3. Неге жақсы адамдар қиналады?
Ақиқатын анықтайық
Жақсы адамдар қиналғанда, “бұл — әділетсіздік қой” деп күйінеміз. Егер олар да қиналатын болса, онда жақсылық жасауға тырысудың не керегі бар деген ой туады.
Ойлап көріңіз
Кей адамдар маңдайымызға не жазылса, соны көреміз, бақытсыздықтарға тап болатынымыз сондықтан дейді. Олардың айтуынша, Құдай күнәкарларға қайғы-қасірет жіберіп, жаман істері үшін жазалайды, ал жақсы адамдарға қайғы-қасірет олардың сабырын сынау үшін жіберіледі. Олар “бұл жалған дүниеге сынақ үшін келдік” және “Алла сүйікті құлдарына көбірек қайғы жібереді” деп айтады. Бірақ . . .
Егер бәрі пешенемізге жазылып, алдын ала шешіліп қойылса, онда жаман істерден аулақ жүрудің және салауатты өмір сүрудің не қажеті бар?
Жаратушымыз адамдарды аяусыз сынап, сөйте тұра, көпшілік айтатындай, аса қамқор, ерекше мейірімді бола ала ма?
КӨБІРЕК БІЛГІМ КЕЛЕДІ ДЕСЕҢІЗ
jw.org сайтынан “Құдай неге қайғы-қасіретке жол береді?” деген видеоны қараңыз.
Киелі кітаптың жауабы
Қиыншылықтар мен қайғы-қасірет Құдайдың жазасы емес.
Керісінше, олардың көбісі кездейсоқ, жазатайым болып жатады.
“Жарыста жүйрік, шайқаста күшті әрдайым жеңе бермейді екен. Сондай-ақ данада — тамақ, ақылдыда — байлық, білімдіде — табыс әрдайым бола бермейді екен. Себебі барлығы да қолайсыз уақыт пен кездейсоқ жағдайларға тап болып жатады” (УАҒЫЗДАУШЫ 9:11).
Біз күнәкар болмысымыздың кесірінен де қасірет шегеміз.
Адамдар көбінесе “күнә” деп біреудің жасаған жаман ісін ғана айтады. Алайда Киелі кітаптан тағы бір жайтты білеміз: жақсы адам болсын, жаман адам болсын — күнә бәріне берілген. Демек, бәріміз де күнәкармыз.
“Мен күнәкар боп дүниеге келдім, Ана құрсағына біткен сәттен-ақ күнәкар едім” (ЗӘБҮР 51:5).
Күнә адамзатқа орасан зор зиян әкелуде.
Күнә біздің Жаратушы Құдаймен қарым-қатынасымызға ғана емес, оның басқа жаратылыстарымен де үйлесімділігімізге нұқсан келтірді. Нәтижесінде жеке адамдар да, адамзат атаулы да көп қасірет шегіп келеді.
“Дұрыс нәрсені жасағым келгенде, жанымнан жамандық табылады” (РИМДІКТЕРГЕ 7:21).
“Бүкіл жаратылыс ыңырсып, қатты қиналып жатыр” (РИМДІКТЕРГЕ 8:22).