“Отбасы бақыты” кітабын зерттейтін боламыз
1 2008 жылдың 22 қыркүйегінен басталатын аптадан бастап қауымның кітап зерттеу кездесуінде “Отбасы бақытының сыры” кітабын қарастыратынымызды қуана хабарлаймыз. Отбасын бақытты етуге қатысты Жазбалардағы тиімді кеңестерден құр алақан қалмау үшін, ешқайсымыздың да кітап зерттеу тобын жіберіп алғымыз келмесі анық. Зерттеу кестесі кітаптағы әрбір абзацты және әрбір Жазба орнын егжей-тегжейлі қарастыруға мүмкіндік береді.
2 Бірінші тарауда үзіндісі келтірілмеген тармақтар аз болғандықтан, ол алғашқы аптада толығымен қарастырылады. Қалған тарауларды бөліп қарастырамыз. Уақыт жетсе, келтірілген Жазба орындарын оқып, талқылау керек. Ал үзіндісі келтірілген тармақтарды іс жүзінде қалай қолдануға болатынын мұқият қарастырып шығуға болады.
3 Әр тараудың соңындағы қоршауда келтірілген принциптерді қарастыру зерттеудің маңызды бөлігі болмақ. Сондықтан ондағы сұрақтар мен көрсетілген тармақтарды қарастыруға жеткілікті уақыт бөлу керек.
4 Кітап зерттеуді жүргізетін бауырластың зерттеуге жақсылап дайындалғаны абзал. Сондай-ақ оның жаңадан келгендерді қоса алғанда, топтағылардың барлығын да жақсылап дайындалуға, зерттеуге үзбей келіп, атсалысуға талпындырғаны жөн (od-U 69—71).