Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • wp25 № 1 9-б.
  • Неге соғыстан көз ашпай кеттік?

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Неге соғыстан көз ашпай кеттік?
  • Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (көпшілікке арналған). 2025
  • Тақырыпшалар
  • Ұқсас мәлімет
  • КҮНӘ
  • БИЛІК ИЕЛЕРІ
  • ШАЙТАН МЕН ОНЫҢ ЖЫН-ПЕРІЛЕРІ
  • Соғыстың соңғы нүктесін кім қоймақ?
    Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (көпшілікке арналған). 2025
  • Құдайдың адамзатқа қатысты қалауы қандай?
    Киелі жазбалардан не білеміз?
  • Соғыстың әкелер зардабы
    Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (көпшілікке арналған). 2025
  • Адамдар не үшін өледі?
    Киелі кітап. Сұрақтар мен жауаптар
Көбірек мәлімет
Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (көпшілікке арналған). 2025
wp25 № 1 9-б.

Неге соғыстан көз ашпай кеттік?

Киелі кітапта соғыс атаулының түпкі себебі мен олардың неге еш тоқтамай кеткені түсіндіріледі.

КҮНӘ

Құдай алғашқы адамзат жұбы Адам ата мен Хауа ананы рухани жағынан өзіне ұқсас етіп жаратты (Мұсаның 1-жазбасы 1:27). Бұл дегеніміз — Құдайдың бойындағы татулық, сүйіспеншілік сияқты игі қасиеттер оларға да тән болған (Қорынттықтарға 1-хат 14:33; Жоханның 1-хаты 4:8). Алайда Адам мен Хауа Құдайдың тілін алмай, күнәға батты. Нәтижесінде бүкіл адамзат күнә мен өлімді мұра етті (Римдіктерге 5:12). Бойымызға туа біткен осы күнәнің кесірінен біз зұлым ойлар мен іс-әрекеттерге жақын келеміз (Мұсаның 1-жазбасы 6:5; Марқа 7:21, 22).

БИЛІК ИЕЛЕРІ

Құдай о баста адамның үстінен адам билегенін қаламаған. Киелі кітапта: “Адам тіпті өз қадамына бағыт бере алмайды”,— делінген (Еремия 10:23). Сол себептен де бүгінде билік иелері соғыс атаулыға біржола тоқтау қоя алмайды.

ШАЙТАН МЕН ОНЫҢ ЖЫН-ПЕРІЛЕРІ

Киелі кітапта: “Бүкіл дүние Шайтанның билігінде”,— делінген (Жоханның 1-хаты 5:19). Сондай-ақ онда Шайтанның қанішер жауыз екені айтылған (Жохан 8:44). Соғыс пен қатыгездіктің артында тұрған — Шайтан мен оның зұлым жын-перілері (Аян 12:9, 12).

Бұл орайда біздің қолымыздан келері шамалы. Бірақ Құдай бұған нүкте қоймақ.

Дін мен соғыс

Діни ұйымдар жиі соғысқа көз жұмып, оны ақтап я қолдап жатады. Мұндай діндер Киелі кітапта “Ұлы Бабыл” деп аталатын жалған діндердің қатарына жатады (Аян 18:2). Жер бетіндегі “өлтірілгендердің бәрінің қаны осы” Ұлы Бабылдың мойнында. Сондықтан Құдай олардан сұрау алатын болады (Аян 18:24). Бұл жайлы көбірек мәліметті jw.org сайтындағы “Ұлы Бабыл деген не?” деген мақаладан таба аласыз.

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу