Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • w09 15.7. 29—31 бет.
  • Ризашылықпен қабыл ал. Шын жүректен бер

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Ризашылықпен қабыл ал. Шын жүректен бер
  • 2009 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
  • Тақырыпшалар
  • Ұқсас мәлімет
  • “Қалай ғана өзіне қайтара аламын?”
  • Қауымның игілігіне үлес қос
  • Дұрыс ниетпен қабыл ал
  • Байсалды әрі парасатты бол
  • Қауымдағы орнымызды бағалайық
    2009 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
  • Қауымды нығайтатын рухты сақта
    2012 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
  • Ехобаның қауымында сіздің өз орныңыз бар!
    Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (зерттеуге арналған). 2020
  • Ехобаның көмегін қабыл аласың ба?
    2005 жылғы Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды
Көбірек мәлімет
2009 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
w09 15.7. 29—31 бет.

Ризашылықпен қабыл ал. Шын жүректен бер

КӨКТЕГІ Әкеміз Ехоба әрқайсымызға жеке көңіл бөледі. Киелі кітапта Құдай барлық қызметшілерінің қамын ойлайтыны айтылған (Пет. 1-х. 5:7). Мұны Ехоба өзіне адалдықпен қызмет етуге түрлі жолдармен көмектесу арқылы көрсетеді (Ишая 48:17). Әсіресе қатты күйзелгенде Ехоба беріп жатқан көмегін қабыл алғанымызды қалайды. Осының растығын Мұсаның заңынан көреміз.

Мұса заңы арқылы Ехоба жетім-жесірлер мен келімсектер сияқты “бейшараларға” (ЖД) қамқорлықпен көмек берудің жолдарын қарастырған (Леуі. 19:9, 10; Заң. қ. 14:29). Өйткені қызметшілері кейде бір сенімдегі бауырластарының көмегіне мұқтаж болатынын білген (Жақ. 1:27). Демек, Ехобаның талпындыруымен бауырласымыз ұсынып тұрған көмектен ешқайсымыз да бас тартпай, дұрыс ниетпен қабыл алғанымыз жөн.

Құдай халқының алумен қатар, беруге де мүмкіндігі бар. Ғибадатханада Иса байқаған “бейшара жесір әйелді” еске түсірейікші (Лұқа 21:1—4). Мұқтаждық көрген ол Мұса заңы бойынша қарастырылған көмекті алып отырған болу керек. Алайда Киелі кітаптан біз сол жесір әйелді алған емес, берген адам ретінде білеміз. Ол қолы ашық болғандықтан беруден келетін бақытты сезінген. Себебі Иса: “Алғаннан гөрі берген бақытты”,— деген (Ел. іс. 20:35). Осы шындықты есте ұстай отырып, “берудің” жолдарын және бұдан қандай бақытқа кенелетінімізді қарастырайық (Лұқа 6:38).

“Қалай ғана өзіне қайтара аламын?”

Забур жыршысы: “Жаратқанның көрсеткен жақсылықтарын қалай ғана өзіне қайтара аламын?”— деп жазды (Заб. 115:3). Ол Құдайдың қандай жақсылықтарын көрді? “Зор қайғы-қасірет” шеккенде Ехоба оны қолдады, тіпті ‘жанын өлімнен құтқарды’. Бұл жақсылықтарын забур жыршысы Ехобаға ‘қайтарғысы’ келді. Қалайша? “Жаратқанға берген анттарымның барлығын... іске асырамын”,— деді (Заб. 114:3, 4, 8; 115:1—5). Ол Ехобаға салтанатты түрде берген антын және оның алдындағы барлық міндеттерін орындауға бекінді.

Сен де забур жыршысына еліктей аласың. Қалайша? Құдайдың заңдары мен принциптеріне сай өмір сүру арқылы. Бұл үшін Ехобаға ғибадат ету өміріңде ең маңызды орында тұрғанын және барлық істі Құдай рухының басшылығымен атқарып жүргеніңді тексеріп отыр (Екк. 12:13; Ғал. 5:16—18). Әрине, Ехобаның бар жақсылығын толық өтеу мүмкін емес. Дегенмен, оған шын жүректен қызмет ету арқылы оны қуанта аласың (Нақ. с. 27:11). Бұл зор мәртебе емес пе!

Қауымның игілігіне үлес қос

Мәсіхшілер қауымы арқылы көп жақсылық көріп жүргенің анық. Мысалы, Ехоба молынан беріп жатқан рухани ас-суды алудасың. Жалған ілімдер мен рухани қараңғылықтан азат еткен шындықты білдің (Жох. 8:32). “Адал да ақылды құл” ұйымдастырған қауым кездесулері мен конгрестерде білім алып жатырсың. Бұл білім ауру мен қайғы-қасірет болмайтын жаңа дүниедегі мәңгі өмірге жетелейді (Мат. 24:45—47). Құдайдың қауымы арқылы беріп отырған және болашақта беретін баталарына сан жетпейді. Енді өз тарапыңнан сен қауымның игілігі үшін не істей аласың?

Елші Пауыл былай деп жазды: “Мүшелері үйлесіп, бірігіп жұмыс істеп тұрған бұл біртұтас рухани дене түгелдей өзінің Басы Мәсіхке бағынады. Әрбір мүшесі өз міндетін атқарса, бүкіл дене өсіп, сүйіспеншілік арқылы күшейе береді” (Ефес. 4:15, 16). Бұл сөздер ең алдымен майланған мәсіхшілерге айтылғанымен, ондағы принцип бүгінгі мәсіхшілердің бәріне қатысты. Қауымның игілігі мен рухани өсуіне әрбір мүшесі үлес қоса алады. Қалайша?

Бұл үшін бауырластарды әрқашан жігерлендіріп, рухани жағынан сергітуге болады (Рим. 14:19). Бір сенімдегілермен қарым-қатынасымызда Құдай рухының жемісін танытып, ‘бүкіл дененің өсуіне’ үлес қоса аламыз (Ғал. 5:22, 23). Сондай-ақ ‘барлық адамдарға, әсіресе сенімі бір бауырластарымызға, жақсылық істеудің’ мүмкіндігін қалт жібермеуге тырысамыз (Ғал. 6:10; Евр. 13:16). Осылайша қауымдағы үлкен-кішінің бәрі де ‘бүкіл дененің сүйіспеншілік арқылы күшейе беруіне’ септігін тигізеді.

Сонымен қатар біз қауым атқарып жатқан өмірлік маңызы бар іс үшін қабілеттерімізді, күш-қуатымызды және дүние-мүлкімізді қолданамыз. Иса: “Тегін алдыңдар, тегін беріңдер де!”— деген (Мат. 10:8). Олай болса, Патшалық туралы уағыз айту мен шәкірт дайындау ісіне барынша атсалыс (Мат. 24:14; 28:19, 20). Мүмкіндігің шектеулі болса ше? Иса көңіл бөлген жесір әйелді есіңе алшы. Оның бергені өте аз болса да, Иса ол бәрінен де көп берді деген. Өйткені жесір әйел қолында бардың бәрін берген еді (Қор. 2-х. 8:1—5, 12).

Дұрыс ниетпен қабыл ал

Кейде қауымның көмегіне мұқтаж кездер болып тұрады. Қауым ұсынған кез келген көмекті қабыл алудан тартынба. Ехоба қабілетті әрі қамқор ер адамдарды сынақтарға кезігіп, қайғы-қасірет шеккенде қамыңды ойлайтын бағушы етіп тағайындады (Ел. іс. 20:28). Қауымдағы басқа бауырластар да сені жұбатып, қолдап-қорғағысы келеді (Ғал. 6:2; Сал. 1-х. 5:14).

Қандай да бір көмек көрсетілгенде оны дұрыс ниетпен қабыл ал. Әрқашан ризашылық білдір. Бауырластарыңның көмегін Құдай рақымының арқасында алып отырмын деп ұғын (Пет. 1-х. 4:10). Бұл өте маңызды. Себебі біз ризашылықтан жұрдай осы дүниелік адамдарға ұқсағымыз келмейді.

Байсалды әрі парасатты бол

Пауыл Філіпідегі қауымға жазған хатында Тімоте туралы былай деді: “Ол сияқты менімен ниеттес, шын көңілден қамдарыңды ойлайтын басқа адамым жоқ”. Артынша ол: “Өзгелердің бәрі Иса Мәсіхтің ісін емес, өз қара бастарын ойлайды”,— деді (Філіп. 2:20, 21). Пауылдың осы сөздерін есте ұстап, ‘қара басымыздың’ қамын шектен тыс көп ойлаудан қалай аулақ бола аламыз?

Біз қауымдағы бауырластардан қиыншылығымызды шешуге көмектесуін немесе бізге уақыт бөлуін ешқашан талап етпеуіміз керек. Неге? Мысалы, қаржы жағынан қысылып жүргеніңді көріп, бір бауырлас саған қол ұшын берді делік. Сен оған қатты риза боларың сөзсіз. Бірақ одан ақша беруін талап етпес едің ғой. Сол сияқты, бауырластар бізге көмек беруге әрқашан дайын болғанымен, біз парасаттылық пен байсалдылық танытып, олардан тым көп нәрсе күтпейміз. Себебі бауырластарымыз бізге өз еріктерімен қол ұшын бергенін қалаймыз.

Қауымдағы бауырластарың саған көмектесуге дайын екені әрі мұны қалайтыны сөзсіз. Бірақ олар барлық жағдайда сен қалағандай жәрдем бере алмайды. Сондай жағдайда Ехоба забур жыршысына көмектескендей саған да кез келген сынаққа төтеп беруге көмектесетініне сенімді бол (Заб. 114:1, 2; Філіп. 4:10—13).

Сонымен Ехобаның берген кез келген көмегін, әсіресе қатты қиналған шақтарыңда, ризашылықпен қабыл алудан тартынба (Заб. 54:23). Осылай еткеніңді Ехоба қалайды. Дегенмен ол сенің басқаларға “қуанышпен бергеніңді” де қалайды. Олай болса, “жүрегіңнің шешіміне сай” шынайы ғибадатты бар мүмкіндігіңше қолдауға тырыс (Қор. 2-х. 9:6, 7). Осылайша сен ризашылықпен алатын және шын жүректен беретін адам боласың.

[31-беттегі қоршау/суреттер]

“Жаратқанның көрсеткен жақсылықтарын қалай ғана өзіне қайтара аламын?” Заб. 115:3

▪ ‘Барлық адамдарға жақсылық істеудің’ мүмкіндігін қалт жіберме

▪ Бауырластарды жігерлендіріп, рухани жағынан сергітуге тырыс

▪ Шәкірт дайындау ісіне бар мүмкіндігіңше қатыс

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу