Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • dg 1-бөл., 2—3 бет.
  • Құдай шынымен біздің қамымызды ойлайды ма?

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Құдай шынымен біздің қамымызды ойлайды ма?
  • Құдай шынымен біздің қамымызды ойлайды ма?
  • Ұқсас мәлімет
  • Киелі кітапта не делінген?
    Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (көпшілікке арналған). 2017
  • Неге Құдай қайғы-қасіретке жол беріп отыр?
    Киелі кітап шын мәнінде неге үйретеді?
  • Қайғы-қасіреттен босаған жер
    Құдай шынымен біздің қамымызды ойлайды ма?
  • Қиыншылыққа төзудің пайдасы бар
    2007 жылғы Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды
Көбірек мәлімет
Құдай шынымен біздің қамымызды ойлайды ма?
dg 1-бөл., 2—3 бет.

1-бөлім

Құдай шынымен біздің қамымызды ойлайды ма?

1, 2. Адамдар Құдай туралы қандай сұрақтар қоюда және оның себебі неде?

«БІЗДІҢ қамымызды ойлайтын Құдай бар болса, онда неге ол осыншама қайғы-қасіретке жол беріп отыр?» — деп сұраған кезің болған шығар. Бәріміз де қасірет шеккенбіз немесе қасірет шеккен басқаларды білеміз.

2 Иә, бүкіл тарих бойы адамдар соғыстың, қатыгездіктің, қылмыстың, әділетсіздіктің, қайыршылық күйдің, аурудың және жақын адамның қаза болуының кесірінен жан күйзелісіне ұшырап зардап шеккен. Біздің XX ғасырдың өзінде соғыстарда 100 миллоннан аса адам қаза болды. Басқа жүздеген миллион адамдар жарақат алды немесе баспанасы мен дүние-мүлкінен айырылды. Бүгін болып жатқан көптеген жан түршігерлік оқиғалар қаншама адамдарды қайғы-мұңға салып, көз жастарын көл етіп, олардың болашаққа деген үмітін үзуде.

3, 4. Құдайдың қайғы-қасіретке жол беруі көп адамдарда қандай ой туғызуда?

3 Кейбіреулер Құдай бар болса да, біздің қамымызды ойлап жатқан жоқ деп ызаланады. Немесе олар тіпті Құдай жоқ деп те ойлауы мүмкін. Мысалы, Бірінші дүние жүзілік соғыс кезінде достары мен жанұясынан айырылып, этникалық қуғыннан зардап шеккен кісі: «Көмегіне мұқтаж болғанымызда Құдай қайда еді?» — деп сұрады. Миллиондаған адамдарды нацистер қырып жойған Екінші дүние жүзілік соғыстан аман қалған басқа бір кісі, көрген азаптарынан түңілгені соншалық: «Егер жүрегімді жаласаңыз, уланып өлер едіңіз»,— деді.

4 Сонымен, жақсы Құдайдың жамандықтың болуына жол беруі көп адамдарға түсініксіз. Өйткені Құдай олардың қамын ойлайтындығына, тіпті оның бар екеніне күмәнданады. Көпшілігі қайғы-қасірет барлық уақытта адамзат өмірінің ажырамас бөлігі болып қала береді деп ойлайды.

[2, 3-беттердегі сурет]

Қайғы-қасіреттен босаған жаңа дүние жақын ба?

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу