Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • w05 1.5. 23—27 бет.
  • Кімдер қайта тіріледі?

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Кімдер қайта тіріледі?
  • 2005 жылғы Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды
  • Тақырыпшалар
  • Ұқсас мәлімет
  • Өлгендер қай жерде?
  • ‘Ата-бабаларының қасына аттанды’
  • Шеолда әділетсіздер бар ма?
  • Жаһаннамда кімдер бар?
  • “Бірінші” және “әлдеқайда жақсы өмірге” қайта тірілу
  • Шеол және гадес деген не?
    Киелі кітап шын мәнінде неге үйретеді?
  • Оқырмандардың сауалдары
    2005 жылғы Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды
  • Қайта тірілуге деген үміттің күші
    Жалғыз шынайы Құдайға ғибадат етіңдер
2005 жылғы Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды
w05 1.5. 23—27 бет.

Кімдер қайта тіріледі?

“Бұған таңданбаңдар, өйткені қабірдегілердің бәрі Құдайдың рухани Ұлының даусын еститін уақыт болады. Сонда өлгендер қабірден шығады” (ЖОХАН 5:28, 29).

1. Мұса от боп жалындап тұрған бұтаның жанында қандай керемет нәрсе естиді және кейінірек бұл сөздерді кім қайталайды?

ҮШ ЖАРЫМ мың жыл бұрын өте ерекше оқиға болды. Мұса Етор есімді рубасының қойын бағып жүрген еді. Хориб тауының жанына келгенде, Ехобаның періштесі Мұсаға жанып тұрған тікенді бұтаның ішінен аян береді. Мысырдан шығу кітабында: “Мұса бұтаның от боп жалындап тұрғанымен өртеніп кетпегенін байқаған еді”,— деп жазылады. Одан кейін бұта арасынан: “Мен әкеңнің Құдайымын, әрі Ыбырайым, Ысқақ және Жақыптың Құдайымын”,— деген дауыс естіледі (Мысырдан шығу 3:1—6). Кейінірек бірінші ғасырда Құдай Ұлының өзі осы сөздерді қайталайды.

2, 3. а) Ыбырайым, Ысқақ және Жақыпты не күтіп тұр? ә) Қандай сұрақтар туындайды?

2 Иса қайта тірілуге сенбейтін саддукейлермен сөйлескенде, былай дейді: “Өлгендердің қайта тірілетінін Мұса да Таурат кітабының тікенді бұта туралы тарауында білдірген. Ол онда Жаратқан Иені “Ыбырайым, Ысқақ және Жақыптың Құдайы” деп атаған. Демек, Жаратқан Ие өлгендердің емес, тірілердің Құдайы! Оның алдында бәрі де тірі” (Лұқа 20:27, 37, 38). Осы сөздерімен Иса баяғыда қайтыс бОлған Ыбырайым, Ысқақ, Жақып әлі де Құдайдың жадында екенін білдірген. Олар да Әйүп сияқты өлім ұйқысында өздеріне “белгіленген уақыттың” аяқталуын күтіп жатыр (Әйүп 14:14). Құдайдың жаңа дүниесінде олар қайта тіріледі.

3 Алайда адамзат тарихында қайтыс болған миллиардтаған адамдар туралы не деуге болады? Олар да қайта тіріле ме? Бұл сұрақтың қанағаттанарлық жауабын алмас бұрын, өлген адамдардың қайда баратынына қатысты Құдай Сөзінде не айтылғанын көрейік.

Өлгендер қай жерде?

4. а) Өлген соң адамдар қайда барады? ә) Шеол деген не?

4 Киелі кітапта өлілердің ‘ештеңе білмейтіні’ айтылған. Өлген адамдар тозақ отында азап шекпейді, олар “бөгетке”, немесе қиямет күніне дейін өлген адамның жаны болатын орынға да, бармайды. Олар жай ғана топыраққа айналады. Сондықтан Құдай Сөзі тірілерге: “Істемек болған әр ісіңді қолыңнан келгенше, бар күшіңмен істе, өйткені сен баратын молада [“шеолда”, ЖД]a іс те, ой шолу да, білім де, даналық та жоқ”,— деп кеңес береді (Екклесиаст 9:5, 10; Жаратылыс 3:19). “Шеол” — көп адам үшін бейтаныс сөз. Бұл — түп-төркіні белгісіз еврей сөзі. Көп діндер өлген соң адам әрі қарай да өмір сүре береді деп үйретеді, бірақ Құдай Сөзі шеолға барғандардың ештеңе сезбейтін өлі адамдар екенін көрсетеді. Шеол — адамзаттың моласы.

5, 6. Өлген соң Жақып қайда және кімнің қасына барды?

5 Киелі кітапта “шеол” сөзі ең бірінші рет Жаратылыс 37:35-те кездеседі. Сүйікті ұлы Жүсіпті өлді деп ойлаған Жақып: “Мен шеолға ұлымның қасына аттанғанша қайғырып өтемін”,— деп жұбанбай қояды. Ұлы қайтыс болды деп сенген ол өзі де өліп, шеолға барғысы келген. Кейінірек оның тоғыз ұлы аштықтан құтылудың жолын іздеп, Мысырға ең кіші інілері Буняминді алып барғылары келеді. Бірақ Жақып: “Ол ұлым сендермен бірге бармайды! Ағасы өлген соң, Рахиладан туған ұлдардан ол жалғыз қалды. Жолшыбай бір пәлеге ұшыраса, сендер мені қайғыға батырып, ақ шашты басымды ажалымнан бұрын шеолға тығасыңдар”,— деп көнбей қояды (Жаратылыс 42:36, 38). Бұл екі жерде де Киелі кітап өлімді өлімнен кейін жалғасатын өмірмен емес, шеолмен байланыстырады.

6 Жаратылыс кітабында Жүсіп бүкіл Мысырдағы қоймалардың басшысы болғаны айтылады. Ақырында, Жақып Жүсіппен қайта қауышу үшін жолға шығады. Одан кейін Жақып әбден қартайып, 147 жасқа келіп, сол елде қайтыс болады. Балалары оның соңғы тілегін орындап, сүйегін Қанахандағы Махпела жеріндегі үңгірге апарып қояды (Жаратылыс 47:28; 49:29—31; 50:12, 13). Осылайша Жақып әкесі Ысқақ пен атасы Ыбырайымның қасына барады.

‘Ата-бабаларының қасына аттанды’

7, 8. а) Өлген соң Ыбырайым қайда кетті? Түсіндіріп беріңдер. ә) Басқалардың да өлген соң шеолға кеткені неден көрінеді?

7 Бұдан бұрын Ехоба Ыбырайыммен келісім жасап, ұрпақтарының көбейетінін уәде еткенде, оның өзін не күтіп тұрғанын айтады. Ехоба: “Ал сен болсаң, жасың ұлғайған шағыңда ақ өліммен бабаларыңның қасына аттанып, жер қойнына кіресің”,— деген (Жаратылыс 15:15). Солай болды да. Жаратылыс 25:8-де ‘оның мағыналы өмір сүріп, жасы ұлғайған шағында ата-бабаларының қасына аттанғаны’ айтылады. Ата-бабалары деген кімдер еді? Жаратылыс 11:10—26 дейінгі тармақтарда оның ата-бабасының Нұхтың баласы Шамға дейінгі шежіресі жазылған. Демек, бұл — Ыбырайым қайтыс болған соң аттанатын шеолға өзінен бұрын кеткен адамдар.

8 “Ата-бабаларының қасына аттанды” деген сөйлемше Еврей жазбаларында жиі кездеседі. Сондықтан Ыбырайымның баласы Ысмағұл мен Мұсаның бауыры Һарон да өлген соң шеолға барған және сол жерде қайта тірілуді күтіп жатыр деп тұжырымдау қисынды (Жаратылыс 25:17; Руларды санау 20:23—29). Сол сияқты қабірінің қайда екенін ешкім білмегенімен, Мұса да шеолға кеткен (Руларды санау 27:13; Заңды қайталау 34:5, 6). Мұсадан кейін Исраилдің көсемі болған Ешуа да өлген соң, өз замандастарымен бірге шеолға кетті (Билер 2:8—10).

9. а) Киелі кітапта еврейдің “шеол” сөзі мен гректің “гадес” сөздері бір нәрсеге қатысты қолданылатыны қалай көрсетілген? ә) Шеолдағыларды, немесе гадестегілерді, не күтіп тұр?

9 Ғасырлар өте, Дәуіт он екі рулы Исраил елінің патшасы болады. Қайтыс болған соң, ол да “ата-бабаларының қасына барып тыныш табады” (Елшілердің істері 13:36). Ол да шеолға барды ма? Бір қызығы, б. з. 33 жылы Алғашқы өнім мейрамында елші Петір Дәуіттің өлімі туралы айта келе: “Шеолға қимайсың жанымды, Қасиеттіңнің тәнін де шірітпейсің”,— деп жазылған Забур 15:10-ды келтіреді. Дәуіттің әлі де қабірде жатқанын айта келе, Петір бұл сөздерді Исаға қатысты қолданады: “Ол [Дәуіт] келешекке көз жіберіп, Мәсіхтің қайта тірілуі туралы алдын ала былай деген болатын: Оның жаны гадеске қиылмады, тәні де шіріп кетпеді. Осы Исаны Құдай қайта тірілтіп алды, біз бәріміз соған куәмыз!” (Елшілердің істері 2:29—32). Петір бұл жерде еврейдің “шеол” сөзінің баламасы болып табылатын “гадес” сөзін қолданған. Демек, гадестегілердің жағдайы шеолдағылармен бірдей. Олардың бәрі қайта тірілуді күтіп, өлім ұйқысында жатыр.

Шеолда әділетсіздер бар ма?

10, 11. Неге кейбір әділетсіздер өлген соң шеолға, немесе гадеске, кетеді деп айтуға болады?

10 Мұса Исраил халқын Мысырдан алып шыққан соң, шөл далада бүлік шығады. Мұса халыққа көсемдері Қорах, Датан және Абирамнан бөлініп, аулақ тұруды айтады. Олар қорқынышты өлімге ұшырамақ. Мұса былай деп түсіндіреді: “Егер олар басқа адамдар сияқты өлсе, тартқан жазалары басқа адамдардікіндей болса, мені Тәңір Ие жібермегені; ал егер Тәңір Ие ерекше нәрсе жасап, жер қарс айырылып, оларды бар дүние-мүліктерімен бірге жұтып қойса және олар тірідей шеолға түсіп кетсе, бұл адамдардың Құдайды жек көргендерін біліңдер” (Руларды санау 16:29, 30). Осылайша жер айырылып жұтып қойған бүлікшілер де, Қорах пен оның жағына шығып кетіп от жалмап қойған 250 леуіліктер де шеолға, немесе гадеске, кеткен (Руларды санау 26:10).

11 Дәуіт патшаға тіл тигізген Шимейді Дәуіттен соң патша болған Сүлеймен жазалаған. Дәуіт: “Сен оны жазасыз қалдырма; себебі сен ақылды адамсың және шеолға оның ақ шашын қанға бояп жіберу үшін не істеу керек екенін білесің”,— деп тапсырып кеткен. Сүлейменнің үкімін Бенаях жүзеге асырады (Патшалықтар 3-жазба 2:8, 9, 44—46). Бенаях үкімді жүзеге асырып, жазаланған тағы бір адам Исраилдің бұрынғы қолбасшысы Жоғаб болған. Оның ақ шашы “шеолға” тыныштықпен кеткен жоқ (Патшалықтар 3-жазба 2:5, 6, ЖД; 28—34). Екі мысал да Дәуіттің киелі рухтың жетелеуімен жазған: “Әділетсіздер, Құдайды ұмытатын барлық халықтар тозаққа [“шеолға”, ЖД] кетсін”,— деген жырының растығын көрсетеді (Забур 9:18).

12. Ахитофел кім болған және өлген соң ол қайда кеткен?

12 Ахитофел Дәуіттің жеке кеңесшісі болған. Оның ақылын басқалар Ехобаның сөзіндей бағалаған (Патшалықтар 2-жазба 16:23). Өкінішке орай, Дәуіттің осындай сенім артқан қызметшісі сатқынға айналып, оның ұлы Абессалом бастаған бүлікке қосылып кетеді. Дәуіт: “Маған тіл тигізіп жатқан жауым емес, оған шыдар едім; маған қарсы шыққан өзіме жамандық тілеп жүрген адамым емес, одан жасырынып қалар едім”,— деген сөздерін осы сатқындыққа қатысты айтқан болу керек. Әрі қарай ол былай деп жалғастырады: “Оларға өлім келсін; тірідей шеолға түссін, себебі олардың үйлерінде, орталарында қаскөйлік бар” (Забур 54:13—16). Қайтыс болған соң, Ахитофел мен оның сыбайластары шеолға кеткен.

Жаһаннамда кімдер бар?

13. Неге Яһуда “құрып кетуге тиісті адам” деп айтылған?

13 Дәуіттің жағдайын үлкен Дәуіт Исаның жағдайымен салыстырайық. Оның он екі елшісінің бірі Яһуда Исқариот та Ахитофел сияқты сатқынға айналады. Яһуданың сатқындығы Ахитофелдің күнәсінен анағұрлым ауыр болған. Яһуда Құдайдың жалғыз Ұлына қарсы шыққан. Жердегі қызметі аяқталар кезде айтқан дұғасында Құдай Ұлы шәкірттері туралы былай деген: “Қастарыңда болған кезімде оларды Маған берген құдіретіңмен қорғап, аман сақтап жүрдім. Құрып кетуге тиісті адамнан басқа бірде-біреуін жоғалтқан жоқпын. Киелі жазбада сол адамның істейтіні туралы айтылғандар орындалу үшін осылай болды” (Жохан 17:12). Иса Яһуданы “құрып кетуге тиісті адам” деп атағанда, оның қайтыс болғанда қайта тірілуге үміті болмайтынына нұсқаған. Ол Құдайдың жадында қалмады. Ол шеолға емес, жаһаннамға кетті. Ал жаһаннам деген не?

14. Жаһаннам нені білдіреді?

14 Иса өзінің күніндегі діни жетекшілерді айыптаған, себебі олар өз шәкірттерін ‘тозаққа (жаһаннамға)b түсетін қылған’ (Матай 23:15). Жаһаннам Бен-Һенном сайын білдіреді. Ол кезде адамдарға қоқыс тастайтын Бен-Һенном сайы таныс болған. Онда дұрыстап жерлеуге лайықсыз жазаға тартылған қылмыскерлердің мәйіттері тасталатын. Бұрынырақта Исаның өзі де Таудағы уағызында жаһаннам туралы айтқан (Матай 5:29, 30). Оны тыңдап тұрған халық бұл сөздің нені бейнелейтінін жақсы түсінген. Жаһаннам толық жойылуды білдіреді және оған түскен адамның қайта тірілуге үміті жоқ. Яһуда Исқариоттан басқа да шеолға (гадеске) емес, жаһаннамға кеткен адамдар бар ма?

15, 16. Өлген соң жаһаннамға кімдер кетті және олар неге онда барды?

15 Алғашқы адамдар Адам мен Хауа кемелді болып жаратылған. Олар біле тұра, әдейі күнә жасаған. Олар не мәңгілік өмірді, не өлімді таңдаулары керек еді. Құдайға бағынбай, Адам мен Хауа Шайтанның жағына шықты. Олар қайтыс болғанда, Исаның төлем құрбандығының пайдасын көретін еш үміттері болмады, сондықтан жаһаннамға кетті.

16 Адамның алғашқы ұлы Қабыл өз інісі Әбілді өлтіріп, қалған өмірінде кезбе болып өтті. Елші Жохан Қабылды “шайтанның адамы” деп суреттеген (Жоханның 1-хаты 3:12). Сондықтан өлген соң әке-шешесі сияқты ол да жаһаннамға кетті деп тұжырымдау қисынды (Матай 23:33, 35). Оның жағдайы мен әділ адам Әбілдің жағдайының айырмашылығы жер мен көктей! Пауыл: “Құдайға сенгендіктен Әбіл Оған арнап Қабылдікінен гөрі тиімді құрбандық жасады. Сенімі арқылы Әбіл ақталды, өйткені Құдай оның ұсынған сый-тартуларын ұнатып қабылдады,— деп түсіндіреді де, былай деп қосады,— Әбіл өлсе де, оның сеніммен істегені әлі де үлгі болып келеді” (Еврейлерге 11:4). Иә, Әбіл қайта тірілуді күтіп шеолда жатыр.

“Бірінші” және “әлдеқайда жақсы өмірге” қайта тірілу

17. а) ‘Заманның ақырында’ кімдер шеолға кетеді? ә) Шеолдағылар мен жаһаннамдағыларды не күтіп тұр?

17 Бұл мәліметті оқыған көп адам ‘заманның ақырында’ қайтыс болғандардың жағдайы қандай болатынын білгісі келеді (Даниял 8:19). Аян кітабының 6-тарауында осы уақытта пайда болған салт атты төрт адам суреттеледі. Бір қызығы, олардың соңғысы Өлім деп аталып, оның соңынан гадес ерген екен. Осылайша осы салт атты адамның әрекетінен мезгілсіз қайтыс болған көп адам Құдайдың жаңа дүниесіндегі қайта тірілуді күтіп жату үшін гадеске кетеді (Аян 6:8). Олай болса, шеолдағылар (гадестегілер) мен жаһаннамдағыларды не күтіп тұр? Алғашқылары қайта тіріледі де, кейінгілері мәңгілікке жойылады, яғни жоқ болады.

18. “Алғашқы қайта тірілуге” қатысатындарды не күтіп тұр?

18 Елші Жохан: “Алғашқы қайта тірілуге қатысқан әркім бақытты да қасиетті! Мұндайларға “екінші өлім” билігін жүргізбейді. Керісінше, олар Құдайдың және Мәсіхтің діни қызметкерлері болып, Мәсіхпен бірге мың жыл бойы патшалық құрмақ”,— деп жазған. Исамен бірге билік ететін патшалар “алғашқы қайта тірілуге” қатысады, бірақ басқа адамдар жөнінде не деуге болады? (Аян 20:6).

19. Қалайша кейбіреулер ‘әлдеқайда жақсы өмірге қайта тіріледі’?

19 Құдайдың қызметшілері Ілияс пен Елішаның кезінен бері ғажайып қайта тірілу арқылы адамдар өмірге қайта оралған. Елші Пауыл: “Кейбір әйелдер өлгендері қайта тіріліп, олармен қайтадан қауышты. Ал қиналып өлтірілген басқалар да болды. Олар сатқындықпен бостандық алудан бас тартып, әлдеқайда жақсы өмірге қайта тірілулерін көздеді”,— деген. Иә, бұл адал жандар қайта тірілуге өлімнен кейін бірнеше ғана жыл өмір сүру деп емес, мәңгілік өмір сүру мүмкіндігі деп қарап, сол уақытты қуана күткен! Бұл ‘әлдеқайда жақсы өмірге қайта тірілу’ болары сөзсіз (Еврейлерге 11:35).

20. Келесі мақалада не қарастырылады?

20 Бұл зұлым дүние жойылмай тұрып қайтыс болып кетсек, “әлдеқайда жақсы өмірге”, яғни мәңгілік өмірге, қайта тірілуге деген берік үмітіміз бар. Иса: “Бұған таңданбаңдар, өйткені қабірдегілердің бәрі Құдайдың рухани Ұлының даусын еститін уақыт болады. Сонда өлгендер қабірден шығады”,— деп уәде еткен (Жохан 5:28, 29). Келесі мақалада қайта тірілудің мақсатын тереңірек қарастырамыз. Онда қайта тірілуге деген үміт бізді қалай адалдығымызды сақтауға нығайтып, жанқиярлық рухын танытуға көмектесетінін қарастырамыз.

[Сілтемелер]

a Осы және келесі мақаладағы Жазба орындарында “мола”, “о дүние”, “көр” деп аударылған сөздердің орнына түпнұсқадағы “шеол” және “гадес” сөздері қолданылды.

b Қазақша Киелі кітапта түпнұсқадағы “жаһаннам” (евр. Geh Hinnom) сөзі “тозақ” деп аударылған.

Естеріңде ме?

• Неге Ехоба “тірілердің Құдайы” деп суреттеледі?

• Шеолдағылардың жағдайы қандай?

• Жаһаннамдағыларды не күтіп тұр?

• Қалайша кейбіреулер ‘әлдеқайда жақсы өмірге қайта тіріледі’?

[25-беттегі сурет]

Ыбырайым сияқты шеолға кеткендердің бәрі қайта тіріледі

[26-беттегі суреттер]

Неге Адам мен Хауа, Қабыл және Яһуда Исқариот жаһаннамға кетті?

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу