‘Сенім туралы сөздерден нәр алайық’
1 Құдайға ұнамды өмір сүру үшін көп күш салу керек (Тім. 1-х. 4:7—10). Алайда өз күшімізге сүйенетін болсақ, тез арада шаршап, сүрініп құлар едік (Иш. 40:29—31). Ехобадан күш алудың бір жолы — ‘сенім туралы сөздерден нәр алу’ (Тім. 1-х. 4:6).
2 Нәрлі рухани ас-су. Ехоба өзінің Сөзі мен ‘адал да ақылды құл’ арқылы нәрлі рухани ас-сумен қамтамасыз етіп отыр (Мат. 24:45, ЖД). Пайдасын көру үшін оны қабылдап жүрміз бе? Киелі кітапты күнделікті оқимыз ба? Жеке зерттеу мен ой жүгіртуге уақыт бөлеміз бе? (Заб. 1:2, 3). Осындай пайдалы рухани ас-су бізді нығайтып, әрі Шайтан дүниесінің әлсірететін әсерлерінен сақтайды (Жох. 1-х. 5:19). Егер санамызды пайдалы ойлармен толтырып, әрі оларды іс-жүзінде қолданатын болсақ, Ехоба бізге жар болады (Філіп. 4:8, 9).
3 Сонымен қатар Ехоба бізді қауым кездесулері арқылы да нығайтады (Ев. 10:24, 25). Ондағы рухани тәлім және пайдалы қарым-қатынас сынақтарға төтеп беруімізге күш береді (Пет. 1-х. 5:9, 10). Бір жас бауырлас былай деген: “Күні бойы мектепте болғаннан шаршап кетемін. Ал кездесулер шөл даладағы көгалды, сулы алқап сияқты келесі күні мектепке бару үшін нығайтып отырады”. Кездесулерге қатысуға күш салғанымыз үшін қандай баталарға ие болудамыз десеңдерші!
4 Құдай Сөзіндегі шындықты жариялау. Ізгі хабармен бөлісу Иса үшін нәр іспетті болған. Бұл оған күш-қуат берген (Жох. 4:32—34). Сол сияқты біз де өзгелерге Құдайдың керемет уәделері туралы айтқан кезде, бойымызға жаңа күш пайда болғанын сеземіз. Сондай-ақ уағыздау қызметіне белсенділікпен қатысқанымыз Патшалық пен оның болашақ баталарын жүрегіміз бен санамызда берік сақтауға көмектеседі. Бұл жанымызды шынымен рақатқа бөлеп, сергітеді (Мат. 11:28—30).
5 Ехобаның өз халқына беріп жатқан көл-көсір рухани ас-судың пайдасын көріп жатқанымыз қандай керемет бата десеңдерші! Сондықтан көтеріңкі көңілмен Оны мадақтай берейік (Иш. 65:13, 14).