8-ән
Еске алу кеші
1. Көктегі Әкеміз, Ехоба,
Бұл күн киелі расында!
Паш еттің күшіңді, зор даналығыңды,
Мінсіз әділ жолыңды да.
Мейрамның тоқтысын жеп халық
Шықты Мысырдан қуанып.
Ал ғасырлар өте Иса қанын төкті,
Пайғамбарлық сөзге иланып.
2. Отарыңдағы қойларыңдай,
Даңқтауға сені жиналдық.
Адамзатты сүйдің, Ұлды бізге қидың,
Атың мадақтауға лайық.
Еске алу кеші бүгінгі
Жүректе мәңгі сақтаулы.
Ізімен Исаның жүреміз әрдайым,
Мол сыйың да әзір мақтаулы.
(Лұқа 22:14—20; Қор. 1-х. 11:23—26 қараңыз.)