Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • wp25 № 1 14—15 бет.
  • Дүрбелең заманда жаны жай тапқандар

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Дүрбелең заманда жаны жай тапқандар
  • Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (көпшілікке арналған). 2025
  • Ұқсас мәлімет
  • Соғыстың салған жарасы
    Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (көпшілікке арналған). 2025
  • Киелі кітапта не делінген?
    Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (көпшілікке арналған). 2017
  • Тыныштық. Оған қалай қол жеткізуге болады?
    Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (зерттеуге арналған). 2018
  • Құдай қайғы-қасіретке қалай қарайды?
    Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (көпшілікке арналған). 2018
Көбірек мәлімет
Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (көпшілікке арналған). 2025
wp25 № 1 14—15 бет.
Соғыстың кесірінен қолынан айырылған қарт кісі мүгедек арбасында отырып, жанұясымен бірге далада тамақтануда.

Дүрбелең заманда жаны жай тапқандар

Бұрын әскерде қызмет еткен Гэри есімді кісі былай дейді: “Киелі кітапты зерттемес бұрын, мен “Әділетсіздік пен қатыгездіктен неге көз ашпай кеттік?” деп уайымдайтын едім. Бірақ қазір Ехоба Құдай жер бетіне тыныштық орнататынын білгендіктен көңілім тыныш”.

Гэри сияқты Киелі кітапты оқып, дертіне дауа тапқандар аз емес. Солардың бірер мысалын қарастырайық.

КИЕЛІ КІТАПТА БЫЛАЙ ДЕЛІНГЕН: “Уа, Ехоба, сен ізгі әрі кешіруге дайынсың” (Зәбүр 86:5).

ТИГІЗЕР ПАЙДАСЫ: “Осы тармаққа қарап Ехобаның қаншалықты мейірімді екенін түсіндім. Құдай бұрын соғыста жасаған істерімнің бәрін кешіруге дайын” (Уилмар, Колумбия).

КИЕЛІ КІТАПТА БЫЛАЙ ДЕЛІНГЕН: “Мен жаңа аспан мен жаңа жер жаратып жатырмын, Бұрынғы жайттар еске алынбайды, Жүрекке қаяу да түсірмейді” (Ишая 65:17).

ТИГІЗЕР ПАЙДАСЫ: “Кезінде соғысқа қатысқандықтан, мен травмадан кейінгі стрестік бұзылыс пен депрессияға шалдықтым. Бірақ осы тармақ маған жұбаныш береді, өйткені Ехоба болашақта жанымды жегідей жеген ойлар мен қорқынышты түстерден толықтай арылтады. Санамдағы жағымсыз ойлардан мәңгіге азат боламын. Сол тамаша уақытты асыға күтудемін!” (Зафира, Құрама Штаттар).

КИЕЛІ КІТАПТА БЫЛАЙ ДЕЛІНГЕН: “Оның заманында әділ жан өркендейді, Аспанда ай тұрған кездің бәрінде шартарапта тыныштық болады” (Зәбүр 72:7).

ТИГІЗЕР ПАЙДАСЫ: “Мен осы сөздер жайлы жиі ойланамын. Өте жақында соғыс бізге еш қиянат әкелмейтін болады, жақындарымыздың амандығын ойлап уайымдамаймыз” (Олександра, Украина).

КИЕЛІ КІТАПТА БЫЛАЙ ДЕЛІНГЕН: “Сенің өлген адамдарың өмір сүреді... Ей, қара жердің қойнында жатқандар, Ояныңдар, қуана дауыстаңдар!” (Ишая 26:19).

ТИГІЗЕР ПАЙДАСЫ: “Тутси тайпасына қарсы жасалған геноцидте отбасымның барлығы дерлік өліп кетті. Бірақ осы тармақты оқығанда, оларды қайта көретініме үмітім пайда болды. Олардың жарқын даусын қайта еститін кезді асыға күтіп жүрмін!” (Мэри, Руанда).

КИЕЛІ КІТАПТА БЫЛАЙ ДЕЛІНГЕН: “Көп ұзамай зұлымдар жоқ болады... Ал момындар жерді мұра етеді, Керемет тыныштық орнағанын көріп, шаттыққа кенеледі” (Зәбүр 37:10, 11).

ТИГІЗЕР ПАЙДАСЫ: “Соғыс тоқтағанмен, әділетсіздік пен зұлым адамдар әлі де бар. Сол себепті де осы тармақтар маған қанат бітіреді. Ехоба бәрін де көріп тұр, ол жағдайымды жақсы түсінеді. Жуырда ол қайғы-қасіретті жоямын деп уәде етіп отыр. Оларды тіпті ойға да алмайтын боламыз” (Далер, Тәжікстан).

Осы журналда келтірілген адамдар миллиондаған Ехоба куәгерінің қатарына қосылып, Киелі кітаптан жұбаныш тапты. Олар адамдарды ұлтына, нәсіліне, руына бола не басқа да себептермен жек көрмеуді үйренді (Ефестіктерге 4:31, 32). Ехоба куәгерлері саяси бейтараптық сақтап, ешкімнің жағына шықпайды (Жохан 18:36).

Сондай-ақ Ехоба куәгерлері бір үйдің адамдарындай дүниежүзіндегі бауырластарына қолдау көрсетеді (Жохан 13:35). Басында айтылып кеткен Олександра сіңлісімен бірге соғыстың кесірінен елден қашуға мәжбүр болды. Ол былай дейді: “Шегарадан өте сала, бізді күтіп тұрған жергілікті Куәгерлерді көрдік. Олар бізді қолдап, демеп, жаңа елге сіңісіп кетуге көмектесті”.

Біз сізді шын жүректен қауым кездесулеріне шақырамыз! Ол жерде сіз Киелі кітаптың үміт берер хабары және оның пайдасы жайлы көбірек біле аласыз. Өзіңізге жақын жерде өтетін кездесуді jw.org сайтынан таба аласыз. Сондай-ақ тегін интерактивті Киелі кітап курсына өтініш толтыра аласыз. Бұл курсты Ехоба куәгерлерінің бірі “Мәңгі бақи өмірдің рақатын көріңіз!” кітабының көмегімен өтетін болады.

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу