Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • yb17 128—129 бет.
  • Күйеуім тоқтай алмай оқыды!

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Күйеуім тоқтай алмай оқыды!
  • 2017 жылғы Ехоба куәгерлерінің жылнамасы
  • Ұқсас мәлімет
  • Киелі кітап оқудың қалай көп пайдасын көре аласыз?
    Мәңгі бақи өмірдің рақатын көріңіз! (интерактивті Киелі кітап сабақтары)
  • Ғасырлар бойы жасырын болған қазына
    2013 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
  • Балаларды оқуға баулу. 1-бөлім: Оқыған дұрыс па, әлде көрген бе?
    Отбасыңыз берекелі болсын
  • Оқуға көңіл бөл
    Теократиялық қызмет мектебінде білім аламыз
Көбірек мәлімет
2017 жылғы Ехоба куәгерлерінің жылнамасы
yb17 128—129 бет.

ГРУЗИЯ

Күйеуім тоқтай алмай оқыды!

Марина Копалиани

  • ТУҒАН ЖЫЛЫ: 1957

  • ШОМЫЛДЫРУ РӘСІМІНЕН ӨТКЕН ЖЫЛЫ: 1990

  • ҚЫСҚАША МӘЛІМЕТ: Марина мен күйеуі Бадри екі баласын өсіре жүріп, талмай уағыздады. Кейінірек Бадри жергілікті комитет мүшесі болды. 2010 жылы өмірден өткенге дейін ол адал қызмет етті.

Марина Копалиани

КҮЙЕУІМ екеуміз шындықты көршіміздің үйінде отырғанда, 1989 жылы естідік. Көршімізбен Киелі кітапты зерттеп жүрген Гиви Барнадзе бауырластың Киелі кітабы жоқ еді. Өйткені ол заманда грузин тілінде Киелі кітап табу оңай болмайтын.

Естігеніміз қатты ұнап, біз жеке Киелі кітабымыз болғанын қаладық. Сөйтіп, күйеуім ағасына Киелі кітап іздеп жүргенін айтты. Бір қызығы — ол жақында ғана грузин тіліндегі Киелі кітаптың соңғы аудармасын сатып алғанын, әрі оны Бадриге сыйлағысы келетінін айтты.

Содан Бадри үйге келді де, үстелдің басына отырып алып, қас қарайғанша Киелі кітап оқыды. Ертеңіне ұйқыдан тұрған соң, тағы да оқи бастады. Мен жұмыстан келсем, ол отырған жерінде әлі отыр екен. Күйеуім тоқтай алмай оқыды! Сондықтан мен оған бірнеше күн демалыс алып, Киелі кітапты аяғына дейін оқып шығуды ұсындым. Көп ұзамай ол оны түгел оқып бітірді.

Кейінірек Барнадзе бауырлас бізбен “Мәңгілік өмірге алып баратын шындық” кітабын зерттей бастағанда, өзіміздің Киелі кітабымыз болғанына күйеуім екеуміз қатты қуандық. Бұл өте жақсы болды, өйткені бізде “Шындық” кітабы, ал оқытушымызда Киелі кітап жоқ еді! Шамамен бір жылдан кейін Бадри екеуміз шомылдыру рәсімінен өттік.

Марина және Бадри Копалиани
    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу