Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • g20 № 3 6—7 бет.
  • Адамгершіл болыңыз

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Адамгершіл болыңыз
  • Ояныңдар! 2020
  • Тақырыпшалар
  • Ұқсас мәлімет
  • Шындық
  • Киелі кітап қағидасы
  • Адамгершіл адам азбас
  • Ойда болсын
  • Жанашырлық танытыңыз
    “Мәсіхшілік өміріміз бен қызметіміз” жұмыс дәптері (2021)
  • Құдайдың сізге жаны аши ма?
    Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (көпшілікке арналған). 2018
  • Отбасымыз бен достарымыз
    Ояныңдар! 2019
  • Уағыздау шеберлігін шыңдай түсейік. Құдай Патшалығы туралы батылдықпен айту
    Біздің қасиетті қызметіміз. 2014
Көбірек мәлімет
Ояныңдар! 2020
g20 № 3 6—7 бет.
Ақ нәсілді кісі мен бір сикх кісі ұшақта әңгімелесіп отыр.

Адамгершіл болыңыз

Шындық

Біреудің өзгешеліктеріне көп мән бере берсек, сол өзгешеліктеріне кемшілік деп қарай бастауымыз мүмкін. Содан ол адамды кемсіте бастауымыз да ғажап емес. Осындай теріс көзқарасты жүгендемесек, басқаларға адамгершілікпен қарау қиындай бастайды. Ал өзгеге адамгершіл болмау — өте ауыр кеселдің басы. Бұл кеселдің аты — алалау.

Киелі кітап қағидасы

“Қуанғандардың қуанышына, қайғырғандардың қайғысына ортақ болыңдар” (РИМДІКТЕРГЕ 12:15).

Қағиданың мәні. Бір сөзбен айтар болсақ, өзіңізді өзгенің орнына қойып, жанын ұға біліңіз.

Адамгершіл адам азбас

Адамгершіліктен аттамай, басқаны түсіне білсек, ол да өзіміздей-ақ адам екенін көреміз. Оның қалай ойланатыны, не сезінетіні дәл біздікіндей екенін ұғамыз. Адамгершіл болсаңыз, қандай мәдениеттен шықпасын адамдардың бәрі бір атадан тараған үлкен отбасы екенін көресіз. Оларға қай жағынан ұқсас екеніңізге мән берген сайын, сол адамдар туралы ойыңыз да жақсы жаққа өзгере береді.

Адамгершілігі бар адам басқаны құрметтей алады. Сенегалда тұратын Анна-Мари деген әйел қоғамдарында төмен деп есептелетін таптың адамдарын менсінбейтін. Бірақ адамгершілік қасиетінің арқасында оларға деген ойы өзгере бастаған. Анна-Мари былай дейді: “Төменгі таптың адамдары қалай қиналып жүргенін көргенде, өзіме сұрақ қойдым: “Солардың орнында болсам, өзімді қалай сезінер едім? Менің алып бара жатқан еш артықшылығым жоқ, олардан мені жоғары етіп тұрған дәрежеме де өз еңбегіммен жеткен жоқпын. Онда мен несіне өзінше боламын?!” Иә, басқалардың қиындықтарын сезінген адам оларды сынап-мінеуден аулақ болады.

Ойда болсын

Кейбір адамдарға жағымсыз сезімдеріңіз болса, айырмашылықтарыңызды ғана көре бермей, ұқсастықтарыңызды да байқаңыз. Мына жағдайда олар не сезінетінін ойлап көріңіз:

Бір-бірімізге түсіне қарасақ, бәріміз бір атадан тараған бауырлар екенімізді көреміз

  • өз отбасыларымен дастарқандас болғанда;

  • ауыр жұмысты бітіргенде;

  • жора-жолдастарымен бас қосқанда;

  • сүйікті әндерін тыңдағанда.

Ұқсастықтарыңыз бар ма екен?

Ал енді өзіңізді олардың орнына қойып көріңіз. Бұл үшін мына сұрақтарға жауап беріңіз:

  • Біреу мені адам құрлы көрмесе, өзімді қалай сезінер едім?

  • Біреу мені білмей жатып сыртымнан тон пішсе, қайтер едім?

  • Сол адамның орнында мен болсам, басқалардың маған қалай қарағанын қалар едім?

Сол ақ нәсілді кісі мен сикх кісі бір-біріне суреттер көрсетіп отыр. Екеуінің де отбасылары, айналысатын спорттары, ұнайтын жұмыстары бар.

Өмірден: Роберт (Сингапур)

“Мен бұрында құлағы естімейтін адамдарды біртүрлілеу, білімі аздау, өкпелегіш деп ойлайтынмын. Сондықтан оларға жоламайтынмын. Сол қылығым алалаушылық екенін қайдан білейін, ешкімге зияным тимесе болды ғой деп ойлаушы едім.

Адамды түсіне білу маған керең адамдарға теріс пікірімді өзгертуге көмектесті. Мысалы, мен оларды ақыл-ойы таяз адамдар деп ойлайтынмын, өйткені оларға сөйлеген сайын маған тесіліп қарап тұра беретін. Сонда мен былай ойладым: менің құлағым естімесе, ал біреу маған келіп бірдеңе десе, мен де оған тесіліп қарап тұрар едім ғой! Тіпті есту аппаратым болған күннің өзінде анық ести алмай, түрім тыржиып тұрар еді. Ал ол адам менің түріме қарап, ұқпай тұр деп ойлап қалар еді.

Осылай өзімді құлағы естімейтін адамдардың орнына қойып, сезімдерін сезінгенде, бойымдағы алалаушылық будай сейіліп кетті”.

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу