Журнал алған адамдармен зерттеу сабағын бастау
1. Журналдарды не үшін ұсынамыз?
1 Сенбі күндері біз “Күзет мұнарасы” мен “Ояныңдар!” журналдарын таратамыз. Дегенмен бұл — ақ жүректі адамдарға шындықты үйретудің алғашқы ғана қадамы. Төменде қайта барған адамдарға “Киелі кітап үйретеді” кітабын ұсынып, зерттеу сабағын қалай бастауға болатыны көрсетілген. Ұсыныстарды өз учаскеңе бейімдеп, өз сөзіңмен айтуыңа болады. Өз аймағыңа қолайлы басқа ұсыныстарды да қолдануыңа болады.
2. Зерттеу сабағын бастау үшін “Киелі кітап үйретеді” кітабының кіріспе беттерін қалай қолдана аламыз?
2 Кіріспе беттерді қолдан. Қайта барғанда былай деуіңе болады: “Сізге қалдырған журналдар Киелі кітапқа көңіл аударады. Киелі кітапты оқудың неліктен соншалықты маңызды екеніне назар аударыңызшы”. Ишая 48:17, 18-ді не Жохан 17:3-ті, болмаса осы ойды ашатын басқа бір Жазба орнын оқып бер. Одан кейін үй иесіне “Киелі кітап үйретеді” кітабын көрсетіп, оған бір данасын бер де, былай деп жалғастыр:
◼ “Киелі кітап болашаққа қатысты нағыз үміт береді”. Үй иесіне 4, 5-беттерді көрсет те: “Осы уәделердің қайсысының орындалғанын қалар едіңіз?”— деп сұра. Ол таңдаған уәде талқыланатын тарауды көрсетіп, мүмкіндік болса, бір-екі абзацын талқыла.
◼ Болмаса былай деп айт: “Киелі кітаптан өмірімізге қатысты маңызды сұрақтарға жауап табуға болады”. Оның назарын 6-бетке аударып, төменгі жағындағы сұрақтарды көрсет те: “Осы сұрақтар жөнінде ойланып көріп пе едіңіз?”— деп сұра. Ол таңдаған сұрақтың жауабы жазылған тарауды аш та, бір не екі абзацты қысқаша талқыла.
◼ Немесе кітаптың мазмұнындағы кейбір тақырыптарға назарын аудар, одан соң олардың қайсысы туралы көбірек білгісі келетінін сұра. Сол тарауды ашып, зерттеу сабағының қалай өтетінін қысқаша көрсет.
3. а) Дүниедегі жағдайдың нашарлауы; ә) отбасы өмірі; б) Киелі кітапқа сенім артуға болатыны туралы журналдарды алған адамдармен зерттеу сабағын қалай бастауға болады?
3 Келесі жолы қандай сұрақты талқылайтыныңды айтып кет. Сонымен қатар, алғаш келгенде, адамға қайта барудың негізін қалауға болады. Үй иесі журналды алған соң, оған сұрақ қой да, бұл сұраққа келесі жолы жауап беретініңді айт. Онымен нақты уақытқа келіс және сөзіңде тұрып, сол уақытта кел (Мат. 5:37). Қайта келгенде, өткендегі сұрақты үй иесінің есіне сал, одан кейін “Киелі кітап үйретеді” кітабындағы сол сұрақтың жауабын қысқаша талқыла. Көз жүгіртіп тұру үшін, оған да кітаптың бір данасын ұстатып қой. Төменде бірнеше мысал келтірілген:
◼ Дүниедегі жағдайдың нашарлауы туралы журнал қалдырған болсаң, былай деуіңе болады: “Келесі жолы Құдай жер бетінде қандай өзгеріс жасайды деген сұрақтың жауабын біле аламыз”. Қайтып келгенде, 4, 5-беттердегі мәліметтерді қолдан. Немесе: “Қайғы-қасіретті Құдай жіберіп отыр ма?”— деп сұра. Ал келесі жолы 1-тараудағы 7, 8-абзацтарды көрсет.
◼ Егер сен қалдырған журналда отбасы өмірі талқыланатын болса, кетпес бұрын адамнан былай деп сұра: “Отбасы бақытты болу үшін үй ішіндегілердің әрқайсысы не істей алады?” Қайтып келгенде, 14-тараудың 4-абзацын қарастыр.
◼ Ал журналда Киелі кітапқа сенім артуға болатыны айтылса, былай де: “Келесі жолы Киелі кітап ғылыми тұрғыдан тура ма деген сұрақтың жауабын аламыз”. Ал қайта барғанда, 2-тараудың 8-абзацын қарастыр.
4. Үй иесі “Киелі кітап үйретеді” кітабын алмаса, не істегеніміз дұрыс?
4 Әр келген сайын, келесі жолы талқылайтын сұрақты айтып кет. Ал зерттеу сабағы тұрақтанған соң, кітап тарауларын тұрған тәртібіне қарай бастан-аяқ талқылаңдар. Ал егер үй иесі кітапты алмай қойса ше? Онда оған әрі қарай да журналдарды әкеле бер және келген сайын Киелі кітап тармақтарын талқылап тұр. Мүмкін, ол қызығушылығы арта келе бір күні зерттеу сабағына да келісер.
5. Неге адамдарға журнал қалдырумен ғана шектелмеуіміз керек?
5 “Күзет мұнарасы” мен “Ояныңдар!” журналдары адамның Киелі кітаптың шын мәнінде неге үйрететін білуге деген ықыласын оятуы мүмкін. Сондықтан журнал алған адамдармен зерттеу сабағын бастауға ерекше күш салыңдар. Осылайша Исаның: “Оларды Менің шәкірттерім етіп... үйретіңдер!”— деген өсиетін орындаймыз (Мат. 28:19, 20)