Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • ijwyp 102-мақала
  • Мектепті тастайын ба?

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Мектепті тастайын ба?
  • Жастардың сауалдары
  • Тақырыпшалар
  • Ұқсас мәлімет
  • Кейбіреулер неге мектепті тастайды?
  • Артын ойла
  • Не істеуге болады?
  • Сабақ үлгерімім нашар болса, не істеймін?
    Жастардың сауалдары
Жастардың сауалдары
ijwyp 102-мақала
Жасөспірім бала мектепке және бір топ оқушыларға қол сілтеп кетіп бара жатыр.

ЖАСТАРДЫҢ САУАЛДАРЫ

Мектепті тастайын ба?

“Мектепті жек көремін!” Бәлкім, саған осындай сезім таныс шығар. Бірақ мектепті тастау ақылды шешім бе?

  • Кейбіреулер неге мектепті тастайды?

  • Артын ойла

  • Не істеуге болады?

  • Құрдастарыңның ой-пікірі

Кейбіреулер неге мектепті тастайды?

Мамандардың айтуынша, бұған көбінесе келесідей жайттар себеп болады:

  • Сабақ қиын. “Үлгерімім нашарлап кетті. Маған тек төмен бағалар қояды”.

  • Селқостық. “Мектепте берілетін білімнің түк пайдасы жоқ”.

  • Қаражат мәселесі. “Ата-анама көмектесу үшін жұмыс істеуім керек”.

Артын ойла

Киелі жазбаларда: “Парасатты әр қадамын ойлап басады”,— делінген (Нақыл сөздер 14:15). Мектептен кетсең, мұның салдары қандай болатыны туралы жақсылап ойлан.

Мыналар жөнінде ойланып көрші:

  • “Мектепті тастасам, жақсы жұмыс таба аламын ба?”

    “Бір күні саған жұмыс тауып, бәлкім, отбасын асырау керек болатын шығар. Ал жұмыс берушілер кем дегенде орта білім жөніндегі аттестатты сұрайды. Сонда қайтесің?” (Джулия).

  • “Мектепті тастасам, болашақтағы қиындықтарға дайын боламын ба?”

    “Мектеп ересек өмірге дайындайды. Онда адамдармен қарым-қатынас жасауды, азғыруларға қарсы тұруды және жұмысыңа ұқыпты болуды үйренесің” (Дэниэл).

  • “Мектепті тастасам, ересек кезімде керек болатын қабілет-қасиеттерді дамыта аламын ба?”

    “Мектепте өтетін сабақтардың қазір пайдасы жоқ сияқты көрінер. Бірақ жасың 23-ке келіп, өз ақшаңды өзің қадағалауың керек болғанда, “математика сабағында ұйықтап отырмағаным қандай жақсы болды” деп ойлайсың” (Анна).

Не істеуге болады?

  • Көмек сұра. Киелі жазбаларда айтылғандай, кеңесшілер көп болса, адам жетістікке жетеді (Нақыл сөздер 11:14). Үлгерімің нашарлап кетсе, ата-анаңнан, мұғаліміңнен не сенім арта алатын басқа ересек адамнан көмек сұра.

    “Сабақ қиын болып жүрсе, мұғаліммен сөйлес. Бәлкім, проблема мұғалімде деп ойлайтын шығарсың, бірақ онымен сөйлессең, ол саған керісінше көмектесуі мүмкін” (Эдвард).

  • Болашақты ойла. Киелі кітапта: “Істің бастамасынан гөрі соңы артық”,— делінген (Уағыздаушы 7:8). Мектепті бітіргенде, сен одан тек білім емес, өмірде қажет болатын қасиеттер мен қабілеттерді де алып шығасың.

    “Ересек болғанда, эссе жазудың не емтиханға дайындалудың қажеті болмайды, бірақ мектепте жүргенде стресті жеңе білсең, болашақта кезігетін қиындықтарға да төтеп бере алатын боласың” (Вера).

    Жасөспірім бала жағаға жетпеген қайықтан секіріп бара жатыр. Сыныптастары мен мұғалімі оған қайықтан секірме деп жатыр.

    Мектепті тастау жағаға жетпей жатып, қайықтан секіріп кетумен бірдей. Кейін бұған қатты өкінуің мүмкін!

  • Басқа жолдарын қарастыр. Киелі кітапта: “Асығатын адам жоқшылыққа ұшырар”,— делінген (Нақыл сөздер 21:5). Мектепті тастаудан басқа амал жоқ деп ойлауға асықпа. Бәлкім, мектепті онлайн оқуға болатын шығар не кешкі мектепке бара аларсың.

    “Мектеп адамды еңбекке баулиды, қиындықтарды шешуді және өзгелермен тіл табысуды үйретеді. Сен өмір бойы мұның пайдасын көресің. Мектепті бітіргеніңе еш өкінбейсің” (Бенджамин).

Ойтүйін: Мектепті бітіріп шықсаң, ересек өмірге әлдеқайда дайын боласың.

Құрдастарыңның ой-пікірі

Анабель.

“Мектепті бітірсең, жұмысқа орналасу оңайырақ болады. Өйткені жұмыс беруші бастаған ісіңді соңына дейін жеткізетін адам екеніңді көретін болады. Мектепті тастау дана шешім емес” (Анабель).

Коул.

“Мектепті тастасаң, өмірің жеңілдей түседі деп ойлайтын шығарсың. Бірақ өмірде стрестен бәрібір қашып құтыла алмайсың. Сондықтан онымен күресуді үйренуің керек. Ал бұған мектеп көмектеседі” (Коул).

Брин.

“Ересек болғанда саған күрделі математикалық есептерді шығару керек болмайтын шығар. Бірақ саған уақытыңды жоспарлау, жұмысты уақытылы аяқтау не жай ғана ерте тұру керек болады. Мектепте оқығанда осы нәрселерді үйренесің” (Брин).

Мектепті тастайын ба?

  • Артын ойла. Мектепті тастасаң, жақсы жұмыс таба аласың ба? Қажетті қабілеттерді дамыта аласың ба? Қиындықтарды жеңуді үйрене аласың ба?

  • Көмек сұра. Үлгерімің төмендеп бара жатса, ата-анаңнан, мұғалімнен не сенім артуға болатын басқа ересектен көмек сұра.

  • Болашақты ойла. Мектептен тек білім алмайсың. Сонымен қатар оқып-ізденуді, жұмысты уақытылы бітіруді және жауапкершілік алуды үйренесің.

  • Басқа жолдарын қарастыр. Егер басқа амалың болмаса, онлайн оқу не кешкі мектепке бару туралы ойланып көр.

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу