Кесте: 18 мамырдан басталатын апта
18 МАМЫРДАН БАСТАЛАТЫН АПТА
27-ән және дұға
Қауымның Киелі кітап зерттеу кездесуі:
Теократиялық қызмет мектебі:
Киелі кітапты оқу: Самуилдің 2-жазбасы 9—12 (8 мин.)
№ 1: Самуилдің 2-жазбасы 10:13—11:4 (3 мин. не одан кем)
№ 2: Жұмыс таңдағанда, қандай екі сұрақты ескерген жөн? (lv 15-тар., 14—17 абз., 177-б., қоршау). (5 мин.)
№ 3: Өлген адамдар үшін қандай үміт бар? (nwt 23-б., 1—3 абз.). (5 мин.)
Қызмет кездесуі:
Осы айдың тақырыбы: Әртүрлі адамдардың шындық жайлы тура білім алуларына көмектес (Тім. 1-х. 2:3, 4).
25-ән және дұға
10 мин. Пауыл гректерге шындық туралы тура білім алуларына қалай көмектесті? Талқылау. Елшілердің істері 17:22—31 оқылсын. Бұл тармақтардың уағыздау қызметімізге тигізетін пайдасын қарастыр.
20 мин. “Ехоба саған батыл болуға көмектеседі”. Талқылау. “Ехоба саған батыл болуға көмектеседі” (ор.) атты бейнероликті көрсет (jw.org/ru сайтындағы БИБЛЕЙСКИЕ УЧЕНИЯ / ДЕТИ деген бөлімінде таба аласың.). Тыңдаушыларды бейнероликтен қандай сабақ алғандары жайлы айтып беруін өтін. Мектепте оқитын балаларды бейнероликтен көргендері қалайша сыныптастары мен мұғалімдеріне куәлік беруге батылдық бергендері жөнінде айтып беруге шақыр. Мектепте куәлік берген баланың оқиғасын көріністе көрсет.
23-ән және дұға