МӘСІХШІЛІК ӨМІРІМІЗ
Уағыздау шеберлігін шыңдай түсейік. Аумағымыздағы әрбір адамға куәлік беруге тырысамыз
БҰЛ НЕЛІКТЕН МАҢЫЗДЫ? Зәкәрия “әртүрлі тілде сөйлейтін барлық халықтардан шыққан” адамдардың ізгі хабарға құлақ салатынын пайғамбарлық еткен (Зәк 8:23). Бірақ оларға бұны кім үйретеді? (Рм 10:13—15). Бізге аумағымыздағы әрбір адамға ізгі хабарды жеткізу мәртебесі әрі жауапкершілігі тапсырылған (od-U 83, 84-б., 10, 11-абз.).
БҰЛ ҮШІН НЕ ІСТЕУ КЕРЕК?
Дайындалыңыз. Қызметте басқа тілде сөйлейтін адамдарды жолықтырасыз ба? Онда “JW Language” қосымшасының көмегімен қарапайым ұсынысты үйреніп алуға тырысыңыз. Я болмаса оған электронды құрылғыңыздың көмегімен jw.org сайтынан өз тілінде мағлұматты қалай табуға болатынын көрсетіңіз.
Байқампаз болыңыз. Үйме-үй уағыздап жүргенде, жол-жөнекей өтіп бара жатқан яки автокөлікте отырған адамдармен де сөйлесуді ұмытпаңыз. Ал көпшілік орындарда уағыздап жүрсеңіз, басты мақсатыңыз куәлік беру екенін жадыңыздан шығармаңыз.
Тиянақты болыңыз. Бірінші барғанда үйінен таппаған адамдарға қайта баруды доғармаңыз. Әрбір үйдің тұрғынымен сөйлесуге тырысыңыз. Бұл үшін, бәлкім, әртүрлі уақытта не әртүрлі күндері келу керек болатын шығар. Кейбір адамдарға хат жазуға, телефон шалуға не көшеде куәлік беруге болады.
Істі соңына дейін жеткізіңіз. Әлдекім қызығушылық білдірсе, оған тез арада оралыңыз. Егер ол басқа тілде сөйлесе, сол тілді білетін жариялаушыны табуға тырысыңыз. Оның тілінде сөйлейтін жариялаушы бармағанша, ол адамға сіз барып тұруыңыз керек (od 94-U 39, 40-абз.).
“ЖЕРДІҢ ҚИЫР ШЕТІНЕ ДЕЙІН” УАҒЫЗДАУ” БЕЙНЕРОЛИГІН КӨРІП БОЛҒАН СОҢ, КЕЛЕСІ СҰРАҚТАРҒА ЖАУАП БЕРІП КӨРІҢІЗ:
Бауырластар шалғай аумақтағы адамдарға баруға қалай дайындалды? (Қор. 1-х. 9:22, 23).
Олар қандай қиындықтарға кезікті?
Олар қалай жарылқанды?
Аумағыңызда мейлінше көп адамға уағыздау үшін не істесеңіз болады?