Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • g20 № 3 4—5 бет.
  • Ақ-қарасын айыра біліңіз

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Ақ-қарасын айыра біліңіз
  • Ояныңдар! 2020
  • Тақырыпшалар
  • Ұқсас мәлімет
  • Шындық
  • Киелі кітап қағидасы
  • Ақ-қарасын айырған ұтылмас
  • Ойда болсын
  • Алалау дертінен аман-саусыз ба?
    Ояныңдар! 2020
  • Алалаушылық — дүниежүзілік проблема
    2013 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
  • Алалаушылық болмайтын заман келе ме?
    2013 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
  • Ехоба мен Исаның бірлікте екеніндей, барлығымыз да бірлікте болайық
    Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (зерттеуге арналған). 2018
Көбірек мәлімет
Ояныңдар! 2020
g20 № 3 4—5 бет.
Екі ер кісі әйел кісіні көлік зауытына жұмысқа қабылдау үшін сөйлесіп отыр. Әйел кісі қобалжып отыр.

Ақ-қарасын айыра біліңіз

Шындық

Көп жағдайда адамдар бір-бірін жалған ақпараттың кесірінен алалап жатады. Бұған мына мысалдар дәлел:

  • Кей жұмыс берушілер әйелдерді ғылым мен техникаға ебі жоқ деп жаңсақ ойлайды.

  • Орта ғасырда Еуропада еврейлерге құдықтардағы суды улайды, ауру таратады деген жалған айып таққан. Нацистік режим кезінде де еврейлерге қайтадан күйе жағылды. Оларға Германия солардың кесірінен экономикалық дағдарысқа ұшырады деген айып тағылды. Еврей халқы екі жағдайда да нәсілдік алалауға аяусыз ұшырады. Сол кешегінің жұрнағы әлі де бар.

  • Көбісі кемістігі бар адамдарды өмірден түңілген не ашынған деп жаңылысады.

Осындайға сенетіндер басқаларды да сендіру үшін мысалдар не оқиғалар келтіріп жатады. Ал олармен келіспейтіндерді надан деп санайды.

Киелі кітап қағидасы

“Білімнің жоқтығы жақсы емес” (НАҚЫЛ СӨЗДЕР 19:2).

Қағиданың мәні. Істің ақ-қарасын айырмай жатып, тек естіп-білгенімізге ғана сүйенсек, қате тұжырымға келеміз. Біреулер жайлы дәлелді мағлұматтарға емес, қауесет сөздерге сену жақсылыққа апармайды. Соның кесірінен жазықсыз адамдарды тектен-тек жазғырып жіберуіміз әбден мүмкін.

Құдай сөзі не дейді?

Кейбіреулер Киелі кітап алалаушылыққа үндейді деп жатады. Сол рас па? Киелі кітаптың өзінде не жазылған?

  • Бәріміз бір атадан тарадық. Киелі кітапта Жаратушы “бір адамнан күллі халықтарды шығарды” деген сөз бар (Елшілердің істері 17:26).

  • Құдай бәрін тең көреді. Киелі кітапта: “Құдай ешкімді алаламайды. Ол өзінен қорқатын және әділ әрекет ететін әрбір адамды, қай ұлттан шықса да, қабыл алады”,— делінген (Елшілердің істері 10:34, 35).

  • Жаратқанға түр сұлулығы емес, жан сұлулығы қымбат. Киелі кітапта: “Пенде адамның сырт келбетіне қарайды, ал Ехоба жүрегіне қарайды”,— деп жазылған (Самуилдің 1-жазбасы 16:7)a.

a Ехоба деген — Құдайдың Киелі кітаптағы төл есімі.

Ақ-қарасын айырған ұтылмас

Басқалар туралы нақты мағлұматтарға қанық болсаңыз, олар жайында кең тараған қате пікірлерге ере қоймайсыз. Бұған бір көзіңіз жетіп алса, қоғамда біреулер жайында қалыптасқан басқа да пікірлерге сенер алдында жүз ойланасыз.

Өмірден: Йовица (Балқан)

Алдыңғы мақалада Йовица деген ер кісі жайлы сөз етілген еді. Оның елінде өмір сүрген бір ұлт туралы халық арасында, жаңалықтарда, телебағдарламаларда жағымсыз пікірлер айтылатын. Йовица былай дейді: “Сол халық мен үшін тым сүйкімсіз еді, оларды тіпті жек көріп кеттім. Бұным дұрыс емес-ау деген ой мені еш мазалаған да жоқ.

Әскерде жүргенде, амал жоқ, сол халықтың жігіттерімен бірге тұрып, бірге жүруге тура келді. Араласа келе оларды жақсы біле бастадым. Тіпті тілдерін үйреніп алдым, олардың халық әндерін тыңдайтын болдым. Сол адамдарға бауыр басып, ойым өзгерді. Бірақ бұрынғы сезімім қайтып келе ме деп қорқамын. Бұл сезім жалғыз келмейді ғой, ол өзімен ызаны да, жек көруді де алып келеді. Сондықтан сол ұлтты жамандайтын жаңалықтарды мүлдем көрмеймін. Оларды сайқымазақ ететін киноларды да қарамаймын”.

Ойда болсын

  • Әр халық туралы қауесеттер бар, алайда бәріне бірдей топырақ шашуға болмайды;

  • Басқалар жайында білетінімізден білмейтініміз көп екенін есте ұстаңыз;

  • Ақ-қарасын айыра білу үшін сенімді ақпарат көздерін таңдаңыз.

Жек көруді жеңгендер

Коллаж: 1. Екі ер кісі сөйлесіп бара жатыр. 2. Солардың біреуі достарының арасында күлімсіреп тұр.

Араз болған араб пен еврей халқының екі азаматы алалауды қалай қойды?

Бұл видеоны көру үшін jw.org сайтына кіріп, “Айнымас сүйіспеншілік жеккөрушілікті қашан жеңеді?” деген тақырыпты теріңіз.

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу