Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • g20 № 2 6—7 бет.
  • 1. Қайғы-қасірет Құдайдан ба?

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • 1. Қайғы-қасірет Құдайдан ба?
  • Ояныңдар! 2020
  • Тақырыпшалар
  • Ұқсас мәлімет
  • Ақиқатын анықтайық
  • Ойлап көріңіз
  • Киелі кітаптың жауабы
  • Мазмұны
    Ояныңдар! 2020
  • Киелі кітапта не делінген?
    Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (көпшілікке арналған). 2017
  • Неге Құдай қайғы-қасіретке жол беріп отыр?
    Киелі кітап шын мәнінде неге үйретеді?
  • Қайғы-қасіретке Құдай кінәлі ме?
    Киелі кітап. Сұрақтар мен жауаптар
Көбірек мәлімет
Ояныңдар! 2020
g20 № 2 6—7 бет.
Шіркеуге жерлеу рәсіміне келгендерге қолына Киелі кітап ұстап, уағыз айтып тұрған дін қызметкері.

1. Қайғы-қасірет Құдайдан ба?

Ақиқатын анықтайық

Көп адамның Құдайға ғибадат етпейтін себебі — қайғы-қасіретті сол жіберіп отыр деп ойлайды. Бірақ бұл шынымен солай ма?

Ойлап көріңіз

Көптеген діни жетекшілер тікелей не астарлап қайғы-қасірет Құдайдан деп айтады. Мысалы, олар былай деп үйретеді:

  • табиғи апаттар — Жаратушының жіберген жазасы;

  • балалардың өлетін себебі — Құдайға көкте періштелер керек;

  • адамзатты қан қақсататын соғыстарда Құдай қарсылас екі жақтың біреуін қолдайды.

Алайда дінбасылардың Құдай жайлы айтқандары дұрыс емес болса ше? Дінбасылар жалған нәрсеге үйреткендіктен, Құдай олардан бас тартқан болса ше?

КӨБІРЕК БІЛГІМ КЕЛЕДІ ДЕСЕҢІЗ

jw.org сайтынан “Киелі кітапты оқудың қандай пайдасы бар?” деген видеоны қараңыз.

Киелі кітаптың жауабы

Қайғы-қасіретімізге Құдай себепші емес.

Әйтпесе бұл Құдайдың Киелі кітапта жазылған қасиеттеріне мүлдем қарама-қайшы келер еді. Мысалы, мына қасиеттеріне:

“Оның... жолдарының бәрі әділетті... Ол әділ әрі шыншыл” (МҰСАНЫҢ 5-ЖАЗБАСЫ 32:4).

“Құдайдың зұлымдық жасауы, Құдірет Иесінің жамандыққа баруы мүмкін емес” (ӘЙҮП 34:10).

“Құдірет Иесі әділдікті бұрмаламайды” (ӘЙҮП 34:12).

Құдай өзі жайлы бұрыс ілімге үйрететін дінді құптамайды.

Бұған қайғы-қасірет Құдайдан деп үйрететін және соғыстар мен зорлық-зомбылықты қолдайтын діндер жатады.

“Пайғамбарлар менің (Құдайдың) атымнан жалған пайғамбарлық етіп жүр. Мен оларды жіберген де, оларға бұйырған да, сөйлеген де емеспін. Олар сендерге жалған аяндарын, ...ойдан шығарғандарын айтып жүр” (ЕРЕМИЯ 14:14).

Иса пайғамбар діндегі екіжүзділікті айыптаған.

“Маған “Ием! Ием!” дейтіндер емес, көктегі Әкемнің еркін орындайтындар ғана Көк Патшалығына кіреді. Сол күні маған көп адам: “Ием, Ием, біз сіздің атыңыздан пайғамбарлық етпедік пе? Сіздің атыңыздан жындарды қуып шығарып, сіздің атыңыздан көптеген кереметтер жасамап па едік?”— дейтін болады. Сонда мен оларға: “Сендерді ешқашан таныған емеспін! Менен аулақ кетіңдер, заңсыздық жасаушылар!”— деп ашық айтамын” (МАТАЙ 7:21—23).

Қайғы-қасірет Құдайдан ба?

Мынандай жағдайды елестетіп көрейік. Бір әке балаларын бағып-қағып, барын салып өсірді делік. Кейіннен ұлдарының бірі әкесіне қарсы шығып, үйден кетіп, жаман жолға түседі. Оның осындай жолға түскеніне әкесі кінәлі дей аламыз ба? Өз шешімінің зардабын тартып жатқаны үшін ұлы әкесін жазғырғаны дұрыс бола ма? Дәл осы іспетті, біз де басымызға түскен бақытсыздық үшін Құдайды кінәлай алмаймыз.

Сонда, қайғы-қасірет көріп жатқанымызға өзіміз кінәлі болғанымыз ба?

2-сұрақты қараңыз.

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу