Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • wp25 № 1 4—5 бет.
  • Соғыстың әкелер зардабы

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Соғыстың әкелер зардабы
  • Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (көпшілікке арналған). 2025
  • Ұқсас мәлімет
  • Соғыс қашан тоқтайды? Бұл туралы Киелі кітапта не делінген?
    Сан түрлі тақырыптар
  • Триллиондаған шығын. Соғыстың нағыз құны қанша?
    Сан түрлі тақырыптар
  • Соғыстың соңғы нүктесін кім қоймақ?
    Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (көпшілікке арналған). 2025
  • Соғыс
    Ояныңдар! 2017
Көбірек мәлімет
Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (көпшілікке арналған). 2025
wp25 № 1 4—5 бет.
Коллаж: 1. Танктің алдына түсіп келе жатқан сарбаз. 2. Соғыстан зардап шеккен ұлттары әртүрлі ерлер, әйелдер мен балалар.

Соғыстың әкелер зардабы

“Екінші дүниежүзілік соғыс кезінен бері болған қарулы қақтығыстардың саны бүгінде ең жоғарғы көрсеткішке жетіп отыр: 2 миллиард адам, яғни бүкіл адамзаттың төрттен бір бөлігі, осындай қақтығыстар болып жатқан жерлерде тұрады”.

БҰҰ-ның бас хатшысының орынбасары Амина Джейн Мохаммед, 26 қаңтар, 2023 жыл.

Соғыс пен қарулы қақтығыс бейбіт өмір кешіп жатқан елдерде әп-сәтте басталып кетуі мүмкін. Соғыс ошағынан алыс жатқан елдер де зардап шегеді, өйткені бүгінде елдер бір-бірімен біте қайнасып жатыр. Соғыстың салған ауыр жарасы, әсте, ұзақ уақыт жазылмайды. Мұның бірнеше мысалын көрейік.

  • Бос табақты ұстап тұрған екі қолдың суреті.

    Азық-түлік тапшылығы. Дүниежүзілік азық-түлік бағдарламасының мәлімдеуінше, “соғыс аштықтың бірден-бір себепшісі болып отыр. Бір үзім нанға жарымай жүрген адамдардың 70 пайызы соғыс болып жатқан аумақтарда тұрып жатыр”.

  • Бетін екі қолымен жауып тұрған әйелдің суреті.

    Тән мен жан азабы. Соғыстың әкелер зардабы кім-кімді де титықтатып жібереді. Мұндайда адамның тән саулығына да, жан саулығына да қауіп төнеді. Бір өкініштісі, олардың дертіне дауа болар дәрігердің көмегі тапшы болып жатады.

  • Үлкен дорбаларын асынып бара жатқан отбасының суреті.

    Бассауғалау. 2023 жылдың қыркүйегінде әлем бойынша 114 миллионнан аса адам үйлерін тастап кетуге мәжбүр болған (БҰҰ-ның босқындар ісі жөніндегі жоғарғы комиссарының басқармасының есебіне сай). Халықты бұған мәжбүрлеген сұрқия соғыс болып отыр.

  • Қарапайым үйдің алдында тұрған отбасының суреті.

    Экономикалық қиындықтар. Соғыс жиі қымбатшылыққа алып келеді. Денсаулық пен білімге арналған қаражат соғыстың қажетіне жұмсалғандықтан, бұдан қарапайым халық жапа шегеді. Ал соғыс біткеннен кейін келтірілген залалдың орнын толтыру қиынның қиыны болады.

  • Құбырдан ағып жатқан майдың суреті.

    Қоршаған ортаның ластануы. Адамдардың күнделікті тәндік қажетін қамдайтын табиғат ресурстары бүлінгенде, бұның зардабы ауыр болады. Судың, ауаның, топырақтың ластануы денсаулыққа айтарлықтай зақым келтіреді. Соғыс біткеннен кейін жердің астында қалып қойған миналардың қаупі ұзақ уақытқа сақталады.

Көріп отырғанымыздай, соғыстың кесапаты еш өлшеуге келмейді.

Соғыс жайлы пайғамбарлық

Киелі кітапта алдын ала айтылғандай, соғыс пен қарулы қақтығыстар — “осы заманның аяқталып қалғанын” көрсететін белгілердің бірі (Матай 24:3). Бұл жайлы Иса пайғамбар былай деп айтып кеткен еді:

  • “Жақын маңдағы және алыстағы соғыстар туралы естисіңдер... Ұлт ұлтқа қарсы, мемлекет мемлекетке қарсы аттанады” (Матай 24:6, 7).

  • “Соғыстар мен көтерілістер жайлы естігенде, бұған үрейленбеңдер” (Лұқа 21:9).

    Мұндағы “көтеріліс” деген сөз адамдардың саяси мәселелерге қатысты бір-бірімен соғысуын және үкіметке қарсы шығуын білдіреді.

Көбірек білу үшін jw.org сайтынан “Ақырзаманның белгісі қандай?” деген мақаланы қараңыз.

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу