Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • yb17 54—60 бет.
  • Америка

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Америка
  • 2017 жылғы Ехоба куәгерлерінің жылнамасы
  • Тақырыпшалар
  • “Мен сізбен бірге үйренемін”
  • Ол мұғалімін танымай қалды
  • Амазонада уағыздау
  • jw.org сайтының әсері күшті болды
  • Пасторға қойылған сұрақтар
2017 жылғы Ехоба куәгерлерінің жылнамасы
yb17 54—60 бет.
Анхель мен Исмаэль Брайль қарпінде оқып отыр

Мексика. Олар Брайль қарпін бірге үйренді

ДҮНИЕЖҮЗІ БОЙЫНША УАҒЫЗДАУ МЕН ТӘЛІМ БЕРУ ІСІ

Америка

  • ЕЛДЕР 57

  • ХАЛҚЫ 998 254 087

  • ЖАРИЯЛАУШЫЛАР 4 154 608

  • ЗЕРТТЕУ САБАҚТАРЫ 4 353 152

“Мен сізбен бірге үйренемін”

Мексикада тұратын Исмаэль есімді кісі Киелі кітапты түгел оқып шықпақ болады. Сөйтіп, оны бір жыл ішінде екі рет оқып шығады. Бірақ кейін ол жанарынан айырылады. Бірнеше жыл өте ол Анхель деген Ехоба куәгерімен танысып, Құдайдың болашаққа қатысты уәделері туралы естиді. Бұл жайында көбірек білгісі келгенмен, Исмаэль оған: “Менің көзім көрмейді ғой, Киелі кітапты оқи алмаймын”,— дейді. Сонда Анхель: “Еш уайымдамаңыз, мен сізге Брайль қарпін үйретемін”,— деп көңілін орнықтырады. “Сіз Брайль қарпін білесіз бе? — деп сұрағанда, Анхель: — Жоқ, мен сізбен бірге үйренемін”,— деп жауап береді. Исмаэль бұған сенер-сенбесін білмейді. Анхель болса үйіне барған соң, Брайль қарпін қалай үйренуге болатынын оқып-зерттейді де, картон қағазға сипап оқуға болатын бүдірлі-нүктелі белгілерді түсіреді. Сосын Исмаэльге соларды оқуды үйретеді. Көп ұзамай Исмаэль Брайль қарпін меңгеріп алады да, қауым кездесулеріне келе бастайды, Брайль қарпіндегі басылымдарымызды да оқиды. Анхель қазір төрт зағип кісімен зерттеу сабағын өткізіп жүр. Олар жұмақта қайтадан көздері көретін кез туралы әңгімелескенді жақсы көреді.

Ол мұғалімін танымай қалды

Құрама Штаттардағы 14 жасар Виена былай дейді: “Бірде қоғамтану пәнінен беретін мұғаліміміздің орнына сабақ өткізген ағай дін туралы әңгіме бастады. Кейбір діндерді атап шығуды сұрағанда, мен Ехоба куәгерлері жайлы айттым. Сыныптастарым маған күліп, біздің бекерге адамдардың уақытын алып, ерігіп жүргенімізді, берген әдебиетімізді лақтырып тастайтындарын айтты. Ағай да оларға қосылып, бізді жамандады.

Мен іштей Ехобадан уағыздауға батылдық сұрадым. Сосын олардың уақыттарын алғымыз келмейтінін, бірақ Ехоба бізге Киелі кітаптағы ақыл-кеңесті жұртқа айтуды тапсырғанын түсіндірдім. Әдебиеттерімізді де лақтырмауды өтіндім, солардың арқасында жақсы жаққа өзгере алатындарын, тіпті аман қалатындарын айттым. Сонда ағай менен кешірім сұрап, келесі жолы Куәгерлер келгенде есік ашып, тыңдаймын, әдебиеттерін де оқимын деп уәде етті. Бірақ мен оның шынымен де сөйтетініне сене қоймадым.

Мен оны төрт айдан кейін тағы көрдім. Сөйтсем, ол зерттеу сабағын бастапты! Ал жарты жылдан кейін, уағыздағаныма рақмет айту үшін ол мені мектепке іздеп кепті. Сақалын алып, шашын қырқып тастағандықтан, мен оны танымай қалдым. Қазір ол — шомылдыру рәсімінен өтпеген жариялаушы”.

Амазонада уағыздау

Былтыр Бразилиядағы Ехоба куәгерлері ұлан-ғайыр Амазона өңіріне ерекше назар аударды. Онда ізгі хабарды естіп көрмеген адам көп. Басқарушы кеңес осыны ескеріп, Амазонаның оқшау аймақтарында тұратын мыңдаған адамға уағыздау үшін бір жылдық арнайы науқан жүргізуге рұқсат етті.

Бразилиядағы жариялаушылар Амазонаның оқшау аймақтарында уағыздап жүр

Бразилия. Амазонада уағыздау

Жергілікті филиал Амазона өзенінің ауқымды су жолдарының бойындағы 53 қалашықтың тұрғындарына бір жыл ішінде Патшалық хабарын жеткізуді ұйғарды. Науқанға қатысуға төрт ай ішінде 6500 жариялаушы ықылас білдірді.

Бірде-бір жариялаушы жоқ шалғайдағы Анаман қалашығына он бауырлас барып, сол жерде 11 күн болды. Олар 12 500-ден астам әдебиет таратты және 200-дей зерттеу сабағын бастап, қазір зерттеуді телефон арқылы жалғастыруда. Сонда жүргендерінде бауырластар қауым кездесулерін де өткізді. Кетер алдында өткізілген кездесуге 90 адам келгенде, олар қатты қуанды. Бұл науқанның толық нәтижесін келешек көрсетеді.

jw.org сайтының әсері күшті болды

Венесуэлада тұратын Хейзл мен Мариана алты жылдан бері бір сыныпта оқиды. Мариана Хейзлді Ехоба куәгері болғаны үшін жиі келеке-мазақ ететін. Ол Хейзлді өмірдің бар қызығынан құр қалып жүр деп ойлайтын. Бірде Мариананың тағы бір келеке-мазағынан кейін, Хейзл оған: “Мариана, біздің jw.org сайтымызға кіріп көрші. “Бейнематериалдар” бөліміндегі “Жасөспірімдер” деген түймені шерт”,— дейді.

Түстен кейін Мариана оған телефон соғып: “Сенің неге өзіңді бұлай ұстайтыныңды енді түсіндім”,— дейді. Оның не айтқысы келгенін түсінбеген Хейзл: “Мені тағы да мазақтап тұрсың ба?”— деп сұрайды. Сонда Мариана: “Жоқ, мен енді сені ешқашан мазақтамаймын. “Өмірдің қызығын көру” деп жүргенім, шындығына келгенде, көптеген проблемамның себебі болған екен. Бұны сенің арқаңда түсіндім”,— дейді. Осы жағдайдан кейін Мариана зерттеу сабағын бастады. Қазір ол қауым кездесулерінен қалмайды.

Пасторға қойылған сұрақтар

Гаитиде тұратын Жеруль есімді бір әйел өзі барып жүрген шіркеуде хатшы болып жұмыс істейтін. Ол қойған сұрақтарының бәріне Куәгерлердің Киелі кітапты қолданып жауап бергеніне қатты таңғалады. Содан қызы екеуі Киелі кітапты зерттеуге келіседі. Біліп жатқандарын қатты ұнатып, олар аптасына екі мәрте зерттегісі келеді.

Үш айдан кейін Жеруль шіркеуіндегі пасторға келіп, келесідей төрт сұрақ қояды: “Иса қай жылы патша тағына отырды? Жақсы адамдар өлген соң қайда барады? Жаман адамдар ше? Иса айқышта өлтірілді ме, бөренеде ме?” Сонда пастор екінші және үшінші сұрақтың ғана жауабын білетінін айтады. Ол былай дейді: “Ехоба куәгерлері аспанға 144 000 адам барады деп есептейді. Бірақ менің айтарым — Құдайдың еркін орындайтындардың бәрі көкке барады. Ал жаман адамдар мәңгілік бойы тозақта жанады”. Жеруль пастордан айтқандарын дәлелдейтін тармақтарды сұрағанда, ол ештеңе көрсете алмайды. Бұдан көңілі қалған Жеруль Киелі кітапты зерттей беруге бекінеді. Сөйтіп, ол шіркеуден біржола кетіп қалады. Жеруль шіркеуге барып жүрген 30 жылға қарағанда, Ехоба куәгерлерімен зерттеген үш айда әлдеқайда көп білгенін айтты. Жақында Жеруль мен қызы шомылдыру рәсімінен өтті. Қазір екеуі ауылдарындағы 23 адаммен Киелі кітапты зерттеп жүр.

Гаитиде Жеруль мен қызы жас қызбен зерттеу сабағын өткізіп отыр

Гаити. Жеруль мен қызы көп зерттеу сабағын өткізеді

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу