Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • w05 1.8. 32-б.
  • Оқырмандардың сауалдары

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Оқырмандардың сауалдары
  • 2005 жылғы Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды
  • Ұқсас мәлімет
  • Кімдер қайта тіріледі?
    2005 жылғы Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды
  • Қайта тірілуге деген үміттің күші
    Жалғыз шынайы Құдайға ғибадат етіңдер
  • Шеол және гадес деген не?
    Киелі кітап шын мәнінде неге үйретеді?
2005 жылғы Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды
w05 1.8. 32-б.

Оқырмандардың сауалдары

Ежелгі Исраил патшасы Сүлеймен қартайған шағында Құдайға адал болмай кеткендіктен, ол қайта тірілмейді деп тұжырымдай аламыз ба? (Патшалықтар 3-жазба 11:3—9).

Киелі кітапта қайта тірілетіні шүбәсіз адал ерлер мен әйелдердің тізімі келтірілгенімен, ондағы аталған әрбір адамды не күтіп тұрғаны нақты айтылмаған (Еврейлерге 11:1—40). Алайда Сүлейменнің өлімі мен кейбір Құдайға адал адамдар өлгенде не болғанын салыстыра отырып, Құдайдың оған шығарған үкімі жайлы қандай да бір түсінік ала аламыз.

Жазбаларда өлгендерді не уақытша тіршілігін тоқтату, не мәңгі өлім күтіп тұрғанын айтылады. Қайта тірілуге лайықсыз деп табылғандар тозақ отына, яғни “жаһаннамға”, немесе “отты көлге” тасталады (Матай 5:22; Марқа 9:47, 48; Аян 20:14, сілтемені қараңдар). Олардың арасында алғашқы адам жұбы Адам мен Хауа, сатқын Яһуда Исқариот, сондай-ақ Нұхтың күндеріндегі және Содом мен Ғомораның тұрғындары сияқты Құдайдың жазасынан өліп кеткен кейбір адамдар барa. Қайта тірілетіндер адамзаттың моласы шеолда, не гадесте. Мұндай адамдардың келешегі туралы Киелі кітапта былай делінеді: “Теңізде қаза тапқандар да, жалпы ажалға ұшырап, о дүниеге [“гадеске”, ЖД] аттанғандардың бәрі де қайта тіріліп, іс-әрекеттері бойынша сотталды” (Аян 20:13).

Еврейлерге арналған хаттың 11-тарауында айтылған Құдайдың адал қызметшілері қайта тірілуді күтіп, шеолда, немесе гадесте, жатыр. Олардың арасында Ыбырайым, Мұса және Дәуіт бар. Олардың өлімі туралы Киелі кітапта не айтылғанын қарастырып көрейік. Ехоба Ыбырайымға: “Ал сен болсаң, жасың ұлғайған шағыңда ақ өліммен бабаларыңның қасына аттанып, жер қойнына кіресің”,— деді (Жаратылыс 15:15). Ал Мұсаға: “Міне, сен бабаларыңның қасына аттанасың”,— деген (Заңды қайталау 31:16). Сүлейменнің әкесі Дәуіт жайлы Киелі кітапта былай делінген: “Дәуіт ата-бабаларының қасына аттанды және Дәуіттің қаласында жерленді” (Патшалықтар 3-жазба 2:10). Олай болса, адам шеолға кетті дегенді басқаша “ата-бабаларының қасына аттанды” деп айтуға болады.

Ал Сүлеймен қайтыс болғанда, онымен не болды? Киелі кітап: “Сүлеймен Иерусалимде бүкіл Исраилге қырық жыл патшалық етті. Сөйтіп, Сүлеймен ата-бабаларының қасына аттанды және әкесі Дәуіттің қаласына жерленді”,— деп жауап береді (Патшалықтар 3-жазба 11:42, 43). Демек, бұдан Сүлеймен қайта тірілетін шеолда, не гадесте, деп тұжырымдау ақылға қонымды көрінеді.

Бұл тұжырым Жазбаларда ‘олар ата-бабаларының қасына аттанды’ деп айтылғандардың қайта тірілуге мүмкіндігі бар екеніне меңзейді. Сүлейменнен кейінгі патшалардың көбісі жайлы, олар Құдайға адал болмаған болса да, осылай айтылған. Бұл ақылға сыймайтын да нәрсе емес, өйткені ‘Құдай сенушілерді де, күнәкарларды да қайта тірілтеді’ (Елшілердің істері 24:15). Әрине, “қабірдегілердің бәрі” түрегелгеннен кейін ғана, біз нақты кімнің қайта тірілуге лайық болғанын білеміз (Жохан 5:28, 29). Сондықтан ежелде өмір сүрген әлдебір адамдар қайта тіріледі не тірілмейді деп үзілді-кесілді айтудың орнына, Ехобаның кемелді шешіміне сенім арта отырып, күтеміз.

[Сілтеме]

a 1988 жылғы “Күзет мұнарасының” (ор.) 1 қарашадағы санының 22, 23-беттерін қараңдар.

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу