Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • w13 1.2. 7-б.
  • “Ол... тірілердің Құдайы”

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • “Ол... тірілердің Құдайы”
  • 2013 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
  • Ұқсас мәлімет
  • Қайта тірілу — саған тікелей қатысы бар ілім
    2005 жылғы Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды
  • Қайта тірілуге деген үміттің негізі берік!
    2000 жылғы Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды
  • Құдайдың Ыбырайымның сенімін сынауы
    Менің Киелі кітап әңгімелері жазылған кітабым
  • Ыбырайымның сенімі сыналды
    Киелі кітап оқиғаларынан тәлім алайық
Көбірек мәлімет
2013 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
w13 1.2. 7-б.

ҚҰДАЙҒА ЖАҚЫНДАҢЫЗ

“Ол... тірілердің Құдайы”

Өлім Құдайдан күшті ме? Әрине, жоқ! Қалайша өлім не басқа бір “жау” “Құдіреті шексіз Құдайдан” күшті болуы мүмкін? (Қорынттықтарға 1-хат 15:26; Мысырдан шығу 6:3). Құдай өлгендерді қайта тірілту арқылы өлімді жоя алады және ол мұны жұмақ орнаған жаңа дүниеде істеуді уәде етедіa. Бұл уәде сенуге тұрарлық па? Бұл ретте Иса пайғамбардың сөздері біздің жүрегімізге үміт отын сыйлайды (Матай 22:31, 32 оқыңыз).

Қайта тірілуге сенбейтін саддукейлерге Иса пайғамбар: “Қайта тірілгендер жөнінде Құдайдың сендерге “Мен Ыбырайым, Ысқақ және Жақыптың Құдайымын” дегенін оқымап па едіңдер? Ол өлгендердің емес, тірілердің Құдайы”,— деген. Иса бұл жерде б. з. б. 1514 жылы Құдайдың жанып тұрған бұта арқылы Мұсаға айтқан сөздеріне меңзеген еді (Мысырдан шығу 3:1—6). Исаның айтуынша, Ехоба Құдайдың “Мен Ыбырайым, Ысқақ және Жақыптың Құдайымын” деген сөздері қайта тірілуге қатысты уәденің міндетті түрде орындалатынын білдіреді. Қалайша?

Алдымен мәнмәтінге назар аударайық. Ехоба Мұсаға тіл қатқан уақытта Ыбырайым, Ысқақ және Жақыптың өмірден өткендеріне көп жыл болған еді. Мысалы, Ыбырайым 329 жыл, Ысқақ 224 жыл, ал Жақып 197 жыл бұрын көз жұмған болатын. Алайда Ехоба олардың “Құдайы болғанмын”,— деп емес, “Құдайымын”,— деген еді. Демек, Ехоба бұл қайтыс болған қызметшілерін әлі де тірі деп қарастырған. Неге?

Иса пайғамбар: “Ол [Ехоба] өлгендердің емес, тірілердің Құдайы”,— деп түсіндірді. Бұл сөздердің астарында не жатқаны туралы ойланып көріңізші. Қайта тірілу мүмкін болмағанда, Ыбырайым, Ысқақ және Жақып мәңгілік бойы өлімнің құшағында қалар еді. Ал егер олар қайта тірілмесе, Ехоба өлілердің Құдайы болғаны ма? Ол өзінің адал қызметшілерін өлімнің құрсауынан босатуға дәрменсіз болса, өлім Ехоба Құдайдан күштірек дегенді білдірер еді ғой!

Өмірден өткен Ыбырайым, Ысқақ және Жақып сияқты Құдайдың басқа да адал қызметшілері туралы қандай тұжырым жасауға болады? Иса сенімділікпен: “Ол үшін бәрі тірі”,— деп айтқан (Лұқа 20:38). Иә, Ехоба қайтыс болған адал қызметшілерін қайта тірілтемін деген уәдесіне берік болғаны сонша, оларды тірі адамдар ретінде қарастырды (Римдіктерге 4:16, 17). Ехоба қайтыс болған қызметшілерін қайта тірілтетін уақыт келгенше, олардың бәрін жадында ұстайды.

Ехоба Құдай өлімнен әлдеқайда күшті

Қайтыс болған жақындарымызбен қайта қауышуға деген үміт жүрегіңізге жылы тие ме? Олай болса, Ехобаның өлімнен әлдеқайда күшті екенін есте ұстағайсыз. Өлгендерді қайта тірілтуге деген уәдесін орындауға Ехобаға ешнәрсе де бөгет бола алмайды. Неге қайта тірілу жайлы уәде мен оны жүзеге асыратын Құдай жайлы көбірек мәлімет алмасқа? Осылай ететін болсаңыз “тірілердің Құдайы” Ехобаға жақындай аласыз.

Ақпанда оқитын Киелі кітап үзіндісі:

Матай 22—28 Марқа 1—8 тараулар

a Әділдік орнаған жаңа дүниеде болатын қайта тірілу туралы көбірек мәлімет алу үшін Ехоба куәгерлері басып шығарған “Киелі кітап шын мәнінде неге үйретеді?” кітабының 7-тарауын қараңыз.

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу