Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • ijwyp 100-мақала
  • Үйдегі ережені бұзып қойдым. Енді қайтем?

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Үйдегі ережені бұзып қойдым. Енді қайтем?
  • Жастардың сауалдары
  • Тақырыпшалар
  • Ұқсас мәлімет
  • Былай істемегенің дұрыс
  • Одан да былай істе
  • Ата-анамның сеніміне ие болу үшін не істесем болады?
    Жастардың сауалдары
  • Неге ата-анам маған ештеңеге рұқсат бермейді?
    Жастардың сауалдары
  • Неге кешірім сұраған дұрыс?
    Жастардың сауалдары
  • Ата-аналар, балаларыңды сүйіспеншілікпен тәрбиелеңдер
    2007 жылғы Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды
Жастардың сауалдары
ijwyp 100-мақала
Белгіленген уақыттан кеш келген қызына ескерту айтып тұрған ата-ана.

ЖАСТАРДЫҢ САУАЛДАРЫ

Үйдегі ережені бұзып қойдым. Енді қайтем?

Әр отбасының өз ережесі болады. Мысалы, балалары қай уақытта үйде болу керек, электронды құрылғыларды қалай қолдану керек және өздерін қалай ұстау керек дегендей.

Сол ережелердің бірін бұзып қойсаң, не болмақ? Енді өткенді өзгерте алмайсың. Жағдай ары қарай ушығып кетпеу үшін не істей алам дейсің бе? Кел, көрейік.

  • Былай істемегенің дұрыс

  • Одан да былай істе

  • Құрдастарың не дейді?

Былай істемегенің дұрыс

  • Ата-анаң ережені бұзғаныңды әлі білмеген болса, артыңды жабуға барынша тырысатын шығарсың.

  • Ал егер біліп қойса, ақталып не кінәні басқа біреуге жаба салғың келетін шығар.

Бұндай айла-амал ешқандай жақсылыққа алып келмес. Неге дейсің ғой? Өйткені болған жайтты жасыру не сылтау іздеу — нағыз балалық. Бұл әрекетіңмен ата-анаңа әлі өз ісіңе жауап бере алмайтыныңды көрсетесің.

“Өтірік айтып ұзаққа бара алмайсың. Түбінде шындық бәрібір ашылады. Сол кезде “Әттең, басында айтқанымда ғой, ата-анам мені осылай қатты жазаламас еді” деп өкінуің мүмкін” (Диана).

Одан да былай істе

  • Қатеңді мойында. “Күнәларын жасырған өркендемес” (Нақыл сөздер 28:13). Ата-анаң сенен ережелердің бәрін бұлжытпай орындайды деп күтпейді. Бірақ сенен шыншыл болады деп күтеді.

    “Шындықты ашып айтатын болсаң, ата-анаң саған анағұрлым кешіріммен қарайды. Істеген ісіңді жасырмайтын болсаң, сенің шыншыл екеніңе ата-анаңның көзі жете түседі” (Оливия).

  • Кешірім сұра. “Кішіпейіл болыңдар” (Петірдің 1-хаты 5:5). Кішіпейіл болсаң, әр нәрсені айтып ақталмай, кешірім сұрау жеңіл болады.

    “Істегенін мойындамай, жалтара беретін адам бірте-бірте өзін кінәлі сезінуден қалады. Түбінде ол бұрыс нәрселерді істеуден еш ұялмайтын болады” (Хезер).

  • Ісіңе жауап бер. Киелі кітапта: “Тәлім-тәрбие ал”,— делінген (Нақыл сөздер 8:33). Бұлқан-талқан болмай, ата-анаң қандай жаза қолданса да, оны қабылдай біл.

    “Ата-анаңның жазасына қарсы шыға беретін болсаң, жағдайың нашарлай түседі. Сондықтан өзіңе қойылған шектеулер жайлы тым көп ойлай бермей, түзетуді қабылда” (Джейсон).

  • Қайтадан сенімге кіруге тырыс. Киелі кітапта: “Бұрынғы өмір салттарыңа тән... ескі болмыстарыңнан арылыңдар”,— делінген (Ефестіктерге 4:22). Енді дұрыс жүріп-тұруға қатысты жаңа әдет қалыптастыр.

    “Әрдайым дұрыс шешім қабылдау арқылы ата-анаңа бір жасаған қателігіңді қайталағың келмейтінін дәлелдесең, түбінде олардың сеніміне қайтадан ие боласың” (Карен).

КЕҢЕС: Өзіңнен талап етілген нәрселерден де артық істесең, саған сенім артуға болатынын көрсетесің. Мысалы, келесі жолы үйіңе қайтып бара жатқанда кешікпесең де, ата-анаңа келе жатқаныңды айтып қойсаң болады. Осылайша қайтадан олардың сеніміне ие болғың келетінін көрсетесің.

Құрдастарың не дейді?

Дариус.

“Ата-анаңнан қателігіңді жасыратын болсаң, бұл өтірік айтқанмен пара-пар. Түбінде өтірігің бәрібір ашылады. Сол кезде алған жазаңның қатты болғаны соншалық — басында-ақ шындықты айтуым керек еді деп өкінуің мүмкін” (Дариус).

Серра.

“Істеген ісің үшін басқа біреуді кінәласаң, өз қателігін мойындай алмайтын кішкентай бала сияқты боласың. Істеген ісімізді мойнымызбен көтере алмасақ, ата-анамыз бұдан былай бізге сенім артпайтын болады” (Серра).

Қайталау: Үйдегі ережені бұзып қойдым. Енді қайтем?

  • Қатеңді мойында. Ата-анаң сенен ережелердің бәрін бұлжытпай орындайды деп күтпейді, бірақ сенен шыншыл болады деп күтеді.

  • Кешірім сұра. Әр нәрсені айтып ақталмай, шын жүректен кешірім сұра.

  • Ісіңе жауап бер. Ата-анаң қандай жаза қолданса да, оны қабылдай біл.

  • Қайтадан сенімге кіруге тырыс. Дұрыс жүріп-тұруды әдетке айналдыр.

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу