Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • g20 № 2 12—13 бет.
  • 4. Өмірге қиналу үшін келдік пе?

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • 4. Өмірге қиналу үшін келдік пе?
  • Ояныңдар! 2020
  • Тақырыпшалар
  • Ұқсас мәлімет
  • Ақиқатын анықтайық
  • Ойлап көріңіз
  • Киелі кітаптың жауабы
  • Мазмұны
    Ояныңдар! 2020
  • Киелі кітапта не делінген?
    Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (көпшілікке арналған). 2017
  • Қиыншылыққа төзудің пайдасы бар
    2007 жылғы Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды
  • Неге дүниеде жаманшылық пен қайғы-қасірет көп?
    Мәңгі бақи өмірдің рақатын көріңіз! (интерактивті Киелі кітап сабақтары)
Көбірек мәлімет
Ояныңдар! 2020
g20 № 2 12—13 бет.
Тауда демалып жатқан отбасы. Олар таудың алдында тұрып суретке түсіп жатыр.

4. Өмірге қиналу үшін келдік пе?

Ақиқатын анықтайық

Егер бұл сұрақтың жауабын білсек, өмірге деген көзқарасымыз өзгереді.

Ойлап көріңіз

Ғаламды ғажап, Жерімізді сұлу етіп жаратқан Құдай қайғы-қасіретке жол беруі мүмкін бе?

Өздері не өзгелер қиындыққа тап болғанда, дінге сенбейтіндер Құдай қайғы-қасіретті тоқтатуға дәрменсіз немесе тоқтатқысы келмейді деп, оның ниетіне шек келтіреді. Я болмаса Құдай жоқ дейді.

Не үшін қиналатынымыздың басқа да себебі болуы мүмкін бе?

КӨБІРЕК БІЛГІМ КЕЛЕДІ ДЕСЕҢІЗ

jw.org сайтынан “Киелі кітаптың Құдайдан екенін қайдан білеміз?” деген видеоны қараңыз.

Киелі кітаптың жауабы

Құдай бізді қиналсын деп жаратпады.

Жаратушы бізді өмірдің рақатын көрсе екен дейді.

“Адам үшін өмірде қуанудан және жақсылық жасаудан артық ештеңе жоқ... Әрбір адам ішіп-жеп, еңбегінің жемісіне қуансын. Бұл — Құдайдың сыйы” (УАҒЫЗДАУШЫ 3:12, 13).

Құдай алғашқы еркек пен әйелге еш қайғы-мұңсыз, бақытты өмір сыйлаған.

Жаратушы оларды да, ұрпақтарын да қиналу үшін жаратпаған.

“Құдай оларға... былай деді: “Өсіп-өніп көбейіңдер, ұрпақтарың жайылып, жер бетін толтырыңдар, әрі оны өңдеңдер” (МҰСАНЫҢ 1-ЖАЗБАСЫ 1:28).

Алғашқы адам жұбы Құдайға бағынбауды таңдады.

Нәтижесінде олар өздерін де, ұрпақтарын да үлкен қасіретке душар етті.

“Бір адам арқылы дүниеге күнә, ал күнә арқылы өлім келді, осылайша адамдардың бәрі өлетін болды, себебі бәрі күнә жасады” (РИМДІКТЕРГЕ 5:12)a.

Адам баласы Құдайдың жетелеуінсіз өмір сүре алатындай етіп жаралмаған.

Біз суда өмір сүру үшін жаралмағанымыздай, бір-бірімізге билік ету үшін де жаралмағанбыз.

“Адам тіпті өз қадамына бағыт бере алмайды” (ЕРЕМИЯ 10:23).

Құдай біздің қасірет шеккенімізді қаламайды.

Ол бізді мүмкіндігінше қиындықтардан қашық жүрсе екен дейді.

“Өсиеттеріме ден қойсаңдар ғой, шіркін! Сендердегі тыныштық өзендей... болар еді” (ИШАЯ 48:18).

a Киелі кітапта “күнә” сөзі тек жаман істі ғана білдірмейді. Ол барлық адамға берілген күнәкар болмысты да білдіреді.

Өмірге қиналу үшін келдік пе?

Жоқ, олай емес! Құдай ешқашан адамдардың қайғы-қасірет көруін ниет етпеген. Қайғы атаулы түп ата-анамыз Құдайдан тәуелсіз өмір сүруді таңдаған кезде басталды. Алайда бұл енді адамзат шексіз қинала береді дегенді білдірмейді.

Қайғы-қасірет тоқтай ма?

5-сұрақты қараңыз.

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу