9-ән
Құдайымыз Ехобаны мадақтайық!
1. Мадақта! Құдайды даңқта!
Баршаға паш ет есімін!
Жарияла! Сот күні жақын,
Ұқсын бәрі хабардың мәнін.
Ұлының Патша болмақ уақыты
Келді деп Құдай ұйғарды.
Алда сый күтіп тұрғанын айтып,
Бәріне жеткіз хабарды.
Қайырмасы:
Мадақта! Құдайды даңқта!
Ұлылығын айтып баршаға!
2. Мадақта Құдай есімін!
Қуана ән сал дауыстап!
Нұр шашқан салтанат даңқын
Паш етеміз батыл уағыздап.
Ехоба асқақ, істері ұлы,
Кішіпейіл ол сөйтсе де.
Рақымын төгіп, сүйеді бізді,
Ден қойып дұға үніне.
Қайырмасы:
Мадақта! Құдайды даңқта!
Ұлылығын айтып баршаға!
(Зәб. 89:27; 105:1; Ерм. 33:11 қараңыз.)