Аудандық конгрестің бағдарламасын қайталау
Бұл мақала 2005 қызмет жылының аудандық конгресс бағдарламасына алдын ала шолу жасау мен оны қайталау үшін қолданылады. Қайталаудың қалай өткізілетіні 4-беттегі “Конгрестер бағдарламасын қайталаудың жаңа тәртібі” мақаласында түсіндіріледі. Қайталау кезінде уақытты барлық сұрақтар қойылатындай етіп бөлу керек. Сонымен қатар конгресте айтылған мәліметтерді қалай қолдануымызға болатынына басты назар аударылу керек.
БІРІНШІ КҮННІҢ ТӘҢЕРТЕҢГІЛІК БАҒДАРЛАМАСЫ
1. Құдайдың даналығына ие болу үшін бізге не көмектеседі?
2. Ізгі хабарды көбірек адамға жеткізу үшін ауданымыздағы бауырластар қандай күш жұмсады?
БІРІНШІ КҮННІҢ ТҮСТЕН КЕЙІНГІ БАҒДАРЛАМАСЫ
3. Мәсіхшілерге өздерін пәк таза сақтау неге маңызды? Ол үшін не қажет?
4. Бауырластармен татулықта екенімізді қалай көрсетеміз?
5. Парасаттылық деген не және уақытты парасаттылықпен жұмсайтынымызды қалай көрсетеміз?
6. Саул мен Нұхтың мысалдарынан қандай сабақ аламыз? Ымырашыл, яғни бойсұнуға дайын, екенімізді қалай көрсете аламыз? (Жақ. 3:17).
7. Мәсіхшілер екі жақты өмір сүруден қалай аулақ бола алады?
8. Құдайдың даналығын жариялағанда, Пауылдың үлгісіне қалай еліктей аламыз?
ЕКІНШІ КҮННІҢ ТӘҢЕРТЕҢГІЛІК БАҒДАРЛАМАСЫ
9. Қандай істермен айналысып жүргенімізді неге мұқият қадағалауымыз керек және бұған не көмектеседі?
10. Ауданымыздағы бауырластар үнемі кездесулерге қатысу үшін қандай күш жұмсауда және мұның қандай пайдасын көруде?
11. Отағалары отбасын қалай нығайта алады?
12. Ауданымыздың қандай қажеттіліктеріне назар аударылды?
ЕКІНШІ КҮННІҢ ТҮСТЕН КЕЙІНГІ БАҒДАРЛАМАСЫ
13. Көпшілікке арналған баяндамада айтылғандай, Құдай даналығы қандай баталар әкеледі?
14. Өзімізге немесе Құдайдың даналығын басшылыққа алмайтындарға арқа сүйегеніміз неге ақылдылыққа жатпайды? Қай салаларда сақ болуымыз керек?
15. Құдайдың даналығы бізді қандай торлардан сақтайды?
16. Аудандық конгресте берілген кеңесті қолдану біз үшін неге маңызды?