Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • yb17 106—107 бет.
  • Ол Ехобадан басшылық сұрады

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Ол Ехобадан басшылық сұрады
  • 2017 жылғы Ехоба куәгерлерінің жылнамасы
  • Ұқсас мәлімет
  • Мәсіхшілердің сүйіспеншілігі ешқашан сарқылмайды
    2017 жылғы Ехоба куәгерлерінің жылнамасы
  • Мен басыма бақ қонғандай сезімде едім
    2017 жылғы Ехоба куәгерлерінің жылнамасы
  • Киелі кітапта не айтылғанын мен өз көзіммен көрдім
    2017 жылғы Ехоба куәгерлерінің жылнамасы
  • Күйеуім тоқтай алмай оқыды!
    2017 жылғы Ехоба куәгерлерінің жылнамасы
Көбірек мәлімет
2017 жылғы Ехоба куәгерлерінің жылнамасы
yb17 106—107 бет.

ГРУЗИЯ

Ол Ехобадан басшылық сұрады

Тамази Библаиа

  • ТУҒАН ЖЫЛЫ: 1954

  • ШОМЫЛДЫРУ РӘСІМІНЕН ӨТКЕН ЖЫЛЫ: 1982

  • ҚЫСҚАША МӘЛІМЕТ: Астыртын әдебиет басуға көмектескен. Сондай-ақ төрт баласын өсіре жүріп, Грузиядағы алғашқы аралаушы бақылаушылардың бірі болған.

Тамази Библаиа

ӘЙЕЛІМ Цицо екеуміз Ехоба куәгері болғанымызда, анам қатты ренжіді. Бірде ол Куәгерлермен қатынасымызды үзуге ықпал етсін деп, бар туған-туысымызды жинады. Олар маған шарт қойды: мен шындықты тастауым не туыстарыммен қатынасты үзуім керек еді.

Мен қаладан кетуді шештім. Содан Грузияның екінші ірі қаласы Кутаисиге көшпек болдым. Себебі темір ұстасына ол жерде жұмыс табылар еді. Кутаисиде жариялаушылар да жетіспейтінін білуші едім. Сондықтан Ехобадан басшылық сұрадым.

Сөйтіп жүргенімде, Джвари деген қалашықта тұратын бір зерттеушімді кездестіріп қалдым. Кутаисиге көшпек ойымды білгенде, ол онда емес, өзі тұратын қалашыққа көшуімді сұрап қоймады. Ол: “Біздің пәтеріміз бар. Бала-шағамызбен бір бөлмеде тұра береміз, екіншісін сендерге босатып береміз”,— деді.

Ехобадан басшылық сұрағандықтан мен оған Джвариден жұмыс пен жалдайтын үй тауып алғанша ғана үйінде тұра тұратынымды айттым. Сол күні-ақ кешке әлгі зерттеушім қолына бірнеше жұмыстың тізімін ұстап үйге келгенде, мен таңғалдым.

Бірнеше күннен кейін отбасымызбен Джвари қалашығына көшіп келдік. Келген күні-ақ жалақысы өзім ойлағаннан әлдеқайда жоғары жұмыс таптым. Бастығым компанияның меншігіндегі үлкен үйге орналасуды ұсынды. Көшіп келгенімізге біраз болғанда бауырластар менен астыртын әдебиет басуға көмектесуімді сұрады. Біздің үйіміз үлкен еді, сондықтан әйелім екеуміз бұдан бас тартпадық.

Көп жылдар бойы үйімізде Еске алу кеші мен басқа да арнайы іс-шаралар өткізіліп тұрды. Біздің шаңырағымыздың астында 500-ден аса адам шомылдыру рәсімінен өтті! Кезінде Ехобаның басшылығын көре біліп, соған сай әрекет еткеніме қатты қуанамын!

Тамази Библаиа әйелімен бір ер кісімен Киелі кітапты зерттеу сабағын өткізіп жатыр
    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу