Өмір жолың қандай?
• Көптеген адамдар күнделікті күйбең тірлікке беріліп кеткендері соншалық, өмірлерінің қалай өтіп жатқаны жайлы ой жүгіртуге уақыт таппайды.
• Киелі кітапта бізді керемет болашақ күтіп тұрғаны айтылады. Сонымен қатар онда адамзат қоғамында болатын түбегейлі өзгерістің келе жатқаны ескертілген. Сондықтан апаттан аман қалу үшін Киелі кітаптан алған білімді қолдана отырып, шұғыл түрде қадамдар жасауымыз керек.
• Киелі кітапта не айтылатынын білетін және оны өмірлерінде қолдануға тырысатын адамдар бар, бірақ олар күнделікті тұрмыстың уайымы өздерін бағыттарынан адастырып жіберуіне жол береді.
• Таңдаған өмір жолыңа ризасың ба? Тірліктеріңді жоспарлағанда, өмірде алға қойған мақсаттарыңа оның қалай әсер ететінін ойланасың ба?
[9-беттегі қоршау/суреттер]
Сен үшін ең маңыздысы не?
Сен үшін ең қымбаты не? Соған сәйкес нөмірлеп шық.
Бұлардың бәрінің өмірде алатын орны бар, бірақ қайсысын бірінші таңдайсың, қайсысын екінші және т.с.с.?
․․․ Көңіл көтеру/демалу
․․․ Жұмысым немесе қызметім
․․․ Денсаулығым
․․․ Жеке басымның бақыты
․․․ Жұбайым
․․․ Ата-анам
․․․ Балаларым
․․․ Жақсы үй, сәнді киімдер
․․․ Не істесем де бәрінен асып түсу
․․․ Құдайға ғибадат ету
[10, 11-беттердегі қоршау]
Таңдағандарың дәл өзің қалағандай болып шыға ма?
КЕЛЕСІ ЖАЙТТАРДЫ ҚАРАСТЫР
КӨҢІЛ КӨТЕРУ/ДЕМАЛУ: Таңдаған көңіл көтерудің түрі өзімді сергіте ме? Ол денсаулығыма қауіп төндіретіндей, тіпті өмір бойы мүгедек боп қалатындай қауіпті емес пе? Ол мүмкін біраз уақыт қызыққа батырар, бірақ нәтижесінде көпке дейін азап шегіп жүретіндей “сауық” емес пе? Тіпті таңдаған көңіл көтеру қауіпсіз болса да, көп уақыт алатындықтан, басқа маңызды істерге уақытым жетпей қалып жүрген жоқ па?
ЖҰМЫСЫМ НЕМЕСЕ ҚЫЗМЕТІМ: Бұл күнелтуім үшін ғана қажет пе, әлде бар күшімді алып қоя ма? Ол денсаулығыма зиян келтіретін талаптар қоймай ма? Бос уақытымды жұмысыма арнағым келе ме, әлде жұбайыма немесе балаларыма арнағым келе ме? Егер бастығым ар-ұятымды мазалайтын немесе жиі рухани нәрселерді ығыстырып тастайтындай істі талап етсе, жұмысымнан айырылып қалмау үшін оны істей беремін бе?
ДЕНСАУЛЫҒЫМ: Денсаулығымды құртып жүрмін бе, әлде сақтап жүрмін бе? Көбінесе соны сөз қыламын ба? Денсаулығыма қалай қарайтыным отбасымды уайымға салмай ма?
ЖЕКЕ БАСЫМНЫҢ БАҚЫТЫ: Мен үшін бұл ең маңыздысы болып табыла ма? Оны жұбайымның немесе отбасымның бақытынан да артық көремін бе? Оған талпынғанда қалай әрекет ететінімнен шынайы Құдайдың қызметшісі екенім көріне ме?
ЖҰБАЙЫМ: Жұбайымды өз мүддемді іске асыруға көмектесетін серігім ретінде ғана қарастырамын ба? Оны өзін-өзі қадірлеуге құқылы адам ретінде сыйлаймын ба? Құдайға деген сенімім жұбайыма деген көзқарасыма әсер ете ме?
АТА-АНАМ: Егер кәмелетке толмаған болсам, құрметпен жауап беруіммен, тапсырған жұмысты орындауыммен, үйге айтқан уақытта келуіммен, олар тыйым салған істерден және адамдардан аулақ жүруіммен ата-анама бағынамын ба? Ересек адам болсам, ата-анама құрметпен құлақ асамын ба, қажет кезде лайықты көмек беремін бе? Оларға қалай қарайтыныма не әсер етеді? Өз жағдайымды ғана ойлағаным ба, әлде Құдай Сөзіндегі кеңестерге құлақ асқаным ба?
БАЛАЛАРЫМ: Балаларыма құлықтылық тәрбие беру жауапкершілігін сезінемін бе, әлде ол тәрбиені мектеп береді деп үміттенемін бе? Оларға уақыт бөлемін бе, әлде балаларымның ойыншықтарға алданғаны немесе теледидар мен компьютер алдында уақыт өткізгені жеткілікті деп қарастырамын ба? Оларды Құдайдың ескертулеріне немқұрайды қараған кездердің бәрінде жөнге салып отырамын ба, әлде өзімді ашуландырғанда ғана жөнге саламын ба?
ЖАҚСЫ ҮЙ, СӘНДІ КИІМДЕР: Сырт пішінім мен мүлкіме не үшін көңіл бөлемін, айналадағыларды таңғалдыру үшін бе, отбасымның бақуат екенін көрсету үшін бе, әлде Құдайдың қызметшісі болғандықтан ба?
НЕ ІСТЕСЕМ ДЕ БӘРІНЕН АСЫП ТҮСУ: Не істесем де керемет болып шығу керек деп ойлаймын ба? Бәрінен де асып түсуге ұмтыламын ба? Басқа біреудің басымдығын көргенде, құтым қаша бастай ма?
ҚҰДАЙҒА ҒИБАДАТ ЕТУ: Құдайға ұнамды болуды жұбайыма, балаларыма, ата-анама немесе бастығыма ұнаудан да артық деп санаймын ба? Жаныма жайлы өмір қалпымды сақтап қалу үшін Құдайға деген қызметті екінші орынға ысырып қоя салуға бармын ба?
КИЕЛІ КІТАПТЫҢ КЕҢЕСТЕРІН МҰҚИЯТ ҚАРАСТЫР
Сен үшін Құдайға ғибадат ету қаншалықты маңызды?
Екклесиаст 12:13 (ЖД) “Шынайы Құдайдан қорқып, оның өсиеттерін ұстан, өйткені адамның бар борышы осында”.
ӨЗІҢНЕН БЫЛАЙ ДЕП СҰРА: Өмірімнен барлық нәрсеге қатысты осындай көзқарас ұстанатыным байқала ма? Құдайдың өсиеттеріне бағынатындығым үйдегі, жұмыстағы немесе мектептегі жауапкершіліктеріме қалай қарайтыныма әсер ете ме? Әлде, керісінше, осы жағдайлар мен өмірдің қысымы Құдайға қанша уақыт арнайтыныма әсер ете ме?
Құдаймен қарым-қатынасың қандай?
Нақыл сөздер 3:5, 6 “Тәңірге шын жүрегіңмен арқа сүйе және өз ақылыңа сүйенбе. Барлық жолдарыңда Оны таны, сонда Ол жолыңа бағыт береді”.
Матай 4:10 “Құдай Иеңе ғибадат етіп, жалғыз Оған ғана қызмет ет!”
ӨЗІҢНЕН БЫЛАЙ ДЕП СҰРА: Құдайға деген сезімім осындай ма? Күнделікті істерімнен және қиыншылықтарға кезіккендегі әрекетімнен осындай сенім мен адалдық байқала ма?
Сен үшін Киелі кітапты оқып, зерттеу қаншалықты маңызды?
Жохан 17:3 “Мәңгілік өмір, бұл — жалғыз шынайы Құдайды және Өзің жерге жіберген Мені, Иса Мәсіхті, жақыннан тану”.
ӨЗІҢНЕН БЫЛАЙ ДЕП СҰРА: Құдай Сөзін оқып, сол жайында ой жүгіртуді маңызды деп қарағанымнан, шын мәнінде, осы сөздерге сенетінім көріне ме?
Сен үшін мәсіхшілердің қауым кездесулеріне қатысу қаншалықты маңызды?
Еврейлерге 10:24, 25 ‘Өзара сүйіспеншілік көрсетіп, игілік істеуге қозғау салудың қамын ойлайық. Иеміздің қайтып келетін күнінің таяп қалғанын білесіңдер ғой’.
Забур 121:1 “Құдай үйіне барайық деп айтқан кезде, қуанып кеттім”.
ӨЗІҢНЕН БЫЛАЙ ДЕП СҰРА: Менің өмірімнен Құдай Сөзіндегі осы басшылыққа деген ризашылық байқала ма? Өткен айда басқа істерімді бітіріп алу үшін қауым кездесулерін жіберіп қойған кездерім болды ма?
Басқаларға Құдай мен оның еркі жайында айту үшін құлшыныс танытып жүрсің бе?
Матай 24:14 “Құдай Патшалығы туралы осы Ізгі хабар... күллі әлемге уағыздалатын болады. Содан кейін бұл заманның ақыры келеді”.
Матай 28:19, 20 “Сондықтан күллі халықтарға барыңдар! Оларды Менің шәкірттерім етіп... әрі сендерге өсиет еткендерімнің бәрін де ұстануға үйретіңдер!”
Забур 95:2 “Тәңірге арнап ән айтыңдар, Оның есімін дәріптеңдер, күн сайын Оның құтқаратындығы туралы ізгі хабарды жариялаңдар”.
ӨЗІҢНЕН БЫЛАЙ ДЕП СҰРА: Осы іс менің өмірімде, шынында да, маңызды орын ала ма? Оған атсалысуымнан маңызды уақытта өмір сүріп жатқанымызға деген сенімділігім байқала ма?