың әйелдері мәз болып, әңгіме айтып тұр. Балалары аулада ойнап жүр.

Құшағыңызды кең жайыңыз

Шындық

Жанымыз жаратпайтын адамдардан қашқақтай берсек, алалаудың алауы өрши түседі. Өз айналамызды тек өзімізге ұқсайтын адамдармен ғана қоршасақ, онда біздің ғана сезінуіміз, түйсінуіміз дұрыс, тек біз ғана дұрыс әрекет етеміз деп санай бастауымыз мүмкін.

Киелі кітап қағидасы

“Жүректеріңді айқара ашыңдар” (ҚОРЫНТТЫҚТАРҒА 2-ХАТ 6:13).

Қағиданың мәні. “Жүрек” деп адамның ішкі сезім-толғанысын, біреуге бауыр басуын айтады. Тек өзімізге ұқсайтын адамдарға бауыр бассақ, жүрегіміз ашылмай тар болып қалады. Бұған жеткізбес үшін, болмысы бөлек адамдармен де дос болуға ықыласты болайық.

Құшағыңыз кең болса, кем болмайсыз

Адаммен жақынырақ танысып көріңіз, сонда кейбір әрекеттері неге сіздікінен өзгеше екенін түсіне бастайсыз. Енді ол сіз үшін бөтен емес, өз адамыңыздай болып кетеді. Жаныңызға жақын адамға айналғандықтан, оның қуанышы мен қайғысы екеуіңізге ортақ болады.

Назаре есімді бір әйел шет елден көшіп келген иммигранттарды бір кездері жақтырмаушы еді. Ойын өзгертуге оған не әсер етті? Назаре былай дейді: “Мен олармен араластым, бірге жұмыс істедім. Маған кездескен иммигранттардың бәрі жұрт айтқандай жаман емес екеніне көзім жетті. Бір түсінгенім — түрлі мәдениеттің адамдарымен бір дос болып алсаң, ішіңдегі қатып қалған пікір талқандалады екен. Сөйтіп, оларды жақсы көріп, әрбіреуін дара тұлға деп бағалай бастайсың”.

Сақ болыңыз

Кейбіреулер өзіне де, өзгеге де зиян келтіретін әдеттерге салынып кеткен. Сондықтан дос таңдағанда, өте талғампаз болған жөн. Азғын, қылығы ерсі адамдармен дос болудан аулақ болу алалаушылықтың белгісі емес. Әрине, сіздің құндылықтарыңызды ұстанбайтын адамдарға жамандық тілемейсіз, олардың құқықтарын да шектемейсіз. Алайда ондай адамдармен жақын араласпаған ақылдылыққа жатар еді (Нақыл сөздер 13:20).

Ойда болсын

Отаны басқа, нәсілі мен тілі басқа адамдармен араласудың амалын табыңыз:

  • өмірлері жайында айтып беруін сұраңыз;

  • тамаққа шақырыңыз;

  • өзі жайында айтып жатқанда мұқият тыңдап, өмірдегі құндылықтарын анықтап көріңіз.

Олардың мінезінің қалыптасуына қандай жағдайлар әсер еткенін түсінгенде, сол адамдарға деген құрметіңіз өседі.

Өмірден: Кандасами мен Сюками (Канада)

“Біз оңтүстік Африкада нәсілдік бөлінушілік өршіп тұрған шақта өстік. Әртүрлі нәсілдің адамдарын бір-бірінен бөлек тұруға мәжбүрлейтін. Соның кесірінен сол нәсілдер бір-бірін жақтырмай, жек көріп кетті. Біз өзіміз ақ нәсілді емеспіз. Олар бізді адам құрлы көрмегендіктен, біз оларды ұнатпайтынбыз. Біздің бұл сезімдеріміз алалаушылық деп еш ойламаппыз. Қайта, біз өзімізді алалаушылықтың құрбаны деп ойлайтынбыз.

Осындай көзқарастан арылу үшін біз жүрегімізді айқара ашып, әртүрлі адамдармен достаса бастадық. Ақ нәсілділермен араласа бастағаннан кейін, біздің арамызды бөліп тұрған соншалықты бөгет жоқ екенін түсіндік. Біздің жағдайымыз да, қиындықтарымыз да бір екен.

Тіпті ақ нәсілді бір отбасын үйімізде ұзақ уақыт қонақ қылып, олармен жақын араластық. Олар біздің отбасылық достарымызға айналды. Бұл достықта ешкім ешкімге жоғарыдан қарамай, бір-бірін тең көреді. Сөйтіп, ақ адамдарға деген жағымсыз сезімдерден көп-көрім арылып қалдық”.

Туған бауырдай тату

Джони мен Гедеон Ехоба куәгерлерінің залының алдында балаларды қарсы алып тұр.

Ұлты да, саяси көзқарасы да екі түрлі болған Джони мен Гедеон туған бауырдай болып кетті.

Бұл видеоны көру үшін jw.org сайтына кіріп, “Джони мен Гедеон — кешегі қастар бүгінгі достар” деген тақырыпты теріңіз.

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу