Дүние қайғы-қасіретке толы, бірақ бұған Құдай кінәлі ме?
Киелі кітапта не делінген?
Қайғы-қасірет Құдайдан ба?
Сіздіңше...
иә
жоқ
мүмкін
Киелі кітапта не делінген?
“Құдайдың зұлымдық жасауы, Құдірет Иесінің жамандыққа баруы мүмкін емес!” (Әйүп 34:10). Дүниедегі зұлымдық пен қайғы-қасіреттің Құдайдан келуі мүмкін емес.
Киелі кітапта тағы не жазылған?
“Осы дүниенің билеушісі” Шайтан Ібіліс — қайғы-қасіреттің басты себепкері (Жохан 14:30).
Сондай-ақ зұлымдық пен қайғы-қасірет адамдардың бұрыс іс-әрекеттерінің салдарынан туындап жатады (Жақып 1:14, 15).
Қайғы-қасірет болмайтын кез келе ме?
Кейбір адамдардың ойынша, адамдар бірлесіп әрекет етсе, жағдайымыз жақсарады. Өзгелер болса дүниедегі ахуал айтарлықтай өзгереді деп үміттенбейді. Ал сіз не ойлайсыз?
Киелі кітапта не делінген?
Құдай қайғы-қасіретке тоқтау қоймақ. “Енді қайтып өлім, жоқтау, зар еңіреу мен ауру болмайды” (Аян 21:3, 4).
Киелі кітапта тағы не жазылған?
Иса Мәсіх Құдайдың тапсыруы бойынша Шайтан әкелген қайғы-қасіретті жойып, бәрін қалпына келтіреді (Жоханның 1-хаты 3:8).
Жақсы адамдар тыныштық орнаған жерде мәңгі өмір сүретін болады (Зәбүр 37:9—11, 29).