Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • yb17 66—75 бет.
  • Еуропа

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Еуропа
  • 2017 жылғы Ехоба куәгерлерінің жылнамасы
  • Тақырыпшалар
  • Биязы жауап
  • Кикілжіңді шешудің жақсы жолы
  • Қауымға келмей кеткен бауырластың көзіне түскен арба
  • Автобуста сыныптастарына уағыздаған қыз
  • Сауатсыз кісі кітап тауып алды
  • Оның үмітсіз жүрегі қуанышқа бөленді
  • Жазбахаттар оның қызығушылығын оятты
  • Оның сенімі медбикеге қатты әсер етті
  • Көліктен көлікке жүріп уағыздау
2017 жылғы Ехоба куәгерлерінің жылнамасы
yb17 66—75 бет.
Әзірбайжанда екі қыз бауырлас ерлі-зайыптыға уағыздап жатыр

Әзірбайжан

ДҮНИЕЖҮЗІ БОЙЫНША УАҒЫЗДАУ МЕН ТӘЛІМ БЕРУ ІСІ

Еуропа

  • ЕЛДЕР 47

  • ХАЛҚЫ 744 482 011

  • ЖАРИЯЛАУШЫЛАР 1 611 290

  • ЗЕРТТЕУ САБАҚТАРЫ 834 121

Биязы жауап

Грузияда бір ер кісі әдебиеттер арбасына келіп: “Бұл жерде уағыздаушы болмаңдар! Грузия — православ елі!”— деп айғайлай бастады. Арбаның қасында тұрған ер бауырлас жұмсақ дауыспен: “Әдебиеттерімізді оқып көргенсіз бе?”— деп сұрайды. Сонда әлгі кісі: “Жоқ, оқып көрмегенмін”,— дейді. Бауырлас оған бір басылымды оқып көруді ілтипатпен ұсынады. Оның осылай ақылға шақыруымен бұл кісі сабырға келіп, бірнеше әдебиет алады. Біраз күннен соң ол қайтып келіп, өткендегі қылығы үшін кешірім сұрайды. Ол біздің журналды үйіндегі зағип анасына оқып бергенін айтады. Журнал оларға қатты ұнап, басқа да әдебиеттерді оқығылары келген екен. Енді ол жаңа журнал алу үшін әдебиеттер тұратын арбамызға үнемі келіп тұрады.

Кикілжіңді шешудің жақсы жолы

Әзірбайжан елінде екі бауырлас бір жігітке уағыздай бастайды. Сонда ол: “Бұны тыңдауға болмайды, күнә болады”,— дейді. Сосын артқы қалтасынан пышақ шығарып: “Мына пышақпен әділдік орнатпақшымын. Қазір маған әділетсіздік жасаған адамға барамын”,— дейді. Алғашында төбелерінен жай түскендей болған бауырластар: “Адам өлтіру деген күнә ғой”,— дейді. Әлгі жігіт: “Сонда не істеуім керек?”— деп сұрағанда, бауырластар Римдіктерге 12:17—21 тармақтарды оқып береді. Сосын кек алу Құдайдың ісі екенін, ал біз “жамандықтан жеңілмей, оны әрдайым жақсылықпен жеңіп шығуымыз” керектігін түсіндіреді. Сабырмен сөйлеудің пайдасын айтқан соң, олар оған біреуді жарақаттап не өлтіріп қойса, ар-ұжданының азабына түсетінін ескертеді. Бұл сөздерден қатты ойға батқан жігіт кетіп қалады.

Бір сағаттай уақыт өткен соң, ол бауырластарды тауып алып, былай дейді: “Мен өлтірем деп ойлаған әлгі адамға жолықтым. Бірақ оған еш зақым келтірмей-ақ, мәселені шештім. Сендер болмағанда, бір нәрсені бүлдірер едім”. Сонда бауырластар бұның бәрі Ехоба Құдайдың арқасында болғанын айтады.

Қауымға келмей кеткен бауырластың көзіне түскен арба

Бірнеше жыл бұрын, Норвегияда тұратын бір әйел бауырлас шындықтан алыстап кеткен екен. Көпшілік орындарында әдебиет арбасымен уағыздау белең ала бастағанда, ол дүкенге барар жолда сондай арбаның жанынан жиі өтеді екен.

Бауырластардың қасына бармаса да, ол түрлі-түсті плакаттар мен әдебиеттерді байқап жүреді. Куәгерлердің қарапайым көрінісі мен достық пейілі де оны Ехобаға оралып, оның халқымен қайта қауышуға талпындырады.

Сайтымыздың логотипіне де көзі түсіп, jw.org сайтына кіреді. Сол жерден жақын маңдағы Патшалық сарайы мен жиналыс өтетін уақытты оп-оңай білуге болатынына таңғалады. Ол кей басылымдарды жүктеп алады, сосын біраз күпті көңілмен қауымға барады. Бірақ бауырластар оны жақсы қарсы алады, ал ақсақалдар онымен бір әйел бауырластың зерттеу сабағын өтуіне қам жасайды. Ол аз уақыт ішінде қауымдағы бірнеше бауырласпен достасып, қайтадан рухани істерге атсалыса бастайды. Бүгінде ол қауым кездесулерінде үнемі түсініктеме беріп, уағызға шығып жүр. Ехобамен қарым-қатынасын қалпына келтіргеніне ол өте қуанышты.

Автобуста сыныптастарына уағыздаған қыз

Норвегияда тұратын 15 жасар Ронджа мектеп автобусында үш сыныптасымен эволюция туралы сөйлеседі. Бірақ олар оның сеніміне ешқандай құрмет танытпайды, бұдан ол өзін ыңғайсыз сезініп қалады. Эволюция тақырыбында сөйлеспегеніне біраз болғандықтан Ронджа анасынан Жаратушының бар екеніне сенімді дәлелдер табуға көмектесуін сұрайды.

Норвегияда тұратын Ронджа сыныптастарына уағыздап тұр

Норвегия. Ронджа сенімін қорғап жатыр

Ертесіне автобуста келе жатып, Ронджа дайындап келген дәлелдерін қолданады. Бірақ әлгі балалар оның сенімін мазақ етеді. Тіпті біреуі: “Бұл автобуста Ехобаға ешкім сенбейді! Кәне, қолдарыңды көтеріңдерші: кім эволюцияға сенеді, кім Ехобаға сенеді?”— деп бүкіл автобусқа айғайлайды. Сол кезде жақын жерде отырған бір бала қолын көтеріп: “Мен Ехобаға сенемін!”— дегенде, Ронджа өз құлағына өзі сенбейді. “Мен де!”— деп, оған тағы екі оқушы қосылады. Ронджа мен сыныптастарының әңгімесін естіген кейбір оқушылар келтірілген дәлелдерге сеніпті!

Сауатсыз кісі кітап тауып алды

Бір күні таңертең арабша сөйлейтін сириялық екі кісі Даниядағы филиалға келеді. Олар қабылдау бөліміндегі бауырластарға Ехоба куәгерлерін іздеп жүргендерін айтады. Тура тауып келгендерін білгенде, екеуі қуанып кетеді. Олар филиалдың мекенжайын қайдан алды? Ол екеуі араб тіліндегі “Киелі кітап шын мәнінде неге үйретеді?” кітабының баспа бетін телефонға түсіріп алып, жергілікті кітапхананың жұмысшыларына көрсеткен екен. Олар болса филиалдың мекенжайын беріпті.

Екеуі де дат тілінде сөйлей алмағандықтан, қабылдау бөліміне арабша сөйлейтін бауырлас шақырылады. Сөйтсе, олардың бірі Киелі кітап жайлы қатты білгісі келеді екен. Ер бауырлас одан тұратын жерін сұрап алып, жақын арада арабша сөйлейтін тағы бір бауырласты ертіп келуге уәде береді.

Олар әлгі кісінің үйіне барғанда, оған ешқашан Ехоба куәгерлері келмегенін біледі. Ал араб тіліндегі кітапты біреу оның пошта жәшігіне салып кетіпті. Бір қызығы — оның араб тілінде сөйлейтінін жәшігінен анықтау мүмкін емес еді. Өзі сауатсыз болғандықтан ол досынан кітапты оқып беруін өтініпті. Сөйтіп, екеуі оны үш күнде оқып бітірген екен. Естігендері шындықты тапқанына көз жеткізуіне жеткілікті болыпты.

Отбасынан алыста босқын болып қиналып жүрген ол Киелі кітаптан жұбаныш тауыпты. Бауырластар алғаш келгенде, ол: “Неге маған бұрын келмедіңіздер? Мен шындыққа қатты зәру едім ғой”,— дейді. Ол бауырластармен әлі зерттеп жатыр, әрі алып жатқан біліміне дән риза.

Оның үмітсіз жүрегі қуанышқа бөленді

Дмитрий Украинадағы темекі шығаратын фирманың меңгерушісі болып жұмыс істеген. Бірақ темекінің адамға қаншалықты зиян екеніне әбден көзі жетіп, айлығы жақсы болса да, жұмысынан шығып кетеді. Осыдан кейін үш ай ішінде анасы мен қайын енесі қайтыс болады. Жақындарынан айырылып, қатты күйзелген ол шіркеуге барады. Бірақ ол жерден жұбаныш та, сұрақтарына жауап та таба алмайды. Сонда бір досы: “Православтардың кеуделерінде крест бар, ал жүректерінде түк жоқ”,— дейді. Дмитрий өзін тура солай сезінген еді. Ол Құдай туралы да, Киелі кітап туралы да түк білмейтінін түсінеді. Шарасыз күйге түскен ол Құдайға жалбарынады. Сонда Ехоба куәгерлері жайлы естігені есіне түседі. Ол ғаламтордан веб-сайтымызды тауып алады да, ондағы Киелі кітапқа негізделген жан-жақты мәліметті көріп таңғалады. Содан соң жақын маңдағы Патшалық сарайын іздеп барады. Көлік тұрағына келгенде, бір бауырлас қасына келіп, қандай көмек керектігін сұрайды. “Мен Киелі кітапты зерттегім келеді”,— дейді Дмитрий. Алты айдан бері ол Киелі кітапты зерттеп жатыр. Қауым кездесулеріне де үнемі келіп, түсініктеме беріп тұрады.

Жазбахаттар оның қызығушылығын оятты

Британияда тұратын Пол мен Фейс қызметте жүргенде, Сьюзен деген бір әйелмен жақсы әңгімелесіп, қайта келуге келіседі. Бірақ келесі жолы келгенде, ол әйел үйінде жоқ болып шығады. Сонда олар 2014 жылдың қараша айындағы “Біздің қасиетті қызметімізде” берілген кеңеске сай, бір жапырақ қағазға келесіде қашан келетіндерін жазып, есігіне қыстырып кетеді. Белгіленген күні қайтып келгенде, олар Сьюзеннің өздеріне жазбахат қалдырып кеткенін көріп таңғалады. Ол қызының үйлену тойына байланысты дүкен аралауға тура келгенін айтыпты. Пол мен Фейс оған келесі аптада тағы да келетіндерін жазып кетеді. Бұл жолы Сьюзен оларды күтіп отыр екен. Сөйтіп, ол “Киелі кітап үйретеді” кітабымен зерттеу бастайды.

Британиялық Пол мен Фейс жазбахат қалдырайын деп жатыр

Британия. Пол мен Фейс жазбахат жазып тұр

Қызы тұрмысқа шығайын деп жатқандықтан, Сьюзен келесі кездесуді сәл кейінге жылжытуды сұрайды. Пол мен Фейс белгіленген уақытта келгенде, есікті ешкім ашпайды. Сонда олар телефон нөмірлерімен қоса, тағы да жазбахат қалдырып кетеді. Кейінірек Сьюзеннен хабарлама алғанда, олар қатты қуанады. Ол кешірім сұрап, бақта көршісімен сөйлесіп тұрып, олардың келгенін байқамай қалғанын айтыпты. Содан бері Сьюзен Киелі кітапты үзбей зерттеп жатыр, жақында алғаш рет жиналысқа да барды.

Пол мен Фейске жазбахаттар арқылы байланысып тұру қатты ұнап, осы әдісті жалғастыра бермек. “Біз тағы бірнеше адаммен осылай байланысып тұрамыз. Бұл — керемет әдіс!”— дейді олар.

Оның сенімі медбикеге қатты әсер етті

Венгрияда өкпе ауруына шалдыққан бір ер бауырлас 2014 жылдың тамызында ауруханаға түседі. Өкінішке қарай, ол көп ұзамай көз жұмады. Оның әйелі ауруханада күйеуіне жақсы күтім жасаған Тиндэ есімді медбике жайлы былай деп жазды:

“2015 жылдың жазында ұлым екеуміз “Иса пайғамбарды үлгі тұтайық” деген аймақтық конгреске бардық. Үшінші күннің соңында үйге қайтпақ болып көлігіміз тұрған жерге қарай жүрдік. Кенет бір әйел алдымыздан шығып, сөмкелерін жерге қоя сала, мені құшақтап жылап жіберді. Сөйтсем, ол бір жылдай бұрын қарқынды терапия бөлімшесінде күйеуіме күтім жасаған медбике екен. Ол ауысым сайын әр науқасқа бір медбикеден қараушы етіп қойылатынын айтты. Ауысымға келгенде, ол менің күйеуіме қараушы болуды тілеп, дұға етіп жүріпті, әрі әрдайым тілегі орындалады екен!

Тиндэнің айтуынша, күйеуімнің сенімі ісінен көрініп тұратыны, үміті жайлы аузынан тастамай айтатыны оған Куәгерлермен Киелі кітапты тыңғылықты зерттеуге қозғау салыпты.

Қазір Тиндэ Киелі кітапты зерттеп жатыр. Ол болашақта күйеуімді қарсы алатын кезді асыға күтіп жүр. Өйткені Ехоба мен оның керемет уәделері жайлы білуге не талпындырғанын күйеуіме өзі айтып бергісі келеді екен”.

Көліктен көлікке жүріп уағыздау

Болгарияда бір ерлі-зайыпты жүк көлігінің жүргізушілеріне куәлік беруде

Болгария. Шегарадағы жүк көлігінің жүргізушілеріне куәлік беріліп жатыр

Көтерілістер болып, жол жабылғандықтан, Грекия мен Болгарияның арасындағы кейбір бақылау пунктері жабылып қалатын кездер болатын. Мұндайда тізілген көліктер легі бірталай шақырымға созылады. Болгариядағы жақын маңдағы бір қауым осы жағдайды пайдаланып, жүргізушілерге Киелі кітапқа негізделген әдебиеттер таратуды шешіпті. Бауырластар 12 тілде әдебиет алып, шегараға қарай беттейді. Жүк көліктерін жүргізетіндердің көбісі шаршап, ештеңені жақтырмай тұрса да, әңгімелесуге кетәрі емес еді. Бауырластар оларды жанашырлықпен тыңдап, үміт пен жігер берді. Жүргізушілердің бірі: “Сендер Ехоба куәгерлерісіңдер ме?”— деп сұрапты. Бауырластар “иә” деп жауап бергенде, ол: “Біліп едім, өйткені Ехоба куәгерлерінен басқа ешкім бұлай уағыздамайды”,— дейді. Австриядан келе жатқан жайдары бір жүргізуші болса: “Сендерден қашып құтылу мүмкін емес! Жарайсыңдар! Адамдарға үміт пен жігер сыйлап жүре беріңдер”,— деп қағытты. Тағы бір кісі: “Сендердің әдебиеттеріңді оқуға ешқашан зауқым соқпайтын. Ал қазір қуана-қуана оқыр едім”,— деді. Бауырластар тағы бір жүргізушіге уағыздағанда, оның көзінен жас ыршып кетті. Ол көп жыл бұрын өзінің қауымға барып жүргенін айтты. Бауырластар оны алған әдебиетін оқып қана қоймай, қауыммен байланысуға да талпындырды.

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу