ГРУЗИЯ
Киелі кітапта не айтылғанын мен өз көзіммен көрдім
Пепо Девидзе
ТУҒАН ЖЫЛЫ: 1976
ШОМЫЛДЫРУ РӘСІМІНЕН ӨТКЕН ЖЫЛЫ: 1993
ҚЫСҚАША МӘЛІМЕТ: Грузин православ шіркеуінің ілімдеріне сай тәрбиеленіп, салт-жораларын қатаң ұстанған. Шындықты білген соң, күйеуімен Бетелде қызмет еткен. Қазір екеуі арнайы ізашар.
МЕН Куәгерлер жайлы алғаш рет Кутаисиде колледжде оқып жүргенде естідім. Көршім маған Куәгерлердің икондарға табынбайтынын, Исаны Құдіреті шексіз Құдай деп мойындамайтынын айтты. Бұл менің жүрегіме жақын православ дінінің ілімдеріне қайшы еді.
1992 жылы жазда туған қалам Цагериге келгенде, мұнда да Куәгерлердің уағыздап жүргендерін білдім. Анам олар туралы көп жылы лебіз естіген екен. Мен оларды жақтырмай жүргендіктен, анам маған: “Барып, олардың не үйретіп жүргенін өзің көріп кел”,— деді.
Көршілеріміздің біріне Павлэ мен Паата есімді ізашарлар келіп тұратын. Көршілеріміздің біразы сол үйге барып, екеуінің айтқандарын тыңдап, өздерінің сұрақтарын қоятын. Сол жерге мен де барып, тыңдап көрейін дедім. Мен сұрақ қойған сайын, бауырластар Киелі кітапты ашып, жауабын өзіме оқытатын. Бұл маған қатты әсер етті: Киелі кітапта не айтылғанын мен өз көзіммен көрдім!
Көп ұзамай мен бауырластар Киелі кітапты зерттеп жүрген топқа қосылдым. Ал жазда сол топтағы 10 адам шомылдыру рәсімінен өттік. Кейінірек анам да Ехоба куәгері болды.
Сол кезде бауырластардың сұрақтарымның жауабын Киелі кітаптан өзіме оқытқанына мен сондай ризамын. Олардың осылай еткені өз дінімнің ілімдеріне қатысты ішкі күресімде бір жаққа шығуға көмектесті. Бүгінде мен Киелі кітапты ашып оқып беру қаншалықты маңызды екенін түсінемін, өзгелерге шындықты айтқанда, солай етемін.