Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • w12 15.2. 18—22 бет.
  • Қауымды нығайтатын рухты сақта

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Қауымды нығайтатын рухты сақта
  • 2012 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
  • Тақырыпшалар
  • Ұқсас мәлімет
  • ҚАУЫМДЫ НЫҒАЙТАТЫН РУХТЫ ДАМЫТ
  • ҚЫЗМЕТІҢДІ ҚҰЛШЫНЫСПЕН АТҚАР
  • КҮҢКІЛШІЛДІК ПЕН АУЫР КҮНӘДАН САҚ БОЛ
  • “КИЕЛІ РУХ АРҚЫЛЫ ИЕМДЕНГЕН БІРЛІКТІ” САҚТА
  • Сен қандай рух танытып жүрсің?
    2012 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
  • Қауым Ехобаны дәріптесін
    2007 жылғы Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды
  • Қауым рухани күшейіп, нығая берсін
    2007 жылғы Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды
  • Бағышталғаныңа сай киелі рухпен өмір сүр
    2010 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
Көбірек мәлімет
2012 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
w12 15.2. 18—22 бет.

Қауымды нығайтатын рухты сақта

“Иеміз Иса Мәсіхтің рақымы жақсы рух танытып жүрген сендермен бола берсін!” (ФІЛІП. 4:23).

ҚАУЫМДЫ НЫҒАЙТАТЫН РУХТЫҢ САҚТАЛУЫНА...

бауырластармен араласқанымыз қалай көмектеседі?

құлшына қызмет еткеніміз қалай көмектеседі?

ауыр күнәні жасырмағанымыз қалай көмектеседі?

1. Філіпі мен Тиятир қауымдары не үшін мақтау алды?

БІРІНШІ ғасырда Філіпі қаласында тұрған мәсіхшілердің материалдық жағдайы нашар еді. Алайда олар жомарт болған әрі бауырластарына зор сүйіспеншілік танытқан (Філіп. 1:3—5, 9; 4:15, 16). Сол себепті елші Пауыл рухтың жетелеуімен жазған хатының соңында: “Иеміз Иса Мәсіхтің рақымы жақсы рух танытып жүрген сендермен бола берсін!”— деген (Філіп. 4:23). Тиятир қаласындағы мәсіхшілер де дәл осындай рух танытқандықтан, ұлылыққа бөленген Иса оларға былай деген: “Сенің істеріңді, сүйіспеншілігіңді, сенімің мен қызметіңді, табандылығыңды және қазіргі істеріңнің бұрынғыдан көп екенін білемін” (Аян 2:19).

2. Қауымның рухына жеке әрқайсысымыз қалай әсер ете аламыз?

2 Біздің күнімізде де Ехоба куәгерлерінің әрбір қауымы осындай рух, не көзқарас, танытады. Мысалы, кей қауымдар ерекше жылулық пен сүйіспеншілік танытатындарымен белгілі. Ал өзгелері Патшалықты уағыздау ісін айрықша құлшыныспен атқарып, толық уақытты қызметті қатты бағалайтындарымен танымал. Қауымды нығайтатын рухты жеке әрқайсысымыз дамытатын болсақ, бұл бүкіл қауымның бірлігіне әрі рухани алға басуына септігін тигізеді (Қор. 1-х. 1:10). Ал жағымсыз рух танытқанымыз жылымшы болып кетіп, рухани ұйықтап қалуға, не тіпті қауымда жасалған ауыр күнәға көз жұмып қарауға әкеп соғуы мүмкін (Қор. 1-х. 5:1; Аян 3:15, 16). Ал сенің қауымың қандай рух танытып жүр? Қауымды нығайтатын рухтың дамуына жеке өзің қалай үлес қоса аласың?

ҚАУЫМДЫ НЫҒАЙТАТЫН РУХТЫ ДАМЫТ

3, 4. Қалай Ехобаны “үлкен жиында даңқтай” аламыз?

3 Забур жыршысы: “Мен үлкен жиында Сені даңқтаймын, көп халықтың алдында Сені мақтаймын”,— деп жырлаған (Заб. 34:18). Иә, ол өзгелермен бірге ғибадат еткенде, Құдайға мадақ айтудан тартынбаған. Біз де апта сайынғы кездесулерде түсініктемелер беру арқылы сенімімізді көрсетіп, құлшыныс таныта аламыз. Әрқайсысымыз мына жайлы ойланғанымыз жөн: “Кездесулерде түсініктеме берудің мүмкіндіктерін жібермеймін бе? Түсініктемелерім мағыналы болу үшін кездесуге жақсылап дайындаламын ба? Отағасы ретінде балаларыма түсініктемелерді алдын ала дайындауға және оларды өз сөздерімен айтып жеткізуге көмектесемін бе?”

4 Забур жыршысы Дәуіт: “Уа, Құдай, жүрегім Саған сенімді, Өзіңе арнаймын мен ән-күйімді”,— деп жырлаған. Біз де жүрегіміздің сенімді екенін, яғни дұрыс нәрселерді істеуге белді бекем буғанымызды, ән айту арқылы көрсете аламыз (Заб. 56:8). Мәсіхшілердің қауым кездесулері Ехобаға сенімді жүрекпен “ән-күй арнауымызға” керемет мүмкіндік береді. Кейбір әндер бізге таныс болмаса, неге оларды отбасылық ғибадат кешінде айтып жаттықпасқа? Осылайша “өмір бойы Жаратқанға ән салып, деміміз біткенше Құдайымызға жыр айта” берейік (Заб. 103:33).

5, 6. Қалай өзгелерге қонақжайлылық пен жомарттық таныта аламыз және бұл қауымға қандай пайда әкеледі?

5 Қонақжайлылық таныту — бауырластардың арасындағы сүйіспеншілікті арттырудың бір жолы. Еврейлерге арналған хаттың соңғы тарауында Пауыл мәсіхшілерді мынаған шақырған: “Бауырластарға сүйіспеншілік көрсете беріңдер. Қонақжайлылық танытуды ұмытпаңдар” (Евр. 13:1, 2). Бұл шақыруға құлақ асатынымызды аралаушы бақылаушылар мен олардың әйелдерін және қауымдағы толық уақытты қызметшілерді қонаққа шақыру арқылы көрсете аламыз. Сондай-ақ жесір қалғандарды, жалғыз басты ата-аналарды және басқа да бауырластарды ұмытпай, бізбен дастарқандас болуға не отбасылық ғибадатқа қатысуға ара-тұра шақырып тұрғанымыз жақсы.

6 Пауыл Тімөтеге қауымдағы бауырластарға қатысты мынадай нұсқау берген: “Олар жақсылық жасай берсін, игі істерге бай әрі жомарт болып, барымен бөлісуге даяр болсын. Осылай шынайы өмірді берік ұстану үшін, өздеріне келешекке жақсы негіз болатын, еш құрымайтын қазына жинасын” (Тім. 1-х. 6:17—19). Осы сөздерімен Пауыл мәсіхшілерді жомарттық танытуға шақырған. Тіпті экономикалық қиын уақытта да жомарт бола аламыз. Мұның бір жолы — көмекке мұқтаж бауырластарды уағызға не қауымға көлікпен апарып-әкелу. Ал осындай көмекті қабыл алып, сүйіспеншілікті сезінгендер туралы не деуге болады? Олар ризашылықтарын білдіру үшін күн санап өсіп жатқан жанармай құнын шама-шарықтарына қарай өтейтін болса, қауымда жақсы рухтың болуына үлес қосады. Бауырластарымызбен бірге көбірек уақыт өткізіп, сүйіспеншілік танытсақ, олар өздерін керекті сезінеді емес пе? “Сенімі бір бауырластарға” жақсылық жасаудан талмасақ әрі уақытымыз бен қаражатымызды беруге дайын болсақ, оларға деген сүйіспеншілігімізді арттырумен қатар, бүкіл қауымның нығаюына үлес қосамыз (Ғал. 6:10).

7. Сыр сақтай білгеніміз қауымның жақсы рухының сақталуына қалай көмектеседі?

7 Бауырластарымызға деген сүйіспеншілігімізді арттыратын басқа да жайттар бар. Бұл — достық пен сыр сақтай білу (Нақыл сөздер 18:24 оқы). Шынайы дос жеке басқа қатысты мәселелерді өзгелерге жаймайды. Бауырластарымыз бізге сенім артып, жан дүниесіндегі сезімдерімен бөліскенде, бауырластық сүйіспеншілігіміздің одан сайын артатыны шүбәсіз. Ендеше сыр сақтай білетін сенімді дос болуымызбен қауымның сүйіспеншілікке толы отбасы іспетті болуына үлес қосайық (Нақ. с. 20:19).

ҚЫЗМЕТІҢДІ ҚҰЛШЫНЫСПЕН АТҚАР

8. Лаудікидегі мәсіхшілерге қандай кеңес берілді және неге?

8 Иса Лаудікидегі қауымға сөзін арнап, былай деген: “Мен істеріңді білемін. Сен не салқын, не ыстық емессің. Салқын не ыстық болсаң ғой! Ыстық та, салқын да емес, жылымшы болғаның үшін сені аузымнан түкіріп тастаймын” (Аян 3:15, 16). Лаудіки қауымындағы мәсіхшілердің қызметке деген құлшыныстары сөніп қалған болатын. Бұл олардың өзара қарым-қатынастарына да әсер еткен көрінеді. Сондықтан Иса оларға сүйіспеншілікпен мынадай кеңес берген: “Кімді жақсы көрсем, соны әшкерелеп, жөнге саламын. Сол себепті ынталы бол және өкін” (Аян 3:19).

9. Қызметке деген көзқарасымыз қауымның рухына қалай әсер етеді?

9 Қауымда жақсы рухты дамыту үшін қызметке деген құлшынысымызға назар аударуымыз қажет. Қауымды ұйымдастыруда көзделген мақсаттардың бірі — аумағымыздағы қой тәріздес адамдарды тауып, оларға рухани көмек беру. Сондықтан біз шәкірт дайындау ісіне Иса сияқты жан сала қатысуымыз керек (Мат. 28:19, 20; Лұқа 4:43). Ал қызметтегі құлшынысымыз арта беретін болса, “Құдайдың қызметтестері” ретінде бірлігіміз де нығая түседі (Қор. 1-х. 3:9). Бауырластардың уағыздау қызметінде сенімдерін қорғап сөйлегендерін және өздеріне бағалы рухани шындықтармен бөліскендерін көргенде, оларға деген сүйіспеншілігіміз бен құрметіміз арта түседі. “Бірауыздан” қызмет еткеніміз бүкіл қауымның да бірлігін нығайтары сөзсіз (Софония 3:9 оқыa).

10. Қызметіміздің сапасын жақсартқанымыз қауымдағылардың рухына қалай әсер етеді?

10 Қызметіміздің сапасын жақсартуға күш салғанымыз да бауырластарға жақсы жағынан әсер етеді. Кездестірген адамдардың қамын көбірек ойлағанымыз және шындықты олардың жүрегіне жеткізуде шебер бола түскеніміз қызметке деген құлшынысымызды арттырады (Мат. 9:36, 37). Ал бұл өзгелерге әсер етпей қоймайды. Иса шәкірттерін жалғыздан емес, екі-екіден жіберген (Лұқа 10:1). Осының арқасында олар жігерленіп, бір-бірінен үйреніп қана қоймай, қызметке зор құлшыныспен қатысқан. Патшалықтың құлшынысты жариялаушыларымен қызметтес болғанымыз керемет емес пе? Иә, олардың жалындаған рухы бізді жігерлендіріп, уағыздауға деген ықыласымызды арттырары сөзсіз (Рим. 1:12).

КҮҢКІЛШІЛДІК ПЕН АУЫР КҮНӘДАН САҚ БОЛ

11. Мұсаның күндерінде исраилдіктер қандай рухқа бой алдырды және бұл неге әкеп соқты?

11 Жаңа халық болғандарына бірнеше ғана апта өткенде, исраилдіктер наразылық танытып, күңкілдей бастады. Ақырында олар Ехоба мен оның өкілдеріне қарсы шықты (Мыс. ш. 16:1, 2). Нәтижесінде, Мысырдан шыққандардың көбісі Уәде етілген жерді иемденбеді. Тіпті осындай жаман рухтың әсеріне берілген Мұсаның өзі ол жерге кіре алмады (Заң. қ. 32:48—52). Біз де бүлікшіл рухқа беріліп қалмауымыз үшін не істеуіміз керек?

12. Күңкілшілдік рухын танытудан қалай сақ бола аламыз?

12 Біз күңкілшілдік рухын танытудан сақ болуымыз керек. Бұл үшін билігі барларға құрмет көрсетіп, кішіпейілділік танытумен қатар, араласатын ортаны да дұрыс таңдағанымыз маңызды. Киелі кітап принциптерін құрметтемейтін әріптесімізбен не сыныптасымызбен бірге көп уақыт өткізгеніміз және көңіл көтеру түрлерін дұрыс таңдамағанымыз бізге кері әсер етпей қоймас. Сондықтан бізге жаман ықпал ететін не бүлікшіл рух танытатын адамдармен тығыз араласпағанымыз ақылдылыққа жатпас па еді? (Нақ. с. 13:20).

13. Күңкілшілдік рухының қандай зиянды салдары болуы мүмкін?

13 Күңкілшілдік рухының басқа да зиянды салдары болуы мүмкін. Мысалы, қауымның бірлігі мен тыныштығы бұзылуы ықтимал. Оның үстіне, бауырластарымызды жамандап шағымданғанымыз олардың жанын жаралап қана қоймай, жала жабу не ғайбаттау сияқты күнәларға әкеп соғуы ғажап емес (Леу. 19:16; Қор. 1-х. 5:11). Бірінші ғасырда осындай рух танытқан кейбір мәсіхшілер “билігі барларды құрметтемей, даңққа бөленгендерге тіл тигізген” (Яһд. 8, 16). Қауымда жауапкершілігі бар бауырластарға наразылық білдіргеніміз Құдайға ұнамайтыны анық.

14, 15. а) Ауыр күнәға көз жұмып қарағанымыз бүкіл қауымға қалай әсер етуі мүмкін? ә) Біреудің жасырын күнә жасап жүргенін біліп қойсақ, не істегеніміз дұрыс?

14 Ал әлдекімнің жасырын күнә жасап жүргенін, мысалы ішімдікке салынғанын, азғын өмір кешетінін не порнография көретінін, біліп қойсақ ше? (Ефес. 5:11, 12). Осындай ауыр күнәларға көз жұмсақ, Ехобаның киелі рухының бізге әсер етуіне кедергі жасаймыз әрі бүкіл қауымның тыныштығына қауіп төндіреміз (Ғал. 5:19—23). Қорынттағы мәсіхшілер зұлымдықты орталарынан шығарып тастаулары керек еді, сол сияқты біздің күнімізде де қауымның жақсы рухы сақталу үшін оны кез келген зиянды ықпалдан тазарту қажет. Қауымның тыныштығына жеке өзің қалай үлес қоса аласың?

15 Жоғарыда айтып кеткеніміздей, кейбір жайттарды, әсіресе басқалардың сырын, сақтай білгеніміз маңызды. Біреу жайлы құпия мәліметті өзгелерге жайып салғанымыз үлкен қателік болар еді әрі сол адамның жанын жаралайтыны сөзсіз. Алайда бауырласымыз ауыр күнә жасаса, бұл жайлы қауым ақсақалдары хабардар болу керек, өйткені олардың осындай мәселелерді шешуге Жазбаларға сай жауапкершіліктері бар (Леуіліктер 5:1 оқыb). Сондықтан қандай да бір бауырластың ауыр күнә жасағанын білсек, оны ақсақалдардан көмек іздеуге талпындыруымыз керек (Жақ. 5:13—15). Егер ол мұны жеткілікті уақыт аралығында істемесе, ақсақалдарға өзіміз жолыққанымыз дұрыс.

16. Ақсақалдарды ауыр күнә жасалғаны жайлы хабардар еткеніміз қауымда жақсы рухтың сақталуына қалай көмектеседі?

16 Мәсіхшілердің қауымы рухани пана болып табылады, сондықтан ақсақалдарға ауыр күнә жасалғанын айту арқылы оны қорғауымыз қажет. Күнә жасаған бауырлас ақсақалдармен сөйлескеннен кейін сабасына түсіп, істегеніне өкінетін болса, ол енді қауымның рухына қауіп төндірмейді. Ал егер ол өкінбей, ақсақалдардың сүйіспеншілікпен берген кеңесін қабыл алмаса ше? Мұндай адамның қауымнан шығарылуы арамыздан “күнәкар ықпалының жойылып”, қауымды нығайтатын рухтың сақталуына септігін тигізеді (Қорынттықтарға 1-хат 5:5 оқы). Иә, қауымның жақсы рухын сақтау үшін әрбіріміздің дұрыс әрекет еткеніміз, ақсақалдар кеңесімен қызметтескеніміз және қауымдағыларды зиянды ықпалдан қорғағанымыз маңызды.

“КИЕЛІ РУХ АРҚЫЛЫ ИЕМДЕНГЕН БІРЛІКТІ” САҚТА

17, 18. “Киелі рух арқылы иемденген бірлікті” сақтауға не көмектеседі?

17 Исаның ертедегі ізбасарлары “елшілерден тәлім алғандарының” арқасында қауымның татулық рухын дамытқан (Ел. іс. 2:42). Олар ақсақалдардың жазбаларға негіздеп берген кеңестері мен нұсқауларын бағалаған. Біздің күнімізде де ақсақалдар адал да ақылды құлмен қызметтеседі, сондықтан барлығымыз да бірлікті сақтауға шақырыламыз әрі осылай ете алуымызға бізде зор көмек бар (Қор. 1-х. 1:10). Құдай ұйымының Киелі кітапқа негізделген басшылығына әрі ақсақалдардың берген нұсқауларына бағынсақ өзара тату болып, “киелі рух арқылы иемденген бірлігімізді... сақтап қалуға барынша ұмтылатынымызды” көрсетеміз (Ефес. 4:3).

18 Ендеше қауымды нығайтатын рухты сақтап қалу үшін қолдан келгеннің бәрін істейік. Сонда “Иеміз Иса Мәсіхтің рақымы жақсы рух танытып жүрген [бізбен] бола береді” (Філіп. 4:23).

[Сілтеме]

a Софония 3:9: “Сол уақытта мен халықтардың аузына қайтадан пәк тазалық беремін, сөйтіп олар Жаратушы Иенің атын атап, Оған бірауыздан құлшылық ететін болады”.

b Леуіліктер 5:1: “Егер кімде-кім қарғыс үнін естісе және соның куәгері болса немесе соны көре тұра, біле тұра хабарламаса, онда ол өзіне күнә жүктейді”.

[19-беттегі сурет]

Мағыналы түсініктемелер дайындау арқылы қауымды нығайтатын рухты сақтайсың ба?

[20-беттегі сурет]

Патшалық әндерін айтып жаттыққанымыз қауымда жақсы рухтың сақталуына септігін тигізеді

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу