Аудандық конгрестің бағдарламасын қайталау
Бұл мәлімет қауымдар 2006 қызмет жылындағы аудандық конгреске барардың алдында және оған барған соң, көп ұзамай қызмет кездесуінде қарастырылатын болады. Төрағалық етуші бақылаушы 2004 жылдың тамыз айындағы “Біздің патшалық қызметіміздің” 4-бетінде көрсетілгендей, бағдарламаға шолу, кейін қайталау жасауды ұйымдастырады. Қайталау кезінде сұрақтар мәліметті қалай қолдануға болатынына баса назар аударылатындай етіп қойылу керек.
БІРІНШІ КҮН
1. Жаңа ізгі болмысқа қалай ие болуымызға болады және неге оны сақтап қалуымыз керек?
2. Кейбіреулер уағыздау ісіне көбірек атсалысу үшін не істеген?
3. Неге өзімізді басқалармен салыстырудан аулақ болғанымыз жөн?
4. Жаңа ізгі болмысқа ие болғанымызды отбасында қалай көрсете аламыз?
5. Қалай қауымда адалдықпен қолдау көрсете аламыз?
6. Неге уағыздау кезінде жаңа ізгі болмысымыз көрініп тұру керек?
7. Дұрыстап ой жүгіртуге не жатады және бұлай ой жүгіртудің қандай пайдасы бар?
8. Қандай қасиеттер Ехобаның әсеріне берілуге икемді болуымызға көмектеседі?
ЕКІНШІ КҮН
9. Тілімізді дұрыс қолдану қаншалықты маңызды?
10. Жұмыста, мектепте және басқа жерлерде дұрыс сөйлеудің қандай пайдасы бар?
11. Пауылдың Ефестіктерге 4:25—32 дейінгі тармақтарда жазылған кеңесін бауырластармен қарым-қатынасымызда қалай қолдануымызға болады?
12. Тілімізді пайдаланудың ең дұрыс жолы қандай?
13. Әзәзілді жеңіп шығу үшін не істеуіміз керек?
14. Қандай салаларда өзімізді осы дүниенің арам нәрселерінен сақтауға тырысуымыз керек?
15. Неге болмысымызды күн сайын жаңарта түсуіміз керек және мұны қалай істеуімізге болады?
16. Биылғы аудандық конгрестен естіген қандай кеңесті орындағыларың келеді?