Жақсы нәрселерді әдетке айналдыр да, Құдайдың көл-көсір батасына ие бол
1. Күнделікті рухани істеріңді тексеріп тұрғаның неге пайдалы?
1 Алғаш мәсіхші болған кезіңде Киелі кітап зерттеу, қауым кездесуі, уағыздау қызметі және дұға сияқты рухани істерді әдетке айналдыру үшін көп күш салған шығарсың. Нәтижесінде әрекеттеріңе Ехоба батасын беріп, рухани өстің. Шомылдыру рәсімінен өткеніңнен бері де талай жыл өткен шығар. Рухани өсіп келе жатқан кезіңде қалыптасқан сол рухани әдеттеріңді әлі сақтап келесің бе?
2. Киелі кітапты күнделікті оқудың қандай пайдасы бар?
2 Күнделікті істеріңді тексер. Сенде Құдай Сөзін күнделікті оқитын әдет бар ма? Бұлай еткеніміз бізге мол бата алып келеді (Еш. 1:8; Заб. 1:2, 3). Ежелгі Исраилде Құдай заңының өзі жасаған көшірмесін “дәм-тұзы таусылғанға дейін” оқу әрбір патшаның міндеті болған. Мұның қандай пайдасы бар еді? Патша осылайша Ехобаның өсиеттерін ұмытып кетпеу үшін кішіпейілділік дамытып, Ехобадан қорқуды үйренген (Заң. қ. 17:18—20). Біз де Киелі кітапты күнделікті оқи отырып, қазіргі зұлым, азғын дүниеде кінәсіз, таза жүруімізге болады. Сондай-ақ бұл қызметке толықтай даяр болуымызға көмектеседі (Філіп. 2:15; Тім. 2-х. 3:17).
3. Кездесулерге үнемі барып тұрудың біз үшін қандай пайдасы бар?
3 Исаның Жазбалар талқыланатын жерге, мәжілісханаға, үнемі барып тұратын әдеті болған (Лұқ. 4:16). Бұл оның кейінгі қиындықтарға төтеп беруіне күш беріп, нығайтқанында сөз жоқ. Қауым кездесулерінде рухани тәлім алғанымыз және ‘бір-бірімізді жігерлендіргеніміз’ бізді де нығайтады (Рим. 1:12). Бауырластармен бас қосып тұрғанымыз соңғы күндердің қиыншылықтарына төзуге күш береді (Евр. 10:24, 25). Қауым кездесулерін жібермей барып тұру сенің әдетіңде әлі де бар ма?
4. Уағыздауға апта сайын шыққанның біз үшін қандай пайдасы бар?
4 Киелі кітапта елшілердің “күн сайын ғибадатханада және үйлерде” ізгі хабарды жариялағандары айтылады (Ел. іс. 5:42). Уағыздау қызметіне күнде шыға алмасақ та, оның қандай да бір түріне апта сайын атсалысып тұруды әдетке айналдыра аламыз ба? Осылайша Құдай Сөзін қолдану шеберлігімізді арттырамыз, әрі Киелі кітап шындығын басқаларға айтып жүріп жігерлендірерлік оқиғаларды басымыздан кешіруіміз мүмкін.
5. Ехобаға үнемі дұға айтып тұрғанымыз неліктен маңызды?
5 Ехоба өзіне “ұдайы” қызмет еткені үшін Даниял пайғамбарды молынан жарылқаған. Ехобаға үнемі дұға етіп тұру оның қызметінің бір бөлігі болған (Дан. 6:10, 16, 20). Сол сияқты Ехобаға үнемі дұға айтатын болсақ, ол бізге киелі рухын сыйлайды (Лұқ. 11:9—13). Оның үстіне, Ехоба өзімен жақын қарым-қатынаста болуымыз үшін бізге жақындай түседі. Осылайша дұғамызға жауап береді (Заб. 24:14, ЖД; Жақ. 4:8). Неткен керемет сый! Олай болса, жақсы әдеттерімізден айырылмай, Ехобаның мол батасына ие болуға барынша тырысайық.