Біз берік ‘бекіністерді талқандай’ аламыз
1 Шайтан ғасырлар бойы алдау арқылы, сондай-ақ жалған ілімдерді тарату арқылы көптеген адамдардың жүректері мен ой-саналарын жауып тастаған. Ол үштік, өлмес жан, тозақ оты сияқты ілімдердің таралуына ықпал етуде. Сондай-ақ адамдардың Жаратушыға сенбеуіне және Киелі кітапқа күмәнмен қарауына түрткі болуда. Нәсілшілдік пен ұлтшылдық та шындық нұрының таралуына айтарлықтай кедергі жасайды (Қор. 2-х. 4:4). Осындай берік бекініс іспетті нанымдарды қалай талқандай аламыз? (Қор. 2-х. 10:4, 5).
2 Сезімдерін ескеру. Әдетте адамдар көптен ұстанып келе жатқан нанымдарын жандарына жақын тұтады. Кейбіреулер осындай жалған нанымдарды бала күнінен ұстанады. Мұндай адамдарға көмектесу үшін, олармен сөйлескенде, көзқарастарын сыйлайтынымызды көрсетуіміз керек (Пет. 1-х. 3:15).
3 Адамдардың не нәрсеге және не үшін сенетінін айтып беруіне мүмкіндік бере отырып, оларды құрметтейтінімізді көрсетеміз (Жақ. 1:19). Бәлкім, олар қайтыс болған жақын адамын қайта көргісі келгендіктен жан өлмейді деген ілімге сенетін шығар. Ал кейбіреулер мейрамдарды отбасымен бірге болғысы келгендіктен тойлайтын шығар. Айтқандарын мұқият тыңдағанымыз олардың сезімдерін түсінуге көмектеседі және сөзіміздің нәтижелі болуына септігін тигізеді (Нақ. с. 16:23).
4 Исаға еліктейік. Исаның Таурат заңын үйретуші бір ғұламаның сұрақтарына қалай жауап бергені біз үшін керемет үлгі болып табылады. Иса оның жанына жақын тұтқан нанымдарын ескеріп, сұрақтарына тікелей жауап бермеді, әйтпегенде ол оны тыңдамауы мүмкін еді. Иса Жазбаларға нұсқап, соған қатысты ғұламаның пікірін сұрады және көрнекі мысалдың көмегімен оған ой жүгіртуге көмектесті (Лұқа 10:25—37).
5 Адамдардың берік ұстанатын діни нанымдары Құдай Сөзінде жазылған шындықтың құдіретіне төтеп бере алмайды (Евр. 4:12). Шыдамдылық таныта отырып, адамдардың жүрегіне жол табар болсақ, оларға жалған сенімдерден бас тартып, азаттыққа жеткізетін шындықты қабыл алуға көмектесе аламыз (Жох. 8:32).