Конгрестер бағдарламасын қайталаудың жаңа тәртібі
Шайтанның дүниесі күннен-күнге құлдырап бара жатқандықтан, Ехоба “бізді Оған ұнамсыз қылықтар мен күнәкар дүниелік құмарлықтардан бас тартып, қазіргі заманда байыпты, әділ әрі Құдайға ұнамды өмір сүру” үшін қатайтып отырады (Тит. 2:12). Оның “адал да ақылды құл” арқылы ұсынып жатқан шараларының бірі — жыл сайын өтетін аудандық және арнайы бір күндік конгресс бағдарламалары (Мат. 24:45, ЖД). Осындай рухани бас қосулар бізге қаншалықты күш-жігер береді десеңші!
Конгрестерде берілген тәлімді есімізде сақтауға және өмірімізде қолдануға көмектесу үшін ол бағдарламаларды қайталаудың жаңа тәртібі 2005 қызмет жылында қолданылатын болады. Қосымшаның 5, 6-бетінде өткізілетін конгресс бағдарламалары мен оларға арналған қайталаудың сұрақтары келтірілген мақалалар бар. Осы мәліметті қауымдар қызмет кездесуінде конгреске жақын қалғанда және конгрестен кейін көп ұзамай қарастырады. Қайталауды қалай өткізуге болады?
Аудандық конгрестен бір немесе екі апта бұрын конгресс бағдарламасына қызығушылық ояту үшін қызмет кездесуінде “Аудандық конгрестің жаңа бағдарламасы” деп аталатын мақалаға негізделген 10 минуттық баяндама айтылады. Сондай-ақ баяндамашы қайталауға арналған сұрақтарға назар аударып, конгрестен соң бірнеше аптадан кейін болатын қайталауға дайын болу үшін барлығын конгресс барысында жазып отыруға шақырады.
Конгрестен бірнеше апта өткен соң, қызмет кездесуінде бірінші күнгі бағдарламаның 15 минуттық қайталауы өтеді. Келесі аптада тап солай екінші күнгі бағдарламаның қайталауы өткізіледі. Сол талқылауларда осы қосымшада келтірілген сұрақтар қолданылады. Мәліметті іс жүзінде қалай қолдануға болатынына баса назар аударылу керек. Осы қайталауды өткізу үшін қызмет кездесуінің қай бөліктерін қысқартуға, қайсысын алып тастауға немесе орындарын ауыстыруға болатынын ақсақалдар алдын ала ойластырып қоюларына болады.
Бір күндік арнайы конгреске арналған қайталау да осындай тәртіппен өткізіледі, бірақ айырмашылығы онда 15 минуттық қайталау бір-ақ рет болады. Ехобаның беріп жатқан керемет тәлімінің толық пайдасын көру үшін барлығымыз осы қосымшаны сақтап, қолдануымыз керек (Иш. 48:17, 18).