Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • w13 1.2. 8—9 бет.
  • Киелі кітап адамның өмірін өзгертеді

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Киелі кітап адамның өмірін өзгертеді
  • 2013 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
2013 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
w13 1.2. 8—9 бет.

КИЕЛІ КІТАП АДАМНЫҢ ӨМІРІН ӨЗГЕРТЕДІ

“Олар шындыққа өзімнің көз жеткізгенімді қалады”

Айтып берген: Луис Алифонсо

  • ТУҒАН ЖЫЛЫ: 1982

  • ЕЛІ: ДОМИНИКА РЕСПУБЛИКАСЫ

  • БҰРЫНДА: МОРМОН РЕТІНДЕ ТӘРБИЕЛЕНГЕН

ӨМІРБАЯНЫМ:

Мен Доминика Республикасында, Санто-Доминго қаласында дүниеге келдім. Отбасымда төрт баланың кенжесімін. Ата-анам білімдар кісілер болатын және біздің жақсы ортада өскенімізді қалайтын. Мен туылардан төрт жыл бұрын ата-анам мормон миссионерлерін кездестірді. Бұл жас жігіттердің ұқыптылығы мен әдептілігі ата-анама қатты ұнап қалыпты. Көп ұзамай олар Доминика республикасындағы Иса Мәсіхтің соңғы күндердің әулиелері шіркеуінің немесе мормон шіркеуінің алғашқы мүшелерінің бірі болуды шешті.

Өсе келе мен шіркеудегі қоғамдық іс-шараларға қатысып жүрдім әрі мормондардың отбасылық өмір мен өнегелік нормаларға ерекше мән беретіні ұнайтын. Мен мормон болғанымды мақтан тұтатынмын әрі миссионер болғым келетін.

Он сегіз жасқа келгенімде, жақсы университетте білім алуым үшін біз Құрама Штаттарына көшіп бардық. Шамамен бір жылдан кейін анамның сіңлісі күйеуімен бірге Флоридаға біздің үйге қонаққа келді. Нағашы әпкем мен жездем Ехоба куәгерлері еді. Олар бізге өздерімен бірге Куәгерлердің конгресіне баруды ұсынды. Сол жерге барғанымда, айналамдағылардың бәрі Киелі кітаптарын ашып, естігендерін қағазға түртіп алып отырғандарын көрдім. Бұл маған қатты әсер етті. Сөйтіп, мен де қағаз бен қалам сұрап алып, жазып отыруды шештім.

Нағашы әпкем мен жездем менің миссионер болғым келетінін білгендіктен, конгресс біткен соң маған Киелі кітап туралы білуге көмектесе алатындарын айтты. Бұл ой маған ұнады, өйткені мен Киелі кітапты Мормон кітабындай жақсы білмейтінмін.

КИЕЛІ КІТАП ӨМІРІМДІ ӨЗГЕРТТІ:

Нағашы әпкем мен жездем телефон арқылы менімен Киелі кітап тақырыбында сөйлескенде, өз нанымдарымды Киелі кітап ілімдерімен салыстыруға талпындыратын. Олар шындыққа өзімнің көз жеткізгенімді қалады.

Мен мормон ілімдерінің көбісін қабылдаған едім, бірақ олардың қаншалықты Киелі кітапқа сай келетінін білмейтінмін. Нағашы әпкем маған Ехоба куәгерлері басып шығарған “Ояныңдар!” журналының 1995 жылдың 8 қарашасындағы санын салып жіберді. Онда мормондардың сенімі жайлы мақалалар бар еді. Мен мормон ілімдерінің көбісімен таныс емес екеніме таңғалдым. Сөйтіп, мормондардың ресми веб-сайтына кіріп, “Ояныңдар!” журналында жазылған мәліметтің қаншалықты тура екеніне көз жеткізгім келді. Бұл сайттан білгенім де, Юта штатындағы мормон мұражайына барғанда көрген нәрселерім де журналдағы мәліметтің тура екеніне көзімді жеткізді.

Мен әрдайым Мормон кітабы мен Киелі кітап бір-бірін толықтырады деп сенетінмін. Бірақ Киелі кітапты мұқият оқи бастағанда, мормон ілімдері мен Киелі кітап ілімдерінің арасындағы қарама-қайшылықтарды байқадым. Мысалы, Киелі кітапта Езекиел 18:4-те жанның өлім құшатыны туралы айтылған. Ал Мормон кітабындағы Алма 42:9-да: “Жан ешқашан өлмейді”,— делінген.

Бұл қарама-қайшылықтармен қатар, мормондардың ұлтшыл болуға үйрететіні мені қатты мазалады. Мысалы, мормондар Едем бағы Миссури штатындағы (АҚШ) Джексон-Каунтида болған деп үйрететін. Ал шіркеу ілімдерінің жетекшілері күндердің күнінде Құдай жер бетіне Құрама Штаттары арқылы өз билігін жүргізеді деп айтатын.

Мормондардың осы айтқандары орындалса, туған жеріммен және басқа да елдермен не болады деп уайымдадым. Бір күні кешкі уақытта миссионер болуға дайындалып жүрген жас мормон жігіт маған телефон соқты. Әңгіме барысында осы тақырыпты қозғап, одан: “Егер сен тұратын ел мен бір мемлекет соғысса, сен сол елдегі мормондарға қарсы соғысар ма едің?”— деп тіке сұрадым. Ол “иә” деп жауап бергенде, таңғалдым! Мен сенетін ілімдерімді тереңірек зерттеп, мормон шіркеуінің жетекшілерімен сөйлестім. Олар сұрақтарымның жауаптары әзірге құпия екенін, бірақ уақыты келгенде ашылатынын айтты.

Мормондардан естігендерімнен көңілім қалып, өзім туралы және неліктен миссионер болғым келетіні туралы ойлана бастадым. Мен басқа адамдарға көмектескім келетін. Сондай-ақ миссионер болу арқылы құрметке де ие болсам деп ойладым. Ал Құдайға келетін болсақ, мен ол туралы көп нәрсені білмейтінмін. Бұрын Киелі кітапты көп рет ашып оқысам да, бұл кітаптың құндылығын бағаламаппын. Онда жазылған Құдайдың жерге және адамзатқа қатысты ниеті жайында мүлдем бейхабар болыппын.

ТИГІЗГЕН ПАЙДАСЫ:

Ехоба куәгерлерімен Киелі кітапты зерттеу барысында мен көп нәрселерді, мысалы Құдайдың есімі кім екенін, өлген адамдармен не болатынын және Құдай еркінің орындалуында Исаның рөлі қандай екенін білдім. Ақыр аяғында бұл керемет кітаппен жақынырақ танысып, одан білген шындықтарды басқалармен қуана бөлісетін болдым. Мен Құдайдың бар екенін әрдайым білетінмін, бірақ қазір Құдайға дұға еткенде, онымен ең жақын досым сияқты сөйлесе аламын. 2004 жылдың 12 шілдесінде мен Ехоба куәгері ретінде шомылдыру рәсімінен өтіп, алты айдан кейін толық уақытты қызметті бастадым.

Мен бес жыл бойы Ехоба куәгерлерінің Бруклиндегі (Нью-Йорк) дүниежүзілік бас басқармасында қызмет еттім. Дүниежүзінде миллиондаған адамға пайдасы тиетін Киелі кітап пен оған негізделген әдебиеттерді шығаруға көмектесуден көп қуаныш алдым. Мен қазір де басқаларға Құдай туралы білуге көмектесуден зор қуаныш алудамын.

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу