115-ән
Жемісті болып, даналықпен әрекет етейік
(Ешуа 1:8)
1. Біз үшін рухпен жазылған
Құдай Сөзі құнды.
Күндіз-түні үзбей оқып,
Қозғайық бар ойды.
Жол көрсетіп, бағыттасын
Сөз бен ісімізді,
Қайырмасы:
Ой жүгіртіп, ұстанайық
Бағалы әр сөзді.
Күнде Құдайға жүгінсек,
Боламыз жемісті.
2. Ежелдегі Исраилде
Арнайы заң болған:
Әр патша Заң кітабының
Көшірмесін жазған.
Күн сайын заңдарды оқып,
Оңға басқан ісі.
Қайырмасы:
Ой жүгіртіп, ұстанайық
Бағалы әр сөзді.
Күнде Құдайға жүгінсек,
Боламыз жемісті.
3. Күнде оқып Құдай Сөзін,
Үмітке кенелгін.
Жұбаныш, тыныштық баурап,
Берік болар сенім.
Өмірде қолдансақ Сөзін,
Жетелейді бізді.
Қайырмасы:
Ой жүгіртіп, ұстанайық
Бағалы әр сөзді.
Күнде Құдайға жүгінсек,
Боламыз жемісті.
(Мұс. 5-ж. 17:18; Пат. 1-ж. 2:3, 4; Зәб. 119:1; Ерм. 7:23 қараңыз.)