7-ән
Ехобаға бағышталу
1. Үлкен етіп, уа, Ехоба,
Жараттың Әлемді.
Аспан, Жерге өмір бердің,
Тіршілік бар енді.
Паш етті жаратқандарың,
Істерің қаншама
Тек өзің ғибадатқа лайық
Екеніңді баршаға.
2. Ехобаның бар ниеті
Орындалу үшін,
Шомылып Иса қызметке
Арнады өмірін.
Судан шыққан Иса енді
Майланған Ұл болды.
Адал, тіл алғыш, бағышталған
Лайық таңдады жолды.
3. Даңқтап атыңды, Ехоба,
Алдыңа барамыз.
Өзімізден бас тартып,
Саған бағышталамыз.
Төлемі жалғыз Ұлыңның
Тым құнды біз үшін.
Енді өлсек те, өмір сүрсек,
Бәрі де тек сен үшін.
(Мат. 16:24; Мар. 8:34; Лұқа 9:23 қараңыз.)