Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • ijwyp 99-мақала
  • Ар-ұжданымды қалай тәрбиелесем болады?

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Ар-ұжданымды қалай тәрбиелесем болады?
  • Жастардың сауалдары
  • Тақырыпшалар
  • Ұқсас мәлімет
  • Ар-ұждан деген не?
  • Ар-ұжданды не үшін тәрбиелеу керек?
  • Ар-ұжданды қалай тәрбиелеуге болады?
  • Ар-ұжданыңды қалай таза сақтай аласың?
    Құдайдың сүйіспеншілігінен айырылмаңдар
  • Ар тазалығы Құдай алдында бағалы
    Құдай сүйіспеншілігіне бөлене беріңіз
  • Ар-ұжданың сенімді бағыт-бағдар бере ме?
    2015 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
  • Ішкі дауысыңа құлақ ас
    2007 жылғы Күзет мұнарасы Ехобаның Патшалығын жариялайды
Көбірек мәлімет
Жастардың сауалдары
ijwyp 99-мақала
Жасөспірім бала ойланып тұр. Оның артында дұрыс пен бұрысқа бағыттайтын сызықтар салынған.

ЖАСТАРДЫҢ САУАЛДАРЫ

Ар-ұжданымды қалай тәрбиелесем болады?

Ар-ұжданды мыналардың қайсысына теңеуге болады?

  • компас

  • айна

  • дос

  • сот

Дұрыс жауабы төртеуі де. Осы мақалада бұның себебі түсіндіріледі.

  • Ар-ұждан деген не?

  • Ар-ұжданды не үшін тәрбиелеу керек?

  • Ар-ұжданды қалай тәрбиелеуге болады?

  • Құрдастарыңның ой пікірі

Ар-ұждан деген не?

Ар-ұждан дегеніміз — жақсы мен жаманды ажырататын ішкі сезім. Киелі кітапта ар-ұжданның “жүрекке жазылған заң-талаптары” сияқты екені айтылған (Римдіктерге 2:15). Жақсы тәрбиеленген ар-ұждан істеген не істегелі жатқан әрекеттеріңе баға беруге көмектеседі.

  • Ар-ұждан компас сияқты. Ол саған дұрыс жолды көрсетеді. Соның арқасында қауіп-қатерді айналып өте аласың.

  • Ар-ұждан айна сияқты. Ол сенің моральдық күйіңді, шын мәнінде қандай адам екеніңді көрсетеді.

  • Ар-ұждан адал дос сияқты. Ол саған ақыл-кеңес береді. Егер оған құлақ ассаң, ісің оңға басады.

  • Ар-ұждан сот сияқты. Егер жаман нәрсе істесең, ол сені айыптайды.

Видео-ойындар сатылатын дүкенде жасөспірім бала қандай ойын ойнайтынын таңдап тұр.

Ар-ұжданың таза болса, дұрыс шешімдер қабылдайсың

Ойтүйін. Ар-ұждан бізге аса қажет. Ол саған 1) дұрыс шешімдер қабылдауға, 2) қателігіңді мойындап, орнын толтыруға көмектеседі.

Ар-ұжданды не үшін тәрбиелеу керек?

Киелі кітап “ар-ұжданды таза сақтауға” шақырады (Петірдің 1-хаты 3:16). Егер ар-ұждан тәрбиеленбесе, оны таза сақтау қиын.

“Қайда болғанымды, қайда бара жатқанымды жасырып, ата-анама өтірік айтатын едім. Басында ар-ұжданым мазалайтын. Бірақ уақыт өте өтірік айту кәдімгі нәрсеге айналып кетті” (Дженифер).

Ақыр соңында Дженифердің ар-ұжданы ата-анасын алдауды қойып, оларға шындықты айтуға талпындырды.

Ойланып көр. Дженифер қай кезде-ақ ар-ұжданына құлақ асса болар еді?

“Екіжүзді өмір сүру қиын әрі стреске түсіреді. Егер ар-ұжданың бір рет жаман шешім қабылдауға жол берсе, кейін де жаман шешім қабылдауға жол бере береді” (Мэтью).

Кейбір адамдар ар-ұждандарын мүлдем тыңдамайды. Киелі кітапта олар “ұяттан әбден безген адамдар” деп айтылады (Ефестіктерге 4:19).

Ойланып көр. Жасаған жаман әрекеттері үшін өзін кінәлі сезінбейтін адамдар шынымен бақытты ма? Олар қандай қиындықтарға тап болады?

Ойтүйін. Ар-ұжданды таза сақтау үшін, жаман мен жақсыны ажырататын түйсіну қабілетін жаттықтыру керек (Еврейлерге 5:14).

Ар-ұжданды қалай тәрбиелеуге болады?

Ар-ұжданыңды тәрбиелеу үшін іс әрекеттеріңе баға беретін принциптер керек. Кей адамдар:

  • отбасы мен мәдениетінің

  • құрбы-құрдастарының

  • танымал тұлғалардың принциптері бойынша өмір сүреді.

Алайда Киелі кітаптың принциптеріне жететін ешқандай принцип жоқ. Бұл солай болу керек те. Өйткені Киелі кітап Құдай рухының жетелеуімен жазылған. Ал Құдай бізді жаратты және біз үшін ненің жақсы екенін біледі (Тімөтеге 2-хат 3:16).

Бұған бірнеше мысал келтірейік.

ПРИНЦИП: “Барлық жағдайда адал жүріп-тұрғымыз келеді” (Еврейлерге 13:18).

  • Емтиханда көшіруге, ата-анаңды алдауға, ұрлауға азғырылғанда, осы принцип ар-ұжданыңа қалай әсер етеді?

  • Егер ар-ұжданың барлық жағдайда адал жүріп-тұруға талпындырса, бұл саған қазір және болашақта қандай пайдасын тигізеді?

ПРИНЦИП: “Азғындықтан аулақ болыңдар” (Қорынттықтарға 1-хат 6:18).

  • Порнография көруге немесе некеге дейінгі жыныстық қатынасқа түсуге азғырылғанда, бұл принцип сенің ар-ұжданыңа қалай әсер етеді?

  • Ар-ұждан азғындықтан аулақ болуға талпындырса, бұл саған қазір және болашақта қандай пайдасын тигізеді?

ПРИНЦИП: “Бір-біріңе мейірімді де барынша жанашыр болыңдар... кеңпейілмен кешіріңдер” (Ефестіктерге 4:32).

  • Бауырларыңмен не досыңмен келіспей қалғанда, осы принцип саған қалай әсер етеді?

  • Егер ар-ұжданың мейірімді де жанашыр болуға талпындырса, бұл саған қазір және болашақта қандай пайдасын тигізеді?

ПРИНЦИП: “Ехоба... жауыздықты сүйетіндерді жек көреді” (Зәбүр 11:5).

  • Бұл принцип қандай да бір фильмді, телебағдарламаны не видео-ойынды таңдағанда, саған қалай әсер етеді?

  • Егер ар-ұжданың қатыгез көңіл көтеру түрінен бас тартуға талпындырса, бұл саған қазір және болашақта қандай пайдасын тигізеді?

ӨМІРДЕ БОЛҒАН ОҚИҒА. “Менің достарым қатыгез видео-ойындар ойнайтын және ол ойындарды мен де ойнайтынмын. Кейін әкем маған ондай ойындарды мүлдем ойнамауым керектігін айтты. Бірақ мен оларды достарымның үйіне барғанда ойнап, ал үйге келгенде бұл туралы тіс жармай, жасырып қалатынмын. Әкем бірдеңе боп қалды ма деп сұраса, бәрі жақсы деп жүре беретінмін. Бір күні Зәбүр 11:5-ті оқыдым. Сонда, істеп жүрген қылығым үшін көңілім қатты түсті. Содан бұл ойындарды ойнауды доғаруым керектігін түсіндім. Осы жолы мен өзімді тоқтаттым. Мұны көрген бір досым да қатыгез ойындарды ойнауды тоқтатты” (Джереми).

Ойланып көр. Джеремидің ар-ұжданы қай кезде жұмыс істей бастады, ал ол қай кезде оған құлақ асты? Джеремидің оқиғасынан не үйрендің?

Ойтүйін. Ар-ұжданың сенің қандай адам екеніңді және сен үшін не маңызды екенін көрсетеді. Сенің ар-ұжданыңнан сен туралы не білуге болады?

Құрдастарыңның ой-пікірі

Алексис.

“Ар-ұжданымыз дұрыс пен бұрысты ажырата алса да, бұл дұрыс нәрсені істейміз дегенді білдірмейді. Мысалы, компас дұрыс жұмыс істеп, дұрыс жолды көрсетсе де, сол бойынша жүреміз бе, жүрмейміз бе — өзіміз таңдауымыз керек” (Алексис).

Лионель.

“Ар-ұждан еркіндігіңді шектейтін қоршау емес. Керісінше, ол дұрыс бағыт беретін жол сияқты. Бұл жолда жол белгілері сияқты моральдық принциптер бар. Олар сені алдағы қауіп-қатерден қорғайды” (Лионель).

Изабелла.

“Мен біреудің емес, өзімнің ар-ұжданыма сүйеніп шешім қабылдауды үйрендім. Мен күш салып, ар-ұжданымды тәрбиеледім. Сондықтан қандай да бір нәрсеге қатысты ол мазаласа, оған құлақ асуым керек. Жай ғана біреудің көңілінен шығу үшін өз принциптерімнен аттап өтпеуім керек” (Изабелла).

Қайталау. Ар-ұжданымды қалай тәрбиелесем болады?

  • Ешқандай да принцип Киелі кітап принциптеріне жетпейтіні туралы ойлан. Киелі кітап Құдай рухының жетелеуімен жазылған. Ал Құдай бізді жаратты, әрі біз үшін ненің жақсы екенін біледі.

  • Ар-ұжданыңды Киелі кітап принциптерімен салыстырып көр. Сенің көзқарасың Құдайдың көзқарасымен бірдей болу үшін қай жағынан жақсара аласың?

  • Киелі кітап принциптерімен өмір сүр. Күнделікті қабылдайтын шешімдеріңді Киелі кітап принциптеріне негіздеп қабылда.

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу