Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • yb17 60—65 бет.
  • Азия мен Таяу Шығыс

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Азия мен Таяу Шығыс
  • 2017 жылғы Ехоба куәгерлерінің жылнамасы
  • Тақырыпшалар
  • Бір адамның арқасында көп адам шындыққа келді
  • Технологияның көмегімен құлағы естімейтіндерге уағыздау
  • Мемлекеттік қызметкердің ризашылық хаты
  • Ехоба оның дұғасын естіді
2017 жылғы Ехоба куәгерлерінің жылнамасы
yb17 60—65 бет.
Макаодағы Ехоба куәгерлері бір әйелге уағыздауда

Макао

ДҮНИЕЖҮЗІ БОЙЫНША УАҒЫЗДАУ МЕН ТӘЛІМ БЕРУ ІСІ

Азия мен Таяу Шығыс

  • ЕЛДЕР 49

  • ХАЛҚЫ 4 464 374 770

  • ЖАРИЯЛАУШЫЛАР 728 989

  • ЗЕРТТЕУ САБАҚТАРЫ 771 272

Бір адамның арқасында көп адам шындыққа келді

Филиппинде Джонатан деген Куәгер дәрігерге кірмек болып, күтіп отырады. Қабылдау бөлімінде отырған әйел оның ұқыпты киінгенін байқап: “Сіз сақтандыру агентісіз бе?”— деп сұрайды. Джонатан оған өзінің Ехоба куәгері екенін, ал мұнда емделуге келген Куәгерге қолғабыс етіп жүргенін айтады. Бұған таңғалған Лайла есімді әлгі әйел жақында қайтыс болған әкесінің “Күзет мұнарасын” үзбей оқып тұрғанын айтады. Сонда Джонатан оған Жохан 5:28, 29-ды оқып, кейін “Өлген сүйіктілер үшін қандай үміт бар?” деген буклетті береді.

Джонатан Филиппиндегі аурухананың қабылдау бөлімінде отырған әйелге буклет беріп жатыр

Филиппин. Джонатан қабылдау бөліміндегі кісіге уағыздады

Келесі жолы ауруханаға келгенде, Джонатан оған тағы әдебиеттер әкеліп береді. Кейін оны бір әйел бауырласқа табыстап, Лайла Киелі кітапты зерттеуге келіседі. Көп ұзамай оның үй ішінің бәрі — күйеуі, сіңлісі, анасы, зерттей бастайды.

Бірде көршісі Роуз Лайладан неге үйіне көп адам келіп жүргенін сұрайды. Лайла оған Ехоба куәгерлерімен Киелі кітапты зерттеп жүргенін айтады. Сөйтіп, Роуз да зерттей бастайды. Кейінірек ол ауылда тұратын сіңлісі Абигейлге барғанда, аузының суы құрып Киелі кітаптан біліп жатқандары жайлы айтып береді. Сонда ол да қызығып кетіп, зерттегісі келетінін айтады. Роуздың анасы да Киелі кітапты зерттеуге келіседі.

Лайла жақында өткен аймақтық конгресте шомылдыру рәсімінен өтті. Оның анасы да қазір шомылдыру рәсімінен өткен. Көршісі Роуз болса, сіңлісімен бірге былтыр өтті. Ал анасы қазір қауым кездесулеріне жүйелі түрде келіп тұрады. Лайланың үй ішінің кейбірі зерттеуді жалғастырып жатыр. Осылайша, бір адамның арқасында көп адам шындыққа келді!

Технологияның көмегімен құлағы естімейтіндерге уағыздау

Шри-Ланкадағы ым тілі танабында қазір зор өсім болып жатыр. 2015 жылы бауырластардың қолында бірнеше тілім қағазға жазылған 80-ге жуық саңырау адамның ғана мекенжайы болатын. Содан бері Шри-Ланкада ым тілінде алғашқы қауым құрылды. Сондай-ақ 420-ға жуық адамның есімдері мен мекенжайларының GPS координаты компьютерлік дерекқорға енгізілді. Бауырластар сол адамдардың 80 пайызымен байланысты. Олардың кейбірімен бетпе-бет көріссе, кейбірімен бейнебайланыс не хабарлама арқылы әңгімелесті. Бір миссионер ерлі-зайыпты былай деп жазды: “Қазір бізде саңырау жариялаушыларға беретін учаске бар. Бұрын олар өздері танитын адамдарға ғана уағыздайтын”.

Мемлекеттік қызметкердің ризашылық хаты

Моңғолиядағы бауырластар -30°C суыққа қарамай, ірі қалалардағы көпшілік орындарында белсене уағыздайды. Бірде бір шенеунік әдебиет арбасынан бірнеше басылым алып, кейінірек ризашылық хатын жазып жіберді. Ол былай деп жазды: “Мен буддиспін. Бірақ жан-жақты білім алуға тырысамын, өйткені өмірде адам бір ғана жолмен жүрмей, басқаларын да танып-білу керек деген қағиданы ұстанамын. Жұртшылыққа арналған бірнеше әдебиеттеріңізді оқыған соң, ризашылығымды білдіруді ұйғардым. Осындай пайдалы ақпаратты жеткізу үшін қанша уақыт пен күш жұмсағандарыңыз көрініп-ақ тұр. Әдебиеттеріңізден бір түсінгенім — Киелі кітапты әрбір адам оқып шығу керек екен. Онда ақиқат жазылған, өмірде шынымен пайдасын тигізетін ақыл-кеңес бар. Әдебиеттеріңізді моңғол тіліне аударып тер төккендердің барлығына рақметімді айтқым келеді. Бұған қоса, аптап ыстыққа не қақаған суыққа қарамай, оларды адамдарға үлестіріп жүргендердің барлығына да алғысым зор”.

Моңғолиядағы Ехоба куәгерлері суық ауа райына қарамастан көпшілік орында уағыздап жүр

Моңғолия. Бауырластар суық ауа райында көпшілік орында уағыздап тұр

Ехоба оның дұғасын естіді

Гонконгта Брет есімді ізашар бір жас жігітпен әңгіме бастап, “Отбасы бақытты болу үшін не қажет?” деген буклетті береді. Буклетті көргенде, жігіт көңілі босап, көзіне жас алады. Ол Куәгерлер отбасында өскенін, бірақ 16 жасында үйінен қашып кеткенін айтады. Бес жыл бойы үй-күйсіз көше қаңғып жүріп, ол нашақор болып кеткенін де жасырмайды. Оны бір қайырымдылық ұйымы тауып алып, қол ұшын берген екен.

Ол сол күні таңертең Құдайға: “Егер жас кезімдегі дінім тура болса, бүгін маған бір белгі көрсетші”,— деп дұға еткенін айтты. Осы жағдайды ол дұғасына жауап деп есептеді. Бауырлас екеуі сол маңайдағы кофеханаға барып, “Ехобаға қайта орал” деген кітапшаны қарастырады. Сол күні кешке бұл жігіт Францияға қайтпақ болғандықтан, олар хабарласып тұруға келіседі. Біраз уақыт өте әлгі жігіт Бретке: “Бауырласым, Ехоба менің дұғаларымды естіді. Мен осы жексенбіде Патшалық сарайына барамын”,— деп жазды. Ол Францияда Ехоба куәгерлерін тауып, зерттеу сабағын бастады, қауым кездесулеріне де баратын болды.

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу