Қарашада “Ояныңдар!” журналының арнайы санын ұсынамыз!
1 Көптеген адам Киелі кітаптың құндылығына қатысты сұрақтардың жауабын шын жүректен білгісі келеді. Олардың кейбірі мыналар: егер Киелі кітапты адам жазған болса, қалайша оны Құдай Сөзі деуге болады? Оның қадамдарымызға бағыт бере алатынына қалай сенімді бола аламыз? Киелі кітапты оқуға және зерттеуге күш салып, уақыт бөлетін болсам, бұның қандай пайдасын көремін? Қараша айындағы “Киелі кітапқа сенім артуға бола ма?” деп аталатын “Ояныңдар!” журналының арнайы санында осы және басқа да сұрақтардың жауаптары жазылады.
2 Біз “Ояныңдар!” журналының осы арнайы санын өз аумағымызда мүмкіндігінше көп адамға ұсынғымыз келеді. Мүмкін болса, қараша айының әр сенбісінде қауыммен бірге үйме-үй уағыздауға шығуға тырыс. Журналды туысқандарыңа, көршілеріңе, жұмысыңдағы адамдарға, мұғалімдеріңе, сыныптастарыңа және қайта барған адамдарыңа көрсет. Дүкен аралағанда немесе жол жүргенде оның бірнеше данасын алып ал. Журнал жеткілікті мөлшерде болу үшін ақсақалдар артығымен тапсырыс берген.
3 Зерттеу сабағын баста. Егер адам журналды алса, әңгімеңді аяқтамас бұрын Киелі кітап зерттеу сабағын бастауға негіз қалап кетуіңе болады. Ол үшін, мысалы: “Келесі жолы мен Киелі кітаптан “Құдайдың жерге қатысты ниеті қандай?” деген сұрақтың жауабын көрсеткім келеді”,— деуіңе болады. Ал қайта келгенде, “Киелі кітап үйретеді” басылымының 4, 5-беттерін көрсет немесе 3-тарауының 1—3 дейінгі абзацтарын қарастыр. Былай деуге де болады: “Келесі жолы Киелі кітаптағы қазір орындалып жатқан пайғамбарлық туралы айтып бергім келеді”. Келесі келгенде үй иесіне кітаптың 9-тарауын көрсет те, 1—3 дейінгі абзацтарды бірге талқылаңдар. Болмаса, жай ғана: “Кейбір адамдар Құдай Сөзін оқығанда, түсіне алмайды. Келесі жолы сізге Құдай Сөзін қалай түсінуге болатынын көрсетер едім”,— деуіңе болады. Келесі келгенде “Киелі кітап үйретеді” басылымын қолданып, зерттеу сабағының қалай өтетінін көрсет.
4 Киелі кітап қана бізді “парасатты етіп... құтқарылуға бастап әкеледі” (Тім. 2-х. 3:15). Сондықтан адамдардың Киелі кітапқа сенімділікпен қарауына көмектесу үшін шығарылған “Ояныңдар!” журналының арнайы санын таратуға бәріміз де құлшына атсалысқымыз келеді!