Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • wp25 № 1 3-б.
  • Соғыстың салған жарасы

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Соғыстың салған жарасы
  • Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (көпшілікке арналған). 2025
  • Тақырыпшалар
  • Ұқсас мәлімет
  • САРБАЗДАР
  • ЕЛ ТҰРҒЫНДАРЫ
  • Дүрбелең заманда жаны жай тапқандар
    Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (көпшілікке арналған). 2025
  • Украинадағы соғыстың басталғанына бір жыл болды. Киелі кітап қандай үміт береді?
    Сан түрлі тақырыптар
  • Триллиондаған шығын. Соғыстың нағыз құны қанша?
    Сан түрлі тақырыптар
  • Соғыстың әкелер зардабы
    Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (көпшілікке арналған). 2025
Көбірек мәлімет
Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (көпшілікке арналған). 2025
wp25 № 1 3-б.
Коллаж: 1. Жыртылған суретте сарбаз бетінің жоғарғы жағы көрініп тұр. 2. Жыртылған суретте егде тартқан әйел бетінің жоғарғы жағы көрініп тұр.

Соғыстың салған жарасы

Соғыс пен қарулы қақтығыстар кім-кімнің де қабырғасын қайыстырары анық. Мұны өз басынан өткізген сарбаздар мен ел тұрғындары дүниенің қай бұрышынан да табылады.

САРБАЗДАР

“Қайда қарасаң да, жараланған, я мерт болған адамдарды көресің. Мұндайда үнемі жаныңды шүберекке түйіп жүресің” (Гэри, Британия).

“Менің бетіме және арқама оқ тиді. Қаншама адам көз алдымда мерт болды. Оның ішінде балалар да, қарттар да бар. Осының бәрін көре беріп, қатуланып кетеді екенсің” (Уилмар, Колумбия).

“Біреуді атып кеткенін көру — бір қасірет. Бұл санаңа тайға таңба басқандай жазылып қалады екен. Оның шыңғырып, ыңырсып жатқаны ойыңа келе береді. Мұны еш ұмыта алмайсың” (Зафира, Құрама Штаттар).

ЕЛ ТҰРҒЫНДАРЫ

“Енді ешқашан бақытты болмаймын деп ойладым. Өз өмірім үшін қорқатыным рас, бірақ достарың мен отбасыңды одан да қатты уайымдайды екенсің” (Олександра, Украина).

“Тамақ алу үшін кезекте 20 сағаттан аса қорқып-дірілдеп тұрамыз. Өйткені ойда жоқта оқтың астында қалуың мүмкін” (Далер, Тәжікстан).

“Соғыс мені ата-анамнан айырып, жетім қалдырды. Мені енді жұбататын да, қамқорлайтын да ешкім жоқ” (Мэри, Руанда).

Соғыстың адам айтқысыз зардабына қарамастан, бұл кісілер жантыныштығына ие болды. Бұған қоса, олар қанқұйлы соғыс атаулыға жақында нүкте қойылатынына сенімді. Киелі кітапта мұның қалай жүзеге асатыны айтылған. “Күзет мұнарасының” осы санында бұл тақырыпты кеңінен тарқататын боламыз.

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу