Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • ijwyp 95-мақала
  • Қиындыққа мойымайтын адаммын ба?

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Қиындыққа мойымайтын адаммын ба?
  • Жастардың сауалдары
  • Тақырыпшалар
  • Ұқсас мәлімет
  • Мойымау деген не?
  • Неліктен мойымау маңызды?
  • Бұл қасиетті қалай дамытуға болады?
  • Қиындыққа мойымауды үйрету
    Ояныңдар! 2019
  • Мазмұны
    Ояныңдар! 2018
  • Өзгерістерге дайынсың ба?
    Ояныңдар! 2016
  • Балаңыз сәтсіздікке мойымасын десеңіз
    Отбасыңыз берекелі болсын
Көбірек мәлімет
Жастардың сауалдары
ijwyp 95-мақала
Еңсесі түскен жасөспірім баланың мойымаушылықтың арқасында еңсесі біртіндеп тіктелуде.

ЖАСТАРДЫҢ САУАЛДАРЫ

Қиындыққа мойымайтын адаммын ба?

Сен қиындыққа мойымайтын адамсың ба? Өміріңде мына жайттарға кезіктің бе?

  • жақын адамыңның өлімі

  • ұзаққа созылған ауру

  • табиғи апат

Зерттеушілердің айтуынша, мойымау қасиеті адамға тек үлкен қиыншылықтарға тап болғанда ғана емес, күнделікті кішігірім стресс кезінде де қажет. Өйткені мұндай стрестер де адамның денсаулығына әсер етпей қоймайды. Сондықтан қиындығың қаншалықты үлкен я кіші болмасын, оған мойымай, қайратты болуды үйренгенің маңызды.

  • Мойымау деген не?

  • Неліктен мойымау маңызды?

  • Бұл қасиетті қалай дамытуға болады?

  • Құрдастарыңның ой-пікірі

Мойымау деген не?

Мойымау — өмірдегі өзгерістер мен қиыншылықтарды сәттілікпен еңсере білу қабілеті. Мойымайтын адамдар да басқалар сияқты қиындықтарға кезігіп жатады. Алайда олар сол қиындықтардан кішкене қайысса да, қатайып шығады.

Пальма ағашының екі түрлі суреті: 1. Дауыл кезінде иіліп тұр. 2. Дауылдан соң тіктеліп қалпына келді.

Қатты дауылдан иілген кей ағаштар қалпына келіп тіктелетіні сияқты, сен де қиындықтан бас көтере аласың

Неліктен мойымау маңызды?

  • Қиыншылықтар ешкімді айналып өтпейді. Құдай Сөзінде: “Жарыста жүйрік, шайқаста күшті әрдайым жеңе бермейді екен... Білімдіде — табыс әрдайым бола бермейді екен. Себебі барлығы да қолайсыз уақыт пен кездейсоқ жағдайларға тап болып жатады”,— делінген (Уағыздаушы 9:11). Бұдан түйеріміз — тіпті жақсы адамдар да жазықсыз жапа шегіп жатады.

  • Мойымаушылық сені қорғайды. Бір мектеп психологы: “Емтиханнан төмен баға алып қалғанына яки әлеуметтік желіде жағымсыз сөз естігеніне бұлқан-талқан боп ашуланып, менің алдыма келетін оқушылар көбейіп кетті”,— дейді. Оның айтуына қарағанда, егер оқушы осындай кішігірім қиындықтарды қалай жеңуді білмесе, мұның арты “психикалық және эмоциялық бұзылыстарға” әкеп соғуы мүмкінa.

  • Мойымаушылық саған қазір де, есейгенде де пайдасын тигізеді. Өмір болған соң, адамды түңілдіретін жайттар болмай тұрмайды. Бұған қатысты психолог Ричард Лернер былай деп жазды: “Есейгенде табысты да жемісті болу үшін адам түңілдіретін жайттардан тез ес жия білуі, алдына жаңа мақсаттар қойып, діттегеніне жетудің басқа да жолдарын таба білуі керек”b.

Бұл қасиетті қалай дамытуға болады?

  • Қиыншылыққа тура баға бер. Үлкен қиыншылық пен кішігірім қиыншылықтың аражігін ажырата біл. Киелі кітапта: “Ақымақ ашуын сол заматта көрсетеді, Ал парасатты адам қорлыққа мән бермейді”,— деп жазылған (Нақыл сөздер 12:16). Қиындықтардың бәріне бірдей жүрегіңді ауырта берме.

    “Мектепте сыныптастарым түймедейді түйедей етіп көреді. Сосын әлеуметтік желідегі достарынан қолдау іздейді. Ал олар болса жағдайды одан сайын ушықтырып, отқа май құяды. Осыдан сыныптастарым қиындықтарына тура баға бере алмай қалады” (Джоан).

  • Өзгелерден үйрен. Киелі жазбаларда: “Темір темірді қайрайды, Адам адамды қайрайды”,— деген нақыл бар (Нақыл сөздер 27:17). Қиындықтың небір дауылына төтеп берген адамдардан құнды үлгі-өнеге алуға болады.

    “Басқалармен сөйлескенде, талай тауқыметті бастан өткергендерін естисің, бірақ қазір жағдайлары жап-жақсы. Олармен әңгімелесіп, қиындықпен күресу үшін не істегендерін және нені істемегендерін біліп ал” (Джулия).

  • Шыдамды бол. Құдай Сөзінде: “Әділ жан жеті рет құласа да, қайтып тұрар”,— деп жазылған (Нақыл сөздер 24:16). Басқа түскен қиындыққа көндігу үшін уақыт қажет, сондықтан кей күндері көңілің түсуі әбден мүмкін. Алайда ең маңыздысы — “қайта тұрғаның”.

    “Қандай да бір қиындықтан соң ес жиып жатқанда, жан жараң жазылу керек. Бұл бірден болмайды, уақыт қажет. Менің бір байқағаным, уақыт өткен сайын өз-өзіңе келу де жеңіл болады екен” (Андреа).

  • Ризашыл бол. Киелі кітапта: “Әрдайым алғыс білдіріңдер”,— деген сөз бар (Қолостықтарға 3:15). Басыңа қандай ауыр қиындық түспесін, алғыс білдіретін нәрселер қашанда болады. Өмір сүруге тұратынын көрсететін үш нәрсені ойлап көр.

    “Қиындыққа кезіккенде, “бұл неге менің басыма түсті?” деген ой болмай қоймайды. Қиындықтарға мойымаудың бір сыры — оларға қадалып қалмай, оң көзқарас танытып, бар нәрсеңе, қолыңнан келетін нәрсеге шүкіршілік ету” (Саманта).

  • Қанағат ет. Елші Пауыл: “Мен қандай жағдайда болмайын қолда барға қанағат етуді үйрендім”,— деген (Філіпіліктерге 4:11). Ол басына қандай қиындықтар түсетінін қадағалай алмаған. Бірақ оларға қалай қарау керектігін қадағалай алған. Ол қолда барға қанағат етуді шешті.

    “Мен өзімнен бір нәрсені аңғардым: қиындық туғанда, алғашында онша жақсы көзқарас танытпайды екенмін. Сондықтан кез келген жағдайға оң көзбен қарауды үйренуді мақсат еттім. Бұның маған ғана емес, айналамдағыларға да пайдасы тиері анық” (Мэтью).

  • Дұға ет. Құдай Сөзі былай деп шақырады: “Бар ауыртпалығыңды Ехобаға арт, Ол сені демейді. Әділ жанның құлауына ол ешқашан жол бермейді” (Зәбүр 55:22). Дұға — жанды жайландырудың тәсілі емес. Бұл — сенің “қамыңды ойлайтын” Жаратушымен сөйлесу (Петірдің 1-хаты 5:7).

    “Маған қиындықпен жалғыз күресудің қажеті жоқ. Туындаған мәселе жайлы Құдайға бәрін ашық айтамын, сосын оған беріп жатқан баталары үшін алғыс білдіремін. Осылай Ехобаның баталарына назар тіккенімде, жағымсыз ойлардан арыламын. Иә, дұға ету өте-мөте маңызды!” (Карлос).

Құрдастарыңның ой-пікірі

Сарахи.

“Күнәкар пенде болғандықтан, бәріміз де қателесеміз. Біз ара-тұра емес, күнде қателік жасаймыз. Бұны өзгерте алмаймыз, сондықтан қиындыққа мойымауды үйренудің ең жақсы жолы — қателіктерімізден сабақ алу. Кейінірек тағы сондай жағдайға кезігіп жатсақ, “Бұл жолы нені басқаша істегенім дұрыс”,— деп ойланып көрсек болады” (Сарахи).

Изабелла.

“Менің сүйікті тармақтарымның бірі — Матай 6:27. Онда Иса: “Уайымдаумен қайсысың өміріңді бір сәтке болсын ұзарта аласың?”— деген. Кейде қара аспанды төндіріп, болмағанды болдырып, өз-өзіме қажетсіз уайым қосып алатыным бар. Сондықтан болатын емес, болып жатқан жағдайға көңіл бұруға тырысам. Құзырымда емес нәрсені уайымдағаннан маған келер пайда жоқ” (Изабелла).

Қорытынды. Мойымаушылықты қалай дамытуға болады?

  1. 1. Қиыншылыққа тура баға бер. Үлкен қиыншылық пен кішігірім қиыншылықтың аражігін ажырата біл.

  2. 2. Өзгелерден үйрен. Қиындықты еңсерген ата-анаңмен немесе басқа бір сенімді ересек адаммен сөйлес.

  3. 3. Шыдамды бол. Басқа түскен қиындыққа көндігу үшін уақыт қажет, сондықтан сен ойлағандай тез арада өз-өзіңе келе алмай жатсаң, еңсең түспесін.

  4. 4. Ризашыл бол. Ауыр қиындыққа кезігіп жатсаң да, алғыс білдіретін нәрселер қашанда болады.

  5. 5. Қанағат ет. Басымызға қандай жағдай түсетінін әрдайым қадағалай алмаймыз, бірақ оларға қалай қарайтынымыз өз қолымызда.

  6. 6. Дұға ет. Дұға — сенің “қамыңды ойлайтын” Жаратушымен сөйлесу (Петірдің 1-хаты 5:7).

a Томас Керстингтің “Disconnected” деген кітабынан алынған.

b “The Good Teen—Rescuing Adolescence From the Myths of the Storm and Stress Years” атты кітаптан.

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу