Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • w07 1.9. 13—17 бет.
  • Қиыншылыққа төзудің пайдасы бар

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Қиыншылыққа төзудің пайдасы бар
  • 2007 жылғы Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды
  • Тақырыпшалар
  • Ұқсас мәлімет
  • Қасіреттің басталуы
  • Билік етуге Ехобаның ғана құқы бар
  • Қайғы-қасірет шеккеннің пайдасы
  • Жерде өмір сүруге үміттенетіндер бақытты
  • Ехоба орнын толтырады
  • Қасірет шеккендерге жұбаныш
    2003 жылғы Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды
  • Барлық қайғы-қасірет жақында жойылады!
    Барлық қайғы-қасірет жақында жойылады!
  • Неге Құдай қайғы-қасіретке жол беріп отыр?
    Киелі кітап шын мәнінде неге үйретеді?
  • Неге дүниеде жаманшылық пен қайғы-қасірет көп?
    Мәңгі бақи өмірдің рақатын көріңіз! (интерактивті Киелі кітап сабақтары)
Көбірек мәлімет
2007 жылғы Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды
w07 1.9. 13—17 бет.

Қиыншылыққа төзудің пайдасы бар

“Төзімді адамдарды бақытты деп санаймыз” (ЖАҚЫП 5:11).

1, 2. Ехобаның адамдардың қасірет шеккенін қаламағаны неден көрінеді?

ЕШКІМ де қасірет шеккенді қаламайды. Мұны адам баласына Жаратушымыз Ехоба Құдай да тілемейді. Бұны оның киелі рухтың жетелеуімен жазылған Сөзінен білеміз. Алғашқы еркек пен әйел жаратылған соң не болғанын көрейік. Алдымен, Құдай еркекті жаратты. “Құдай Ие жердегі топырақтан адамды жасап, оның мұрнына тіршілік лебін үрледі. Адам осылай тірі жан болып шыға келді” (Жаратылыс 2:7). Адам атаның тәні де, ой-санасы да кемелді болатын, сондықтан ол ауырмауы да, өлмеуі де керек еді.

2 Адам қандай жағдайда өмір сүрді? “Құдай Ие шығыста, Едем деген жерге пейіш бағын орнатып, Өзі жасаған адамды сонда орналастырды. Сонан соң Құдай Ие көз тартарлық, жеуге жақсы жемістер беретін түрлі ағаштарды жерден өсіріп шығарды” (Жаратылыс 2:8, 9). Иә, Адамның керемет үйі болды. Ол жерде қасірет атымен болмаған.

3. Алғашқы адам жұбының болашағы қандай болу керек еді?

3 Жаратылыс 2:18-ден былай деп оқимыз: “Содан кейін Құдай Ие: —Адамның жалғыз болғаны жақсы болмас. Мен оған өзіне сай көмекші жасап берейін,— деді”. Сөйтіп, Ехоба Адамға кемелді әйел жаратып, бақытты отбасы өміріне бастау берді (Жаратылыс 2:21—23). Киелі кітапта: “[Құдай] оларға оң батасын беріп: “Өсіп-өніп көбейіңдер! Ұрпақтарың жайылып, жер бетін толтырыңдар!”— делінген (Жаратылыс 1:28). Алғашқы адам жұбына керемет мүмкіндік берілді: олар Едем бағының аясын кеңейтіп, уақыт өте келе, бүкіл жер бетін жұмаққа айналдыру керек еді. Олар сондай-ақ дүниеге қасірет көрмейтін бақытты ұрпақ әкелулері керек-тін. Қандай ғажайып бастама! (Жаратылыс 1:31)

Қасіреттің басталуы

4. Тарихқа үңілсек, адамзаттың жағдайы жайлы не айтуға болады?

4 Тарихқа үңілсек, адамзаттың мүшкіл жағдайы бір келеңсіз жайттың орын алғанын көрсетеді. Дүние зұлымдыққа толып, адамзат қатты қасірет шегуде. Адам мен Хауаның ұрпақтары ауырып, қартайып, өлетін болды. Жер бақытты адамдарға толы жұмақ болмақ түгіл, оның маңына да жоламайды. Қазіргі жағдай Римдіктерге 8:22-де: ‘Бүкіл жаратылыс толғақ азабы секілді бейнет шегіп, ыңқылдай күрсініп жатыр’,— деп тура сипатталған (Римдіктерге 8:22).

5. Қалайша түп атамыз бен анамыз адамзаттың қасірет шегуіне кінәлы болды?

5 Ехоба ұзақ уақыт бойы орын алып келе жатқан шексіз қайғы-қасіретке жауапты емес (Патшалықтар 2-жазба 22:31). Бұған қандай да бір шамада адамдардың өздері кінәлы. “Олар бұзық жолға түсіп, пасық істер жасады” (Забур 13:1). О баста түп атамыз бен анамызға бар жақсы нәрсе берілген болатын. Бұлардың игілігін көру үшін олардан Құдайға мойынсұну талап етілді. Бірақ Адам мен Хауа Ехобадан тәуелсіз болуды шешті. Құдайдан бас тартқандықтан, олар кемелді болудан қалды. Сөйтіп, олардың халі нашарлай түсіп, ақыр соңында өлді. Кемелсіздік бүкіл адамзатқа берілді (Жаратылыс 3:17—19; Римдіктерге 5:12).

6. Қайғы-қасіреттің орын алуына Шайтан қалай кінәлы болды?

6 Қасірет атаулының орын алуына Шайтан Ібіліс атанған рухани тұлға да кінәлы болды. Оған ерік бостандығы берілген болатын. Алайда ол ғибадатты көксеп, осы сыйды теріс қолданды. Бірақ ғибадатқа жаратылыстары емес, тек Ехоба ғана лайық. Адам мен Хауаны Ехобадан тәуелсіз болуға итермелеген Шайтан болатын. Ол оларды ‘ненің жақсы, ненің жаман екенін айырып, Құдай сияқты боласыңдар’ деп сендірді (Жаратылыс 3:5).

Билік етуге Ехобаның ғана құқы бар

7. Ехобаға қарсы шығарылған бүліктің салдары нені көрсетеді?

7 Құдайға қарсы шығарылған бүліктің салдары Әлемнің Әміршісі Ехобаның ғана билік етуге құқы бар екенін және соның ғана билігі әділ екенін көрсетеді. Өткен мыңжылдықтар көрсеткендей, “осы дүниенің әміршісі” Шайтан зұлым, әділетсіз, еш жақсылық әкелмеген қатыгез билік орнатты (Жохан 12:31). Сондай-ақ Шайтанның қоластындағы адамзат та әділ билік жүргізуге дәрменсіз екенін көрсетті (Еремия 10:23). Демек, Ехобанікінен басқа билік түрлерінің қай-қайсысы да міндетті түрде сәтсіздікке ұшырайды. Бұған тарих куә.

8. Ехобаның барлық билік жүйесіне қатысты ниеті қандай және ол оны қалай жүзеге асырмақ?

8 Ехоба мыңдаған жылдар бойы адамзатқа өзінен тәуелсіз болып, биліктің әр түрін сынап көруге жол берді. Енді оның билік атаулыны жер бетінен құртып, орнына өз үкіметін орнатуға толық құқы бар. Бұл жайлы Киелі кітап пайғамбарлығында былай делінген: “Сол патшалықтардың [адамзат билігінің] кезінде көктегі Құдай өмір-бақи құламайтын патшалық [Мәсіхтің басқаруындағы көктегі үкімет] құрады... ол барлық патшалықтарды қиратып, талқандайды, ал өзі мәңгілік тұрады” (Даниял 2:44). Жын-перілер мен адамзаттың билігі құрып, тек Құдайдың көктегі Патшалығы ғана жер бетіне билік ететін болады. Мәсіх Патша болады және жерден алынған 144 000 адал адам онымен бірге билік етеді (Аян 14:1).

Қайғы-қасірет шеккеннің пайдасы

9, 10. Қасірет шеккені Иса үшін қалай пайдалы болды?

9 Көктегі Патшалықта билік ететіндердің қандай болатындарын қарастырып көрейік. Иса Мәсіх өзінің Патша болуға лайық екенін көрсетті. Ол сансыз көп жылдар бойы Ехобаның қасында “сәулетші” болып, оның еркін орындады (Нақыл сөздер 8:22—31). Ехоба оны жерге жібермек болғанда, ол бұған даярлықпен келісті. Ал жер бетіне келгенде, Иса бар көңілін адамдарға Ехобаның билігі мен Патшалығы туралы айтуға аударды. Ол Құдайдың билігіне толықтай мойынсұнуымен бізге тамаша үлгі қалдырды (Матай 4:17; 6:9).

10 Иса қудаланып, ақырында өлтірілді. Қызметінің барысында ол айналасындағы адамдардың аянышты халін көрді. Осыны көргенінің және өзінің қасірет шеккенінің пайдасы болды ма? Әлбетте. Еврейлерге 5:8-де былай делінген: “Құдайдың рухани Ұлы бола тұра, Мәсіх ауыр азаптар шеккен кезінде де Әкесіне мойынсұнуға үйренді”. Исаның жер бетінде басынан кешкендері оған адамдарды анағұрлым жақсы түсінуге әрі жанашыр болуға көмектесті. Ол адамзаттың қиыншылықтарын өз басынан өткізді. Сондықтан қасірет шеккендерге жанашырлық білдіре алды және оларды құтқарудағы өз рөлін жақсырақ түсінді. Бұл жайтқа елші Пауыл Еврейлерге арналған хатта қалай баса назар аударғанын көрейік: “Ол барлық жағынан бауырластарына ұқсас болуға тиіс еді. Осылай Мәсіх Құдайға қызмет ететін қайырымды да адал Бас діни қызметкер болып, өз жанын халқының күнәларының құнын өтеу үшін құрбандыққа қиды. Өзі азап шегіп ауыр сынаққа төзген Ол сынақтан өтіп жатқан бізге де көмектесе алады”. “Ол бізге жаны ашымайтын, осал жақтарымызды түсінбейтін діни қызметкер емес, қайта, өзіміз сияқты әртүрлі сынақтан өтіп көрді, бірақ ешқашан күнә жасаған жоқ. Ендеше рақымы мол Құдайдың тағына еш қысылмастан жақындап, өтініштерімізді білдірейік. Осылай көмекке мұқтаж кездерімізде Оның мейірімділігі мен рақымына ие боламыз” (Еврейлерге 2:17, 18; 4:14—16; Матай 9:36; 11:28—30).

11. Болашақ патшалар мен діни қызметкерлерге қиындық көргендері жақсы билеуші болуға қалай көмектеседі?

11 Иса Мәсіхпен бірге көктегі Патшалықта билік ету үшін жерден ‘төлемдері өтеліп, азат етілген’ 144 000 адам жайлы да осылай деуге болады (Аян 14:4). Олардың барлығы да қасіретке толы дүниеде туып-өсіп, өздері де азап шеккен. Көбісі қудаланып, ал кейбіреулері Ехобаға адалдықтарын сақтап, Исаның соңынан еруге дайын болғандары үшін тіпті өлтірілген. Бірақ олар ‘Иелері Иса Мәсіхті ашық мойындаудан ешқашан тартынбай, Ізгі хабар үшін азаптарды бірге көрді’ (Тімотеге 2-хат 1:8). Жер бетінде қиындықтарды бастан кешіргендері оларды көктен адамзатты соттауға айрықша қабілетті етеді. Олар анағұрлым жанашыр да мейірімді болуды әрі адамдарға даярлықпен көмек көрсетуді үйренді (Аян 5:10; 14:2—5; 20:6).

Жерде өмір сүруге үміттенетіндер бақытты

12, 13. Азап шеккендері жерде өмір сүруге үміттенетіндерге қандай пайда әкеледі?

12 Ауру, қайғы және өлім болмайтын жұмақта мәңгі өмір сүруге үміттенетіндердің азап шегіп жатқандары қандай да бір пайда әкеле ме? Әрине, қасірет шегіп, жаны қиналғанын ешкім де қаламайды. Алайда қиындықтарға төзетін болсақ, бұл бойымызда жақсы қасиеттерді дамытып, бақытқа кенелуге көмектеседі.

13 Құдай Сөзінде осыған қатысты не айтылғанына көңіл аударайықшы: “Тіпті әділдік үшін азап шегетін болсаңдар да, бақыттысыңдар”, “Мәсіхтің атына бола қорлық көрсеңдер, бақыттысыңдар” (Петірдің 1-хаты 3:14, сілтеме; 4:14). “Адамдар сендерді Маған бола қорлап, қудалап, Әр түрлі жала жауып жамандаса, бақыттысыңдар! Қуана шаттаныңдар! Себебі көкте сендерді зор сыйларың күтіп тұр!” (Матай 5:11, 12) “Сынақты төзімділікпен басынан өткізіп жатқан әркім бақытты! Содан өтіп, сенімді екендігі дәлелденгеннен кейін ол бәйге жүлдесіндей “шынайы өмірдің тәжін” иемденбек” (Жақып 1:12).

14. Қасірет шеккендері Ехобаның қызметшілерін қалайша бақытты етеді?

14 Әрине, бізді қасірет шегудің өзі бақытты етпейді. Бізді бақытты етіп, қанағатқа бөлейтін нәрсе — Ехобаның еркін орындап, Исаның үлгісіне еліктегеніміз үшін қасірет шегіп жатқанымызды білгеніміз. Мысалы, бірінші ғасырда елшілердің кейбірі түрмеге қамалған болатын. Кейіннен олар яһудилердің жоғарғы кеңесінің алдына әкелініп, Иса Мәсіх туралы уағыздағандары үшін айыпталады. Сосын, дүре соғылып, босатылады. Олар мұның бәріне қалай қарады? Киелі кітапта бұл жайлы: “Жоғарғы кеңестен шыққан елшілер Иеміздің аты үшін қорлық көруге лайық деп саналғандарына қуанды”,— делінген (Елшілердің істері 5:17—41). Әрине, олар дүре соғылып, қиналғандарына қуанған жоқ. Олар Ехобаға адалдықтарын сақтап, Исаның соңынан ергендері үшін азап шегіп жатқандарын түсінгендіктен өздерін бақытты сезінді (Елшілердің істері 16:25; Қорынттықтарға 2-хат 12:10; Петірдің 1-хаты 4:13).

15. Қазір сынақтарға төтеп беретін болсақ, болашақта қандай пайдасын көреміз?

15 Қарсылықтар мен қудалауларға дұрыс көзқарас танытып төтеп беретін болсақ, бұл бойымызда төзімділік дамытады. Осының арқасында алда кезігуіміз мүмкін қиындықтарға төзе аламыз. Біз былай деп оқимыз: “Бауырластарым менің, алуан түрлі қиын-қыстау сынақтарға ұшырағанда, бұл жайтты зор қуанышпен қабылдаңдар. Себебі сенімдеріңнің сыналып, берік те шынайы екендігінің дәлелденуі төзімділік тудыратынын білесіңдер” (Жақып 1:2, 3). Сонымен қатар Римдіктерге 5:3—5 тармақтарда былай делінген: “Тіпті азап шегіп жүрсек те, қатты шаттанамыз! Себебі азаптың бізді шыдамдылыққа жеткізетінін білеміз. Шыдамдылықтан сенімділік туады, ал сенімділік бізге үміт береді. Бұл үміт алдамшы қиял емес”. Демек, мәсіхші болғанымыз үшін кезігіп жүрген сынақтарға мейлінше төтеп беретін болсақ, осы зұлым дүниеде әлі де кезігуіміз мүмкін сынақтарға төзу анағұрлым жеңіл болады.

Ехоба орнын толтырады

16. Ехоба болашақ патшалар мен діни қызметкерлердің шеккен азаптарының орнын толтыру үшін не істейді?

16 Мәсіхші болғанымыз үшін қудалауға не қарсылыққа кезіккенде, дүние-мүлкімізден де айырылып қалуымыз мүмкін. Алайда Ехобаның мұның орнын толықтай толтыратынын білгеніміз көңілімізді орнықтырады. Мысалы, көкте өмір сүруге үміті бар кейбір мәсіхшілерге елші Пауыл былай деп жазды: “Мал-мүліктеріңді талан-таражға салғанда, бұны тіпті қуана қабылдадыңдар! Себебі көкте өздеріңе арналған, одан әлдеқайда құнды, мәңгілік дәулеттің бар екенін білдіңдер” (Еврейлерге 10:34). Ехоба мен Иса Мәсіхтің басшылығымен майланған мәсіхшілер жаңа дүниенің тұрғындарына керемет баталар төккенде, қандай қуанышқа кенелетінін елестетіп көріңдерші! Пауылдың адал мәсіхшілерге: “Болашақта біз үшін анық көрінетін салтанатты ұлылықпен салыстырғанда, қазіргі заманның азаптарының түк емес екендігіне әбден сенемін”,— деп жазған сөздері қаншалықты орынды десеңші! (Римдіктерге 8:18)

17. Ехоба жерде өмір сүруге үміттенетін адал қызметшілері үшін не істейді?

17 Сол сияқты, жерде өмір сүруге үміттенетіндер де Ехобаға қызмет еткені үшін не нәрседен айырылмасын не өз еркімен бас тартпасын, Құдай оларды болашақта молынан жарылқайды. Ехоба оларға жердегі жұмақта кемелді және мәңгілік өмірді сыйлайды. Жаңа дүниеде “Ол барлық көздің жастарын сүртіп тастап жұбатады. Енді қайтып өлім, жоқтау, зар еңіреу мен ауру болмайды” (Аян 21:4). Қандай керемет уәде! Бүгінде Ехоба үшін не нәрсені құрбан етсек те, оның қиындықтарға төзе білген адал қызметшілеріне беретін ғажайып өміріне тең келер ештеңе жоқ.

18. Киелі кітапта Ехобаның жұбаныш беретін қандай уәдесі жазылған?

18 Құдайдың жаңа дүниесінде қазір көріп жатқан қиыншылықтардың ешқайсысы да болмайды. Мұның орнына керемет өмір орнайды. Ишая 65:17, 18-де былай делінген: “Бұрынғылар енді еске алынбай, ойға да келмейтін болады. Сонда сендер жасағандарыма мәңгі-бақи мәз болып шаттанасыңдар”. Олай болса, Исаның бауыры Жақыптың: “Төзімді адамдарды бақытты деп санаймыз”,— деп айтқан сөздері орынды-ақ (Жақып 5:11). Иә, бүгінгі қиыншылықтарға адалдықпен төзетін болсақ, қазір де, болашақта да мұның пайдасын көреміз.

Қалай жауап берер едіңдер?

• Қайғы-қасірет қалайша бастау алды?

• Қасірет шеккені жердің болашақ билеушілері мен тұрғындарына қандай пайда әкелуі мүмкін?

• Неліктен қасірет шеккенімізге қарамастан, қазірдің өзінде бақытты бола аламыз?

[13-беттегі сурет]

Түп атамыз бен анамызды керемет болашақ күтіп тұрған еді

[15-беттегі сурет]

Адамдардың қайғы-қасірет шеккенін көргені Исаға тамаша Патша әрі Бас діни қызметкер болуға дайындалуға көмектесті.

[17-беттегі сурет]

Елшілер “Иеміздің аты үшін қорлық көруге лайық деп саналғандарына қуанды”

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу