Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • w00 1.6. 13—18 бет.
  • Ехобаның бізді жетелеуі

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Ехобаның бізді жетелеуі
  • 2000 жылғы Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды
  • Тақырыпшалар
  • Ұқсас мәлімет
  • Кездесулерге барып жүрсіңдер ме?
  • Тыңдай біліңдер
  • Дауыстарың естілсін
  • Тәжірибесіздер ақылды болады
  • Қайда жетелесе де, біз Құдайдың соңынан ереміз
  • Ғибадат ету үшін неге бас қосуымыз қажет?
    Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (зерттеуге арналған). 2016
  • Ехоба куәгерлерінің жиындары сізге қандай пайдасын тигізеді?
    Мәңгі бақи өмірдің рақатын көріңіз! (интерактивті Киелі кітап сабақтары)
  • Кездесулердің жігер беретіндей өтуіне үлес қосып жүрсің бе?
    2010 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
  • Ғибадат ету үшін бас қосу
    Құдай Патшалығы билік етуде!
Көбірек мәлімет
2000 жылғы Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды
w00 1.6. 13—18 бет.

Ехобаның бізді жетелеуі

«Мені әділдік жолымен жетелеші» (ЗАБУР 26:11).

1, 2. а) Бүгінде Ехоба өз халқын қалай жетелеп келеді? ә) Кездесулердің толық пайдасын көру үшін не қажет?

АЛДЫҢҒЫ мақаладан Ехобаның жарық пен шындықтың Қайнар көзі екенін білдік. Оның Сөзі әділдік жолымен жүріп келе жатқан біздердің жолымызға жарық түсіреді. Ехоба өз жолымен жүруді үйрету арқылы бізге басшылық жасайды (Забур 118:105). Біз де, ертедегі Забур жыршысы сияқты, Құдайдың басшылығын ризашылықпен қабылдап: «О, Тәңір, мені өз жолыңа үйретіп, дұшпандарым үшін мені әділдік жолымен жетелеші»,— деп дұға етеміз (Забур 26:11).

2 Бүгінде Ехоба тәлімді мәсіхшілер кездесуінде береді. 1) Жиналыстарға үзбей бару, 2) бағдарламаны мұқият тыңдау, 3) тыңдаушылар түсініктеме беретін бөлімдеріне шын көңілден қатысу арқылы, Ехобаның ұсынып отырған нәрселерінің толық пайдасын көріп жүрміз бе? Сондай-ақ «әділдік жолынан» таймауымызға көмектесетін кеңестерге ризашылықпен құлақ асып жүрміз бе?

Кездесулерге барып жүрсіңдер ме?

3. Ехобаның бір толық уақытты қызметшісі кездесулерге үзбей баруды қалай тамаша әдетке айналдырды?

3 Патшалықты уағыздаушылардың кейбірі бала күнінен бері қауым кездесулеріне үзбей барады. Ехобаға толық уақытты қызмет ететін бір бауырласымыз: «1930 жылдары біз әлі бала едік. Біздің үйдің қыздарына ата-анамыздан кездесуге бару жөнінде сұраудың қажеті болмайтын. Деніміз сау болса баратынымызды білетінбіз. Біздің отбасымыз кездесуден қалмайтын»,— деп есіне алады. Бұл бауырласымыз, Анна деген пайғамбар сияқты, Ехобаға мінажат ету орнынан «шықпайды» (Лұқа 2:36, 37).

4-6. а) Патшалықты уағыздаушылардың кейбірінің кездесулерге кейде бармай қалу себебі неде? ә) Кездесулерге бару неге сонша маңызды?

4 Сендер мәсіхшілердің кездесулеріне үзбей баратындардың қатарынансыңдар ма, әлде анда-санда ғана баратын болып кеттіңдер ме? Бұл жағынан бәрі ойдағыдай деген пікірдегі кейбір мәсіхшілер өздерін тексеруді ұйғарып, барған кездесулерін бірнеше апта қатарынан жазып жүрген болатын. Уақыты келгенде өздерінің жазғандарына қараған олар, өздерінің қанша жиналыстан қалғандарын көріп, таңғалды.

5 Мүмкін, әлдекім: «Бұның таңғалатын несі бар? Қазір адамдар қатты қысым көруде, сондықтан жиналыстарға үзбей бару оңай емес»,— дер. Біздің қиын кезеңде өмір сүріп отырғанымызға ешкімнің дауы жоқ. Оның үстіне, қысымның тек күшейе түсері сөзсіз (2 Тімотеге 3:13). Бірақ бұл жиналыстарға барудың маңызы арта түседі дегенді білдірмейді ме? Құнары күшті рухани азықпен үзбей тамақтанбасақ, біз бұл дүниенің қысымын көтере алмаймыз. Ал бауырластарымызбен үзбей араласып тұрмасақ, «әділдердің жолымен» жүруді мүлдем қою туралы ойлар келуі мүмкін! (Нақыл сөздер 4:18). Рас, кейде, жұмыстан шаршап-шалдығып келгенде, жиналысқа барғымыз келмейтін де шығар. Бірақ шаршағанымызға қарамастан барсақ, өзіміз де пайдасын көреміз, Патшалық сарайындағы бауырластарымызды да жігерлендіреміз.

6 Еврейлерге 10:25-те кездесулерге баруымыз керектігін көрсететін маңызы зор тағы бір себеп жазылған. Онда Пауыл мәсіхшілерді «сол күннің жақындағанын [өздері] байқаған сайын» бір-бірімен бас қосуға шақырады. Иә, «Құдайдың күні» жақындап қалғанын біз назардан тыс қалдырмауымыз керек (2 Петір 3:12). Егер бұл дүниенің соңы жақын арада келмейді деген тұжырым жасасақ, жиналыстарға үзбей бару сияқты маңызды рухани әрекетті жеке басымыздың қамы ысыра бастауы ықтимал. Сонда, Исаның айтқанындай, оның «қайтып оралатын күні [бізге] қапылыста келуі» мүмкін (Лұқа 21:34).

Тыңдай біліңдер

7. Кездесулерде балалардың мұқият тыңдауы неге маңызды?

7 Жиналысқа барып қана қойған жеткіліксіз. Онда біз мұқият тыңдауымыз керек (Нақыл сөздер 7:24). Бұның балаларымызға да қатысы бар. Мектепке баратын баладан, тіпті оған тақырып қызық болмаса да немесе қиын болып көрінсе де, мұғалімнің айтқандарын мұқият тыңдау талап етіледі. Егер бала мұқият тыңдауға талпынатын болса, оның сабақтан әйтеуір бір пайдалы нәрсе алатынын мұғалім біледі. Сондықтан мектеп жасындағы балаларға жиналыс бастала сала ұйқыға берілуге мүмкіндік бергеннен гөрі, олардан айтылып жатқан ақыл-кеңестерге мұқият болуды талап еткен ақылға қонымды емес пе? Киелі кітаптағы құнды шындықтың ішінде «бірқатар түсінуге қиын жерлер бар» екені рас (2 Петір 3:16). Дегенмен баланың үйренуге деген қабілетін ескермеуге болмайды. Өйткені Құдай мұны міндетті түрде ескереді. Киелі кітап жазылып жатқан уақытта Ол өзінің жас қызметшілеріне «тыңдап үйреніп, Тәңірінен қорқып, заңның барлық сөздерін орындауға тырысуды» бұйырған, ал Заңның ішінде балалар үшін түсінуге қиын нәрселердің болғанында күмән жоқ (Заңды қайталау 31:12; салыстырыңдар: Леуі 18:1—30). Бүгінде Ехоба балаларға мұнша талап қоймайды деуге негіз бар ма?

8. Кейбір ата-ана балаларының кездесулерде мұқият тыңдауына көмектесу үшін не істеуде?

8 Балалардың рухани қажеттіліктері қандай да бір шамада олардың кездесулерде үйренген нәрселерінің арқасында қанағаттандырылатынын мәсіхші ата-ана терең түсінеді. Сондықтан кейбір ата-ана Патшалық сарайына балалары үйренуге дайын болып баруы үшін, кездесуге дейін ұйықтатып, демалдырып алады. Ал екінші бір ата-ана болса кешке жиналыс болатын күні балаларының теледидар көруін шектейді немесе көруге тыйым салады (Ефестіктерге 5:15, 16). Оның үстіне, мұндай ата-ана, балаларын жасы мен қабілеттеріне қарай тыңдауға әрі үйренуге талпындыру арқылы, оларды алаңдатуы мүмкін нәрселерді мейлінше азайтады (Нақыл сөздер 8:32).

9. Тыңдау қабілетін дамытуымызға не көмектеседі?

9 Иса ересектерге: «Қалай тыңдайтындарыңа көңіл бөліңдер!» — деген болатын (Лұқа 8:18). Бүгінде, көбінесе, бұны істегеннен гөрі айтқан оңай. Шындап тыңдау — қиын жұмыс. Бұған ешкімнің дауы жоқ. Бірақ тыңдау қабілетін дамытуға болады. Киелі кітапқа негізделген баяндаманы немесе бағдарламаның бір бөлігін тыңдап отырғанда ең басты ойды анықтауға тырысыңдар. Баяндамашының әрі қарай не айтатынын алдын ала анықтауға ұмтылып, қызметте немесе өз өмірлеріңде қолдануға болатын ойларды іздеңдер. Талқыланып жатқан бөлімдерге ойша шолу жасаңдар, әрі қағазға қысқаша жазып отырыңдар.

10, 11. Кейбір ата-ана балаларының мұқият тыңдауды үйренуіне қалай көмектесті және сендер қандай әдістер пайдалы деген ойдасыңдар?

10 Тыңдай білуге адам әсіресе жас күнінде жақсы үйренеді. Кейбір ата-ана тіпті оқып-жазуды үйренбеген мектеп жасына дейінгі балаларын да «жазып отыруға» талпындырады. Бала өзіне жақсы таныс «Ехоба», «Иса» немесе «Патшалық» сияқты сөздерді естігенде, қағазына белгі қойып отырады. Осылайша балалар мінбеден айтылып жатқан нәрселерді мұқият тыңдауды үйренеді.

11 Кейде ересектеу балаларды да мұқият тыңдауға ұмтылдырып отыру керек. Конгресте он бір жасар баласының ойы басқа жақта отырғанын байқаған отағасы, оның қолына Киелі кітапты беріп, баяндамашының атаған тармақтарын ашып отыруын өтінді. Ал өзі болса жазып отырып, қабатында баласының қолындағы Киелі кітапқа қарап қойып отырды. Осыдан кейін барып балаға бағдарламаны тыңдау қызық бола бастады.

Дауыстарың естілсін

12, 13. Қауыммен бірге ән айту неге маңызды?

12 Дәуіт патша: «О, Тәңір... Саған құрбандық шалатын орынды айналып шығамын, дауыстап мадақтап, Сенің әрбір кереметіңді паш ету үшін»,— деп жырлады (Забур 25:6, 7). Ехоба Куәгерлерінің кездесулері сенімімізді дауыстап білдіруімізге керемет мүмкіндік береді. Мұны, мысалы, қауымда айтылатын әнге қосылу арқылы істеуімізге болады. Бұл — біздің мінажатымыздың маңызды бөлігі. Алайда бұның маңыздылығын ұмытып кету оп-оңай.

13 Кейбір оқи алмайтын балалар жиналыстарда айтылатын Патшалық туралы әндерді әр апта сайын жаттайды. Үлкендерге қосылып ән айту оларды қуанышқа бөлейді. Алайда өсе келе балалардың ән айтуға деген мұндай шабыты басылып қалуы мүмкін. Ересек адамдар да жиналыстарда ән айтуға ұялады. Бірақ ән айту біздің мінажатымызда уағыз айту сияқты маңызды орынға ие (Ефестіктерге 5:19). Қызметімізбен Ехобаны мадақтауда біз алдымызға жан салмаймыз. Ендеше, әуенін келістіріп айта аламыз ба, жоқ па, соған қарамастан, оны шын жүректен ән айтып мадақтау қолымыздан келмейді ме? (Еврейлерге 13:15).

14. Неліктен қауымда талқыланатын мақалалар жақсы дайындықты қажет етеді?

14 Сондай-ақ біз жиналыста тыңдаушылардың қатысуы қажет болған кезде, өзгелерге жігер беретін түсініктемелер беру арқылы Құдайды мадақтаймыз. Ал бұл дайындықты қажет етеді. Құдай Сөзінің терең ілімі туралы жан-жақты ойлау үшін уақыт керек. Жазбаларды құштарлықпен зерттеген елші Пауыл бұны жақсы түсінген. Ол: «О, Құдайдың даналығы мен парасаты неткен терең!» — деп жазған болатын (Римдіктерге 11:33). Отағалары, отбасы мүшелерінің әрбіріне Киелі жазба түсіндіретін Құдайдың даналығын түсіну үшін жәрдем беріңдер. Бұл өте маңызды нәрсе. Киелі кітапты отбасымен бірге зерттеу барысында түсінуге қиын жерлерді түсіндіруге және отбасының кездесулерге дайындалуына жәрдем беруге уақыт бөліңдер.

15. Жиналыстарда түсініктеме беруімізге не көмектеседі?

15 Жиналыста жиі-жиі түсініктеме бергілерің келетін болса, айтқыларың келген нәрселерді неге алдын ала ойлап алмасқа? Әдемі сөздермен айтудың қажеті жоқ. Сеніммен оқылған Киелі кітаптың сәйкес келетін тармағы немесе жүректен шыққан әрі тауып айтылған бірнеше сөз лайықты бағаланады. Кейбір уағыздаушылар талқылауды жүргізушіге өздерінің бірінші түсінікті қай абзацқа бергісі келетіндігін айтып қояды. Бұны олар сенімдерін білдірудің мүмкіндігін жіберіп алмау үшін істейді.

Тәжірибесіздер ақылды болады

16, 17. Қария қызмет көмекшісіне қандай кеңес берді және неге бұл нәтижелі болды?

16 Ехоба Куәгерлерінің кездесулерінде Киелі кітапты күнделікті оқу керектігі жиі есімізге салынады. Осылай істеу арқылы біз одан күш-қуат аламыз. Оның үстіне, бұл біздің ақылға сай шешімдер қабылдауымызға, кемшіліктерімізді түзеуімізге, азғыруларға қарсы тұруымызға, сондай-ақ дұрыс емес бағытта қадам жасап қойсақ, рухани аяққа тұруымызға көмектеседі (Забур 18:8).

17 Тәжірибелі қауым қариялары Киелі кітаптағы ақыл-кеңестерді біздің қажеттіліктерімізге бейімдеп, бөлісуге дайын. Ал бізге олардың Киелі кітапқа негізделген кеңестерінен ақыл «алу» ғана қалады (Нақыл сөздер 20:5, Қазіргі заман аудармасы). Бір күні, бір жас әрі қайратты қызмет көмекшісі қариядан өз пайдасын қауымға көбірек тигізудің жолдарын сұрайды. Қария бұл жігітті жақсы білетін. Сондықтан ол басшылықты қолға алғандар «парасатты» болуға тиісті екендігі айтылған Киелі кітаптағы 1 Тімоте 3:3-ті (ЖД) ашады. Сөйтіп оның өзгелермен қарым-қатынаста қалай парасаттылық танытуына болатынын ізгі ниетпен көрсетеді. Тіке айтылған кеңеске бауырласымыз өкпеледі ме? Жоқ, ол ешқандай да өкпелеген жоқ. «Қария Киелі кітапты қолданды,— дейді ол,— сондықтан бұның Ехобадан келген кеңес екенін түсіндім». Риза болған қызмет көмекшісі берілген кеңесті орындап, тамаша рухани жетістіктерге жетуде.

18. а) Бір мәсіхші қыздың мектептегі азғыруларға қарсы тұруына не көмектесті? ә) Азғыруларға кезіккенде Киелі кітаптағы қандай жазба орындарын естеріңе аласыңдар?

18 Оның үстіне Киелі кітап жастардың «жастықтың құмарлықтарынан бас тартуына» көмектеседі (2 Тімотеге 2:22). Мектепті жақында ғана бітірген бір Ехоба Куәгері, мектепте оқып жүрген кезінде, белгілі бір жазба орындары туралы жан-жақты ойланып, өмірінде қолданатын. Ал бұл болса оның азғыруларға қарсы тұруына көмектесетін. Ол Нақыл сөздер 13:20-дағы «Ақылдымен араласқан ақылды болады, ал кім ақымақпен дос болса — азғындық жолға түседі»,— деген кеңес туралы жиі ойлайтын. Сол себепті де ол Киелі кітаптағы принциптерді қатты сыйлайтындармен ғана достасатын. Бұл жас қыз: «Мен ешкімнен артық емеспін. Егер достасуға болмайтын адаммен достассам, менің оларға ұнайтын іс-әрекет істегім келетін болады, ал бұл жақсылыққа апармайды»,— деп ойлайтын. Бұл қызға сондай-ақ: «Иеміз Иса Мәсіхті ашық мойындаудан ешқашан тартынба... қайта Ізгі хабар үшін азаптарды бірге көр»,— деген Пауылдың 2 Тімотеге 1:8-дегі кеңестерінің көмегі болды. Осы кеңеске сәйкес, ол өзінің Киелі кітапқа негізделген сенімі туралы сыныптастарына батылдықпен ыңғайы келген сайын айтып бөлісетін. Ол баяндама дайындауға тапсырма алған кездерінің бәрінде Құдай Патшалығы туралы куәлік етуге мүмкіндік беретін тақырыптарды таңдайтын.

19. Бір жас бала осы дүниенің қысымына неге қарсы тұра алмады, бірақ нендей нәрсе оған рухани күш берді?

19 Егер «әділдердің жолынан» тайып кетсек, Құдайдың Сөзі біздің қайтадан дұрыс жолға түсуімізге көмектеседі (Нақыл сөздер 4:18). Бұның рас екендігін Африкада тұратын бір жас бала басынан кешкен оқиғасы арқылы түсінді. Ехоба Куәгері келген кезде ол Киелі кітапты зерттеуге келіседі. Оған зерттеу барысында білгендері ұнайтын, бірақ көп ұзамай ол өзімен бірге оқитын әдепсіз балалардың қатарына қосылып кетеді. Уақыт өте келе азғындық өмір кеше бастайды. «Мені ар-ұжданым мазалайтын, сондықтан жиналыстарға барғанды қойдым»,— деп мойындады ол. Алайда кейіннен кездесулерге баруды қайта бастаған ол өзінің осындай жағдайға ұшырау себебі жайында былай деді: «Менің осындай жағдайға ұшырауыма рухани аш жүргенім себеп болды. Мен Киелі кітапты жеке отырып зерттемейтінмін. Міне, сондықтан да мен азғыруларға қарсы тұра алмадым. Сосын «Күзет мұнарасы» мен «Ояныңдар!» журналдарын оқуды бастадым. Бірте-бірте рухани күш жинап, өмірімді қалыпқа келтірдім. Бұл менің өзгергенімді көргендер үшін жақсы куәлік болды. Мен шомылдыру рәсімінен өттім, әрі қазір өзімді бақытты сезінемін». Ол қалайша өз тәнінің осал жерімен күресіп жеңе білді? Ол Киелі кітапты жеке отырып үнемі зерттеп, рухани күш жинау арқылы жеңді.

20. Шайтанның шабуылына жас жігіт пен қыз баланың қалай қарсы тұруына болады?

20 Мәсіхші жастар, бүгінде өздеріңнің шабуылдың астында екендіктеріңді есте ұстаңдар! Шайтанның шабуылдарына қарсы тұра білу үшін, жас жігіттер мен қыз балалар, сендер үнемі рухани тамақтануларың керек. Бұны Забур жыршысы түсінген. Сірә, оның өзі де жас болған болса керек. «Жас жігіттің ақ жолмен жүруіне» мүмкіндік жасайтын Сөзі үшін ол Ехобаға риза болған (Забур 118:9).

Қайда жетелесе де, біз Құдайдың соңынан ереміз

21, 22. Неге біз шындық жолы ауыр деген көзқарасты ұстанбауымыз керек?

21 Ехоба Исраил халқын Мысырдан шығарып алып, Уәде етілген жерге жетелеген болатын. Адамның көзінде олар жүрген жол қиын әрі мағынасыз болып көрінуі мүмкін еді. Өйткені Ехоба өзінің халқын жеңіл әрі төте болып көрінетін Жерорта теңізінің бойымен алып жүрудің орнына, шөл даладағы қиын жолмен алып жүрді. Дегенмен Құдай осылайша өзінің жақсылығын көрсеткен болатын. Теңіздің бойындағы жол қысқа болғанымен, исраилдіктер өздеріне қас філістірлердің жерінен өтуі керек болған болар еді. Өзге бағытты таңдау арқылы, Ехоба өз халқын філістірлермен беймезгіл соқтығыстан сақтап қалды.

22 Бүгінде Ехобаның бізді жетелеп келе жатқан жолы кейде қиын болып көрінуі мүмкін. Біздің әрбір аптамыз мәсіхшілердің кездесуі, жеке отырып зерттеу, уағыздау қызметі сияқты нәрселерге толы. Ал басқа жолдар жеңіл сияқты көрінеді. Алайда Құдайдың басшылығы бойынша әрекет жасағанда ғана біз қол жеткізу үшін бар күшімізді салып жүрген мақсатымызға жете аламыз. Сондықтан Ехобаның беріп отырған өмірімізге қажетті тәліміне құлақ асып, «әділдіктің жолынан» мәңгі-бақи таймайық! (Забур 26:11).

Түсіндіріп бере аласыңдар ма?

• Біз үшін кездесулерге үзбей бару неге сонша маңызды?

• Кездесулерде балалардың мұқият тыңдауына ата-ана қалай көмектесе алады?

• Тыңдай білу дегеніміз не?

• Кездесулерде түсініктеме беруімізге не көмектеседі?

[15-беттегі суреттер]

Кездесулерге бару Ехобаның күнін есте ұстауымызға көмектеседі.

[16, 17-беттердегі сурет]

Кездесулерде Ехобаны түрлі жолдармен мадақтауға болады.

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу