Күзет мұнарасының ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Күзет мұнарасының
ОНЛАЙН КІТАПХАНАСЫ
Қазақ
ә
  • ә
  • і
  • ң
  • ғ
  • ү
  • ұ
  • қ
  • ө
  • һ
  • КИЕЛІ КІТАП
  • БАСЫЛЫМДАР
  • КЕЗДЕСУЛЕР
  • w22 шілде 31-б.
  • Оқырман сауалдары

Бұл таңдауда видео жоқ.

Кешіріңіз, видеоны жүктеу кезінде қате шықты.

  • Оқырман сауалдары
  • Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (зерттеуге арналған). 2022
  • Ұқсас мәлімет
  • Шындық “татулық емес, семсер” әкеледі
    Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (зерттеуге арналған). 2017
  • Бір дінді ұстанбайтын отбасылар бақытты бола алады
    2012 жылғы Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды
  • Туыстарыңызбен араңыз ажырамасын
    Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (зерттеуге арналған). 2026
  • Бауырласымыздың сенбейтін жарына қалай куәлік бере аламыз?
    Біздің қасиетті қызметіміз. 2010
Күзет мұнарасы Ехоба Құдайдың Патшалығын жариялайды (зерттеуге арналған). 2022
w22 шілде 31-б.

Оқырман сауалдары

Исаның “мені татулық әкелуге келді деп ойламаңдар” дегені нені білдіреді?

Иса адамдарды татулыққа үндеген. Бірақ бірде ол шәкірттеріне: “Мені жер бетіне татулық әкелуге келді деп ойламаңдар. Мен татулық емес, семсер әкелуге келдім. Өйткені мен ұлын әкесінен, қызын шешесінен, ал келінін енесінен ажыратуға келдім”,— деген (Мат. 10:34, 35). Бұнымен Иса не айтқысы келді?

Иса отбасы мүшелерін бір-бірінен ажыратуды көздемеген. Бірақ үй ішіндегілердің кейбірі оның тәлімін қабылдамаса, бұл отбасында бөлінушілікке әкеп соғар еді. Шомылдыру рәсімінен өтіп, Исаның шәкірті болғысы келетін адам мұны түсініп алуы керек еді. Ол кейін жұбайынан немесе отбасының басқа да мүшелерінен қарсылық көрсе, оған Мәсіхтің тәлімдерін берік ұстану оңайға соқпайтын.

Киелі кітап мәсіхшілерді “барлық адамдармен тату болуға” шақырады (Рим. 12:18). Бірақ Исаның тәлімдері кейбір отбасыларға “семсердей” әсер етуі мүмкін. Бұл жағдай үйдегі бір адам Мәсіхтің тәлімін қабылдап, қалғандары қабылдамағанда я тіпті оған қарсы шыққанда орын алады. Осылай, шындықты үйреніп жатқан “адамға өз үй ішіндегілері дұшпан болады” (Мат. 10:36).

Анасы жалынып тұрса да, қызы сеніммен кетіп бара жатыр. Қолында “Мәңгі бақи өмірдің рақатын көріңіз!” кітабы бар.

Егер мәсіхшінің отбасы басқа дінді ұстанатын болса, оған Ехоба мен Исаны қуанта ма немесе отбасының көңілінен шыға ма — соны таңдау керек жағдайлар болады. Мысалы, үй іші оны діни мейрамдарды тойлауға қыспақтауы мүмкін. Сол кезде мәсіхші кімді қуантады? Иса: “Кімде-кім әкесін не шешесін менен артық көрсе, сол шәкіртім болуға лайық емес”,— деген (Мат. 10:37). Әрине, Иса оның шәкірті болуға лайықты болуымыз үшін енді ата-анамызды жақсы көрмеуіміз не азырақ жақсы көруіміз керек деп тұрған жоқ. Ол жай ғана не нәрсенің маңыздырақ екенін көрсеткісі келді. Егер жақындарымыз Құдайға ғибадат етуге қарсылық білдірсе, біз оларды жақсы көруді тоқтатпаймыз. Бірақ бірінші кезекте Ехобаны жақсы көруіміз керек екенін түсінеміз.

Өз жақындары өзіне қарсы шыққаны, әрине, кім-кімге де ауыр тиеді. Дегенмен Исаның шәкірттері “кім азап бағанасын алып, соңымнан ермесе, сол шәкіртім болуға лайық емес” деген сөздерді естерінде ұстайды (Мат. 10:38). Яғни олар үй ішінің қарсылығын Мәсіхтің шәкірттері дайындықпен төтеп беретін азаптардың бірі деп есептейді. Дегенмен олардың жақсы жүріс-тұрыстарын көріп, бір күні туыстарының жүректері жібиді деп және Киелі кітаптағы хабарға құлақ түреді деп үміттене береді (Пет. 1-х. 3:1, 2).

    Қазақ тіліндегі басылымдар (1997—2026)
    Шығу
    Кіру
    • Қазақ
    • Бөлісу
    • Баптаулар
    • Copyright © 2026 Watch Tower Bible and Tract Society of Pennsylvania
    • Пайдалану тәртібі
    • Құпиялық саясаты
    • Құпиялық параметрлері
    • JW.ORG
    • Кіру
    Бөлісу